1.Визитка
Армысыздар барша көрермен қауым!
Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар –деп бабаларымыздың қалтырған аталы сөзді өмірлік ұстаным етіп алып,мен бүгінгі сайысқа Жалтыр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінен қатысып отырмын.Жеңіске жетудің бірде бір жолы ол өз-өзіне деген сенімдік пен білімділігін деп ойлаймын,аталған осы қасиет бугін өз бойымнан табылатынына сенемдімін.Бүгінгі сайсқа қатысушыларға сәттілік тілеймін.
2. Шешендік өнер Қазақстан жетістігі Біз – қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып,көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне жазған ұрпақпыз.
Қай халықтың да ұлы мұраты,ең ізгі арманы-ел болу,тәуелсіздік туын биік ұстау,азат ғұмыр кешу.Ата –бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн-қасиетті Тәуелсіздік күні.Биылғы жылы осы қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.
Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері.
Ақпейіл,дарқан көңіл халқымыз бар,
Болғанда бірі-батыр,бірі-сері.
Әз бабам азаттықты ансап өткен.
Ел үшін талай санлақ шейіт кеткен.
Солардың құдыретті ой-арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.
Осы 30 жылдағы жеткен жетістіктеріміз өткен күннің жемісі болып саналады.Олай болса өткен тарихымызға шолу жасайық.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы-тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет.
1992 жылы 3-нурызда Қазақстан ББҰ-ға мүше болды.
1992 жылы 4-маусымда мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
1993 жылы 28-қантар ҚР алғашқы Конституциясы қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада ҚР ұлттық валютасы теңге айналымға еңгізілді.
1994 жылы 30-маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан әлеміне айлық сапарға аттанды.
1995 жылы 1-наурызда ҚР Президенті Қазақстан халықтары Ассамблеясы ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында құрылды.
1995 жылы 30-тамызда еліміздің ата заңы –Конституция қабылданды.
1997 жылы 10 қазанда «Қазақстан 2030» стратегиясы жарияланды.
1997 жылы 10-желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
1998 жылы 10 маусымда жаңа астана ретінде Астананың тұсаукесері болды.
2003 жылы діни құрылтай съезі өтті,әр үш жыл сайын өткізіледі
2010 жылы ҚР ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.
2017 жылы ҚР дүниежүзілік ЕКСПО көрмесін ұйымдастырды.
Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды,осы жылдары 750 жаңа мектеп,сонымен қатар 5300 мектепке дейін мекемелер ашылды.
Елімізде әртүрлі компаниялар,акционерлік қоғамдар,фирмалар жұмыс атқаруда.Оның ірілері «Каз МұнайГаз»,КЕГОК,»Қазақтелеком», «Қазақстан теміржолы». Қазақстан белсенді сыртқы саяси қызметі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының халықаралық бастамаларының арқасында Еуразиялық экономикалық одақ, ШЫҰ және Түркі Кеңесі сияқты ұйымдарды құруда негізгі рөл атқарды. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып ЕҚЫҰ саммитін және ЭКСПО дүниежүзілік көрмесін өткізді. Қазақстан ТМД-да оны өткізген алғашқы ел болды.Осындай салтанаты жарасқан еліміздің жетістіктерін асырып асқақтату біздің қолымызда.Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болсын! Видеоролик жасау 3 минуттық