1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
АРТ-ТЕРАПИЯ МҮМКІНДІКТЕРІ
оқу-әдістемелік құрал
Орал, 2016
2
УДК 159.9
Пікір жазғандар:
Сардарова Ж.И. - п.ғ.д., доцент
Кинжекова Р.С. - п.ғ.к., доцент
Құрастырушы авторлар:
Ергалиева Г.А. - п.ғ.к., доцент, педагогика факультетінің
деканы М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Жантуреева А.А. - аға оқытушы, магистр, «Жалпы
педагогика, психология және өзін-өзі тану» кафедрасының
меңгерушісі М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Мақсотова Т.Т. - оқытушы, магистр М.Өтемісов атындағы
БҚМУ
Ергалиева Г.А.
Арт-терапия
мүмкіндіктері:
Оқу-әдістемелік
құрал.
/Г.А.Ергалиева., А.А.Жантуреева., Т.Т.Мақсотова - Орал:
М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2016,-110 бет.
Бұл оқу-әдістемелік құралда, адамның шығармашылық
жағдайын
дамытып
қана
қоймай,
оның
бойындағы
ресурстарының мүмкіндігін түсініп, ашып және дамыту жолдары
көрсетілген.
Оқу-әдістемелік құрал – оқытушыларға, мектеп педагог-
психологтарына, студенттерге және мұғалімдерге арналған.
© Ергалиева Г.А., Жантуреева А.А., Мақсотова Т.Т. 2016.
© М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2016.
3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................4
ПСИХОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.......................................6
АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, НЕГІЗДЕРІ............17
Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру................20
Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын
мүмкіндіктер......................................................................................26
ПСИХОДРАМАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ...................................28
Психодраманың формалары мен түрлері........................................34
Психодраманың әдістемелері...........................................................40
ДЕНЕ ТЕРАПИЯСЫ......................................................................44
Дене терапиясындағы В. Райхтың орны.........................................45
Дене терапиясындағы Александер әдістері (ALEXANDER F. М.)......51
МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ...............54
МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК......................59
Музыкалық терапияның түрлері......................................................64
Музыкалық терапиядағы дыбыстардың маңызы...........................67
ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.............................69
Қазақ ертегілерінің қалыптасуы......................................................72
ИМАГОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК..................74
Құм терапиясы туралы түсінік.........................................................75
Құм терапиясының маңызы.............................................................78
ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.82
Физиотерапия әдістерінінің бірі –фототерапия.............................83
БИБЛИОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК..................................87
Библиотерапияның міндеттері мен артықшылықтары..................88
АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІН
ЖӘНЕ
ТРЕНИНГТЕРІН,
САБАҚ
БАРЫСЫНДА
ҚОЛДАНУ........................................................................................90
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................108
4
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі
ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі
психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір
Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала
Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға
толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты
айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел.
Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен
қалыптаспаған.
Арт-терапиямен
айналысу
үлкен
профессионалды
дайындықты, психология аймағында іргелі білімді талап ететін
қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар
жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген
қызығушылық өте жоғары.
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек
қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға,
әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер
психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде
қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.
Арт – терапия мәселесімен Қазақстанда зерттеген ғалым жоқ.
Арт – терапия мәселесімен әйгілі Австриялық ғалым
психоанализдің негізін салушы З.Фрейд, Швейцария ғалымы
К.Г.Юнг, Америкалық ғалым гуманитарлық психологияның
негізін салушылар К.Р.Роджерс және А.Маслоу. Қазіргі таңда арт
– терапия ғылымын Американдық М.Наумбург, Э.Крамер,
Л.Гантт,
Б.Болл.
Ресейлік
ғалымдар
А.И.Копытин,
Е.А.Медведева, И.Ю.Левченко, Л.Н.Комиссарова, И.В.Сусина,
Д.М.Лебедева, О.И.Качурина сынды ғалымдар көптеген арт –
терапияға байланысты еңбектер жазып, қорқыныш, үрей,
мазасыздық жағдайларына әсерін зерттеген болатын.
Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек
сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана
қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл
дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын
дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының
5
мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда
адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі
басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу
болып табылады. Түс көрген адамның сөзі: мен мұны сезініп
тұрмын бірақ қалай айтарымды және бейнелерімді білмеймін.
Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы австриялық ғалым
З.Фрейд айтқандай бұл барлық уақытта оңай емес. Яғни бұдан
шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде
ғана, сол кезде арт-терапия өз мақсатына жетіп, эффективті
болары сөзсіз.
6
ПСИХОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Психотерапия - бұл адамның психикасына ықпал етуші іс-
шаралар жүйесі, психологиялық көрсету формасы, сондай-ақ
сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық
психологияның
саласы.
Психотерапияны
шартты
түрде
психологиялық құралдармен адамдардың жүйке-психикалық
және психосоматикалық аурулары мен бұзылыстарын емдеумен
айналысатын дәрігерлік психотерапияға және дені сау адамға
(клиентке)
бағдарланған
және
оның
психологиялық
қиындықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп
бөледі.
Әдебиетте
"психотерапия"
ұғымының
көптеген
анықтамалары бар. Бұл көптеген психотерапевтік бағыттар мен
әдістердің болуымен байланысты. Чех ғалымы Станислав
Кратохвилу психотерапия психологиялық әдістердің көмегімен
әртүрлі ауруларды емдеу деп түсіндіреді. Ол аурулар психикалық
процестер мен тұлғаға, сондай-ақ дене қызметтеріне де қатысты
болуы мүмкін. Психологиялық әдістерге ең алдымен, сөйлеу –
тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әрқилы түрлері,
қоршаған ортамен манипуляциялау жатады. Психотерапияның
ортақ мақсаты клиенттерге ойлауы мен мінез-құлықтарын
өзгертуге, осылайша едәуір бақытты, өнімді болуға көмектесуде.
Ол мақсатқа жету үшін терапевт төменде көрсетілген неғұрлым
жеке сипаттағы міндеттерді шешеді:
-
клиенттің проблемаларын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
-
эмоциялық үйлесімсіздікті жояды;
-
сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды;
-
клиентті проблемаларды қалайша шешуге болатыны
жайлы жаңа идеялармен қамтамасыз етеді;
-
ойлау мен мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін терапевтік
ситуациядан тыс тексеріп көруге көмектеседі. Осындай
міндеттердің шешілуінде психотерапевт негізгі үш әдісті қолданады.
Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең
алдымен, клиентті көңіл қоя тыңдап, сын жағдайда оған кеңес
беруді білдіреді. Қолдау клиенттің күші мен іскерліктерін сезініп,
пайдалануға көмектесуде анықталады.
7
Екіншіден, бейімсіз мінез-құлықты жою және проблеманы
шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру.
Үшіншіден, клиенттің өзіндік ашылуына, инсайтқа жетуіне,
яғни мотивтерін, сезімдерін, дау-дамайлары мен құндылықтарын
жақсырақ түсінуге ықпал ету.
Рационалды
терапия
–
психотерапияның
клиентке
көзқарастарындағы қисынды қателерді көрсету арқылы оның
ойын түзетуге бағытталған әдісі. Р.Дюбуамен 1912 жылы
ұсынылған бұл әдіс психотерапияның дерлік барлық түрлеріне
енеді. Рационалды психотерапияның негізгі формалары:
түсіндіру (аурудың негізін, пайда болу себептерін талқылау және
аурудың едәуір нақты көрінісіне жету); көндіру (ауруға деген
эмоциялы қатынасты
түзету, жеке-дара ұстанымдардың
модификациясы);
қайта
бағдарлану
(ауруға
қатысты
ұстанымдарда тұрақты өзгерістерге жету); психогогика (науқас
үшін аурудан тыс жағымды жетістіктерді қалыптастыратын
неғұрлым кең ауқымды қайта бағдарлану).
Логотерапия – клиенттің қарым-қатынастағы ерекше
эмоциялы ахуалының, тұлғасының құндылығын мойындаудың,
қалыптасқан жағдайда жаңа мағынаны іздестіру қабілетінің
есебінен адамның ішкі әлемінің өңделуіне бағытталған әдістердің
кешені. Адамның өз-өзін шеттеттіру қабілетін оятудың негізінде
құрылған В.Франклдың ұсынған парадоксальды интенция
техникасы логотерапияның жақсы үлгісі болып табылады.
Гештальттерапия – клиенттің қажеттіліктерін неғұрлым
нақтырақ сезініп, тұтас бейнеге (гештальтқа) ұластырып,
аяқтауына бағытталған әдістер. Гештальттерапияның міндеті
әрбір адамға тән организмикалық процестерді ынталандыруда.
Ұзақ мерзімді мақсат мінез-құлықтың өнімсіз түрлерінен бас
тартып жаңаларына көшу арқылы есеюінде.
Арттерапия-психотерапияның өнер туындыларымен және
дербес шығармашылықтың негізінде ықпал етуді болжайтын әдісі.
Ребефинг-әуеннің
арнайы
ықпалымен
үйлесімдікте
холотропты дем алу арқылы сананың өзгерген күйіне қол
жеткізу. Нәтижесінде адам қайғыларын жеңіп, қоршаған әлеммен
тұтас қатынасқа ие болады. Әуенге бағдарланған терапия арнайы
8
іріктелген әуеннің көмегімен клиенттің психикасына ықпал етуді
болжайтын психологиялық көмек көрсету әдісі.
Әуен арқылы адам психикасына оң әсер етуді музыкалық
терапия деп те атайды. Музыкалық терапия сөзін қазақшаға
тікелей аударғанда "музыкамен, әуезбен емдеу" деген мағынаны
білдіреді. Музыкалық терапия жүздеген жылдар бойы өнер
адамдар үшін әуезден, әуеннен ләззат алу көзі болды, ал өнердің
көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып
табылады. Бұл ұғым арт-терапия ұғымынан бастау алады. Арт-
терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша
баламасы "өнермен емдеу" деген мағынаны білдіреді)
қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған
санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп
кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық
денсаулықтың орталықтарында жүргізілетін өнерге қатысты
қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл
анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды.
Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудың құндылығы,
символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу
арқылы оларға көрініс беруінде.
Арт-терапия басқа да көптеген терапевтік әдістер сияқты
өзінің тамырымен тарихтың тереңіне кетеді. Ежелгі өнер,
көркемдік бейне пәні тек қана сәндік емес, сиқырлық қызметін де
орындаған. Көптеген қазіргі мәдениетте өнер адамдарын
физикалық және психологиялық қалпына келтіру құралы ретінде
қолданылып келе жатыр. Үндіс тайпалары әртүрлі кеселдерден
емделу үшін арнайы әндер мен рәсімдік билерді қолданған.
Тибеттер кеселдер мен бейнеттерден арылу мақсатында дұға оқу,
медитация үрдістері кезінде шоғырлануды, сиқырлы айналым
түріндегі құмдық суреттерді қолданған. Сол кездегі шамандар
қазіргі психиатрлар мен арт-терапевтер болып табылады.
Шамандардың рөлі адамдардың санасынан, денесінен жанға
бататын элементтерді арылтып, олардың жанын көркем
бейнелерді және рәсімдерді қолдану арқылы емдеу болып
табылған. Бұл таң қаларлық болып көрінеді, бірақ шамандардың
қызметі шынымен де емделу және қалпына келу үшін көркем
9
бейнелерді құру үрдісі әдісін қолданатын арт-терапиямен қатты
байланысты.
Арт-терапияның мақсаты болып кез-келген адамзаттың
шығармашылық үрдісінің тұлғалық өзін-өзі ішкі жан-дүниесінің,
қорқыныштар мен мазасыздықтан арылуға әсерін тигізеді. Осы
мақсатты жүзеге асыруда Берел мұражайында жеке және
мүмкіншіліктері шектеулі балалардың жұмыс жасауына
арналған арт-терапиялық шеберхана ашылғандығын айта кеткен
жөн. Ұйымдастырылған арт-терапиялық кеңістік жұмыс жасауға
арналған үстелдермен, орындықтармен, мольберттермен және
көркем фильмдерді көруге арналған көгілдір экранмен
жабдықталған. Балалардың өзіне-өзі сеніп, шығармашылық
қабілеттерінің,
қызығушылықтарының
артуына
барлық
жағдайлар жасалынған. Арт-терапиялық сессия мүшелерінің
қолдан
жасаған
шығармашылық
бұйымдары
арнайы
қабырғалардағы сөрелерге қойылды. Бұл үрдіс өздерінің
бұйымдарына сырт көзбен қарап, қоршаған ортаға өз еңбектерін
таныстырып өтуде ыңғайлы болды. Себебі, әркімнің өз қолымен
жасаған бұйымдары керемет өз-өзіне қанағаттанарлық сезімді
оята білді.
Арт-терапия әдісін пайдалануда сурет сала алу міндет емес,
бірақ нәтижесінде қабілеті басқа қасиеттермен бірге ашылуы
мүмкін.
