Қарттарды емдеу



бет33/55
Дата17.05.2020
өлшемі0.54 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Диагностикасы:

Қарап тексеру: Тік ішекті пальпациялау кезінде перианальді абсцесс, тік ішектің жыланкөзін, тік ішек өзегінің спазмын, қабырғасының шырышты қалыңдауын, қан, кілегей, іріңді байқауға болады.

Тоқ ішегтің эндоскопиялық зерттеуі (жедел түрінде клизмалық дайындақсыз да жүргізеді). Ректороманоскопия бұл ауруды анықтаудың алғашқы қадамы болып табылады. Зерттеуде сигматәрізді және тоқішектің шырышты қабатында ісіну және гиперемия көрінеді; Түбі ірің және фибринге толы эрозия ошақтары көрінеді. Арнайы емес жаралы колит дәнді шырышты қабықпен көрінеді. Бірақ бұл әдіс қарттарда аздап қиындық тудырады.



Рентгенологