Жылжымалы типтегі сейсмикалық оқшаулағыш тірек конструкцияларындағы ғимарат конструкциялары сейсмикалық әсерден жылжитын күш іске қосылу шегіне жеткенге дейін құрғақ үйкеліс күштері есебінен негізбен қатты байланыста болады. Шекті мән үйкеліс беттерінің пішініне және жылжымалы белдікте пайдаланылатын материалдарға байланысты. Бұл белдіктің жұмысында маңызды болып тербеліс энергиясының жұтылуы және сейсмикалық оқшаулағыш құрылғының тірек элементтерінің салыстырмалы сырғуы кезінде оның шашырауы табылады. Сырғанау беттерінің нысанына байланысты осы типтегі сейсмикалық оқшаулағыш құрылғылар 2 топқа бөлінеді: 1) қайтарылмайтын; 2) гравитациялық қалпына келтіру күші бар конструкциялар.