Арт-терапия жаттығулары адамдардың сезімдерін, ойлары
мен оқиғаларын, жеке адамдардың әдістері мен қарым-
қатынастары, өзіне деген сенімі мен өзін-өзі бағалауын
арттыратын қызмет атқарады.
10
1 сурет – Психотерапияның негізгі салалары
Музыканы функциялық және функциялық емес деп бөлу
шартты болып табылады. Себебі, кез-келген музыканың өзінің
қызметтері
болады.
Мысалы,
психоэмоциялық
күйді
реттейтін,эстетикалық, тәрбие, танымдық қызметтерін атап
көрсетеміз. Адамның іс-әрекетіне жағымды ықпал ететін немесе
денсаулығын сақтауға септігін тигізетін музыканы функциялық
деп атаймыз.
Өкінішке орай функциялық музыка материалы ретінде
пайдаланатын музыкалық материалдың өзі емес, оның ұзақтығы,
қаттылығы, техниканың сапасы маңыздырақ деген пікірлер
кездеседі. Осындай түсінік мәселені шешуде техникалық жағына
көбірек мән беруге әкеледі. Дегенмен, бастысы – музыкалық
материалды іріктеу мен оны қолданудың тиімді жағдайларын
жасаудың маңызы зор.
Музыкалық терапияны жүргізу барысында психологтардың,
педагогтардың
және
кәсіби
психологтардың
жұмысын
үйлестіретін болса жоғары тиімдікке қол жеткізуге болады.
Психолог белгілі бір оқу іс-әрекетін талдап, педагогтың
ұсыныстарын назарға ала отырып студенттердің белсенділігін
оңтайландыруға қажетті эмоциялық ықпал етудің бағыты мен
Психотерапия-
ның салалары
Арт-терапия
Логотерапия
Музыкалық
терапия
Гештальттера-
пия
11
ұзақтығын анықтайды. Психолог студентті қандай эмоциялық
қалыптан шығарып, қандай эмоциялық қалыпқа әкелу керек
екендігін анықтайды. Музыкант қойылған міндеттерге сәйкес
музыкалық материалды іріктеп алады, одан кейін оның
қолданлуын қадағалайды. Тек осыдан кейін ғана келесі кезең –
педагогика және психология әдістерімен музыканың адам
ағзасына тиімділігін тексеріп, музыкалық материал мен оны
берудің тәсілдерін түзетуге көшуге болады. Нақ осы жерде
педагогтың,
психологтың,
психофизиологтың,
музыка
маманының
тығыз
байланысы
қажет.
Олар
бірқатар
педагогикалық, психологиялық және психофизиологиялық
зерттеулер көмегімен ықпал етудің тиімділігін анықтайды.
Психотерапияда музыкалық шығармаларды қолдану кезеңмен
жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңнің басты міндеті жоғарыда айтылып өткендей
студент қандай эмоциялық қалыптан шығарылып қандай
эмоциялық қалыпқа әкелу керек екендігін анықтау болып
табылады. Бұл жерде психикалып қалыптар адамның нақты іс-
әрекетімен байланысты болатыны басшылыққа алынады.
Мысалы, студенттердің емтихан тапсыруы әдетте психикалық
кернеулікке, ал күрделі лекциялық материалды қабылдауы
күрделі психикалық болдыруға әкелетіні белгілі. Осы жерде
С.Л.Рубинштейннің барлық сыртқы әсерлердің ішкі жағдайлар
арқылы әсер ететіні жайлы классикалық формуласын есте
сақтаған жөн. Емтихан тапсыру жағдайы әр студентте түрліше
әсер етеді, олар психикалық кернеуліктің әр түрлі формасын
көрсетеді. Сондықтан да эмоциялық қалыптарды жайлы сөз
қозғағанда студенттердің дербес ерекшеліктерін ескеру міндетті.
Бірінші кезең тек оқу іс-әрекетін психологиялық талдаумен қатар
студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеуге арналу керек.
Музыканы психотерапия әдісі ретінде қолданудың ең дұрыс
нұсқасы әр адамға жеке тұрғыдан ықпал жасу болып табылады.
Әрине, жоғары оқу орнының қазіргі жағдайында бұл қиынға
соғады.
Техникалық
құралдардың
болмауы
музыкалық
материалды қабылдауды қиындатады. Бұл жағдайда ең аз
болғанда студенттік топтың әлеуметтік-психологиялық, кәсіби,
12
ұлттық, жыныстық, жас ерекшелік, тұлғалық ерекшеліктерін
басшылыққа аламыз.
Музыкалық материалды іріктеу барысында оның бастапқы
психоэмоциялық қалыптан қалаған қалыпқа баяу көшіру
керектігін ұмытпау қажет. Егер, мысалы психоэмоциялық
кернеулікті жою қажет болса басында қобалжулы, толқымалы
болып келіп біртіндеп тыныштану эмоциясына көшетін
музыканы таңдап алу қажет. Музыканың тыңдаушының
эмоциялық қалпын алып жүру маңызды.
Психикалық процестері жәй жылдамдықпен жүретін
студенттер үшін эмоциялық мазмұны біртіндеп, баяу өзгеретін
музыканы таңдап алынады. Онда музыканың дыбысталуы
салыстырмалы түрде ұзаұ болады. Себебі қысқа уақытта инертті
адамның психоэмоциялық қалпын өзгерту мүмкін емес. Ал өте
эмоциялы және психикалық процестері жылдам жүретін қысқа
уақытта эмоциялық мазмұны тез өзгеретін музыканы таңдап
алған жөн.
Осылайша психикалық процестердің дербес ерекшеліктері
мен студенттердің эмоциялық деңгейі туралы мәліметтер
маманға музыкалық материалдың динамикасы мен уақытын
талдауға мүмкіндік береді.
Екінші кезең. Музыкалық материалды іріктеу кезең күрделі
әрі толық зерттелмеген мәселе болып табылады. Кейбір
зерттеулерде музыканың адам тұлғасының рухани дамуына
ықпалы
ескерілмейді.
Мысалы,
Р.С.Урброк
өндірістегі
функциялық музыканың түпкі мақсаты жылдамдату деп
есептейді. Яғни оның пікірінше тез екпінде орындалатын музыка
еңбек өнімділігіне ықпал етеді. Көптеген шетелдік зерттеушілер
джаз музыкасын қолданған жөн деп есептейді.
Функциялық музыка ретінде поп, рок, брейк стиліндегі
музыкаларды пайдалану мәселесі туындайды. Осындай музыканы
қолдану біріншіден, адамға қатты әсер етеді, екіншіден жастарға
ұнайды деген пікірлер де бар. Жалпы алғанда осындай музыканы
қолдану дұрыс сияқты болады. Себебі, ол жастарды
қызықтырады әрі сән болып табылады. Дегенмен, терапияға
арналған музыканың тек физиологиялық қана емес, сонымен
қатар әлеуметтік функциясы бар екендігін ескерсек мұндай
13
музыкаларды қолдану дұрыс емес деген пікірге келеміз.
Шынында поп, рок, брейк музыкалық шығармаларының
көмегімен студенттердің күшті эмоциялық қозуы мен қимыл-
қозғалыс белсенділігінің күрт өсуіне қол жеткізуге болады. Оқу
іс-әрекетінің кейбір түрлерінде (мысалы, дене тәрбиесі
сабақтарында) уақытша нәтижеге қол жеткізуге болады. Бір
сәттік нәтижеден стратегиялық мақсат – болашақ маман тұлғасын
тәрбиелеуді жіберіп алуға болады.
Әлемдік өнердің шынайы құндылықтары болып композитор-
классиктер
дәрежесіне
жеткен
авторлардың
музыкалық
шығармалары есептеледі. Нақ классикалық музыканы (ұлттық
қана емес, әлемдік мәдениетте құндылығы жоғары) функциялық
музыка ретінде қолдануға болады. Біз өз жұмысымызда төмендегі
классикалық музыка шығармаларын үлгі ретінде ұсынамыз:
-
Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін –
Шопен "Мазурка", Штраустың "Летущяя мышь", «Весенний
вальс», Рубинштейннің "Пьеса" (Фортепианоға арналған).
-
Ашуланшақтықты, шаршағанды басу үшін – Бах,
"Кантата №2", Бетховен "Лунная соната". «Прелюдия и фуга» ре
минор (d moll, a moll).
-
Жалпы тыныштандыру үшін – Бетховен "Симфония
№6", 2 бөлім, Брамс "Колыбельная", «Венгерский танец 1,5,6»
Шуберт "Аве Мария".
-
Гипертония белгілері мен өзге адамдармен қарым-
қатынастағы кернеулікті жою үшін – Бах. Скрипкаға арналған
"Концерт ре-минор", соль минор, ля минор.
-
Эмоциялық кернеулікпен байланысты бас ауруды
азайту үшін – Моцарт "Дон Жуан", Лист "Венгерская рапсодия
№1", Хачатурян "Сюита Маскарад".
-
Көңіл-күйді жақсарту, белсенділікті көтеру үшін –
Чайковский "Шестая симфония", 3 бөлім, Бетховен "Уверюта
Эдмонд".
-
Қатігездікті, қызғаншақтықты жою үшін – Бах,
"Италянский концерт", Гайдн "Симфония".
-
Зейінді
шоғырландыру,
тұрақтандыру
үшін
-
Чайковский "Времена года", Дебюсси "Лунный свет",
Мендельсон "Симфония №5".
14
Бұл шығармаларда адам эмоциялары мен сезімдерінің кең
диапазоны қамтылған. Классикалық музыканың артықшылығы
адамның эстетикалық және интеллектілік эмоцияларына күшті
ықпал етуі болып табылады.
Музыкалық терапия материалы ретінде әр ұлттың
фольклорлық музыкасын қолдануға да болады. Бірақ ұлттық
ерекшеліктерге байланысты әр ұлттың студенттеріне түрліше
әсер етуі мүмкін. Дегенмен ұлттық музыканы мүлдем қолдануға
болмайды деген сөз емес.
Енді бір маңызды сәт студенттерге жақсы таныс, таныс емес
не болмаса аз таныс музыканың қайсысын ұсынған дұрыс деген
сұрақ туындайды. Көбіне адамға жақсы таныс әуен ұнайды деген
пікірді жиі естиміз. Бірақ музыка неғұрлым таныс болмаса,
соғұрлым аз ассоциация тудырады. Себебі, ассоциациялар әр
түрлі болуы мүмкін әр жиі кедергі келтіріп жатады. Сондықтан
да терапияға қажетті музыканы таңдаған кезде таныс емес немесе
аз таныс материалды алу қажет. Музыканы алғашқы
тыңдатқаннан кейін пайда болатын ассоцияциялар қайталап
тыңдатқанда ықпал ету дәрежесін күшейтуі мүмкін.
Нақты музыкалық шығарманы таңдау педагог, психолог және
психофизиологтың
талаптарына
сай
жасалынуы
қажет.
Музыкалық материалды іріктеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
Бірінші тәсіл терапияны жүргізуші маман әлемдік
музыкалық әдебиеттерден біліміне сүйеніп және музыканың
эмоциялық мазмұнын қабылдау критерийлерін басшылыққа алып
қойылған міндетке сай музыканы іріктейді. Мұнда ұжымдық
сараптама (ашық талқылау немесе сауалнама арқылы) жасаудың
маңызы зор.
Екінші тәсіл музыка маманы музыкалық шығарманың
эмоциялық мазмұнының сипаттамасын алдын-ала дайындайды.
Нақтырақ айтқанда қандай музыка терапияға қолданылуы мүмкін
екендігін бағдарлайды. Одан кейін шығармалар тізімінен
қойылған міндеттерге сай материал іріктелініп алынады.
Жалпы терапияға қажетті музыкалық шығармалардың
эмоциялық мазмұнына сипаттама жасау өте күрделі екендігі
белгілі. Бұл жерде кедергі болатын нәрсе эмоциялардың егжей-
15
тегжейлі жіктемесінің болмауы. Әзірше, тәжірибеде қолдануға
бірінші тәсіл қолайлы болып табылады.
Үшінші кезең. Оқу-тәрбие үдерісінде музыкалық терапияны
пайдаланудың келесі мәселесі музыкалық материалдардың
тиімділігін тексеру болып табылады. Бұл жерде ықпал ету
тиімділігін бағалау критерийлерін анықтау мәселесі туындайды.
Мысалы, өндірісте музыканың әсерінің тиімділігін бағалау
еңбек өнімділігінің өсу дәрежесімен өлшеніледі, яғни
шығарылған өнімнің саны және сапасымен. Ал жоғары оқу
орнында студенттің оқу іс-әрекетінің өнімділік дәрежесін есептеу
қиынға соғады. Ең сенімді бағалау критерийі болып музыканың
ықпалымен қалыптасқан тұлға құрылымындағы түрлі деңгейдегі
оң өзгерістер болып табылады. Бұл жерде ерекше атап өту керек
музыка тұлғаның бүкіл иерархиялық деңгейлеріне әсер етеді. Тек
ағзаның физиологиялық қалпын реттейді деген жаңсақ пікір
болмауы қажет. Мұнымен қатар тұлғалық және әлеуметтік-
психологиялық деңгейлерге де әсері күшті болады.
Мысалға терапияға арналған бес минуттық музыканың
психофизиологиялық және психикалық қалыптар деңгейлерінде
әсерінің тиімділігін алуға болады. Әдіснамалық тұрғыдан осылай
әсер етудің тиімділігін зерттеу дұрыс емес. Себебі, бес минуттың
ішінде адамның тұлғалық және әлеуметтік қасиеттерін өзгерту
мүмкін емес. Тұлға құрылымының жоғары деңгейлерінде
нәтижеге қол жеткізу үшін айлар бойы, тіпті жылдап тұрақты
музыкалық әсер ету қажет.
Эксперимент жұмыстарына "Гуманитарлық-педагогикалық"
институты "Педагогика және психология" мамандығының
студенттері (80 студент) қатысты. Эксперимент жұмысы екі
бағыттан тұрды:
1.
Психофизиологиялық кернеулікті жоюға бағытталған
эксперимент жұмыстары.
2.
Шығармашылық ойлауды дамытуға арналған тренинг
сабақтары.
Эксперимент жұмысының бірінші бағыты бойынша зерттеу
жұмыстары үш кезеңнен тұрды:
1 кезең. Музыкалық материалдарды іріктеу үшін ақпарат алу.
Бұл кезең мына төмендегілерден тұрды :
16
а) оқу іс-әрекетін психологиялық талдау. Оқу іс-әрекетінің
ықпалымен қалыптасатын және оған қолайлы болып табылатын
психикалық қалыптарды анықтау;
б) студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеу;
в) музыканың тұлға құрылымының барлық деңгейлеріне
ықпалын есепке алу.
2 кезең. Музыка терапиясына пайдаланатын музыкалық
материалды іріктеу. Бұл міндетті шешуде төмендегілерді ескеру
маңызды:
а) музыкалық материалды оқу-іс-әрекетін психологиялық
талдау және студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеу
негізінде жүзеге асыру;
б) функциялық музыка ретінде көп жағдайда классикалық
музыка шығармаларын пайдалану;
в) музыканы алғаш рет тыңдатқан кезде студенттерге таныс
емес немесе аз таныс музыкалық материалды алу;
г) адам психикалық қалпының инерциясы факторын ескеру.
Сондықтан да адамның бастапқы эмоциялық қалпынан шығарып
қалаған қалыпқа біртіндеп әкелетін музыканы іріктеп алу.
3 кезең. Музыкалық материалдың ықпалын анықтау және
коррекциялау. Бұл міндеттерді шешуде мына төмендегілерге
назар аударылды:
а) музыканың тиімділігін бағалау крийтерийлері тұлға
құрылымындағы
әлеуметтік-психологиялық,
тұлғалық
деңгейлердегі,
психикалық
процестер
мен
қалыптар,
психофизиологиялық деңгейлердегі оң өзгерістер;
б) музыканың тиімділігін бағалау әдістерін таңдаған кезде
тұлға құрылымының әр түрлі деңгейінде болатын процестердің
жиілік жыламдығының, әсіресе музыканың әсер ету уақытын
ескеру қажет.
Психотерапияның бір бөлігі бола отырып музыкатерапия
қазіргі кезеңде бірнеше тәуелсіз топтарға бөлінді. Е.Галинсканың
жіктемесі кең қолданысқа ие болып отыр. Ғалымның пікірінше
музыкатерапия әдістерін емдік ықпалы бойынша жеті топқа
бөлуге болады:
17
1.
Эмоциялық белсенділікке ықпал жасайтын әдістер.
2.
Тренингтік әдістер (жиі бихеовиористтік психотерапия
аясында қолданылады).
3.
Босаңсуға ықпалын тигізетін әдістер (оның қолданылу
аясы өте кең, бүкіл медицинаны қамтиды деп айтуға болады).
4.
Коммуникативтік дағдылар.
5.
Шығармашылық әдістер. Ол импровизацияның қимыл-
қозғалыс, вокалдық, аспаптық түрлерінен тұрады.
6.
Психологиялық әдістер.
7.
Сезімталдықты жетілдіруге арналған музыкалық
тренинг.
Достарыңызбен бөлісу: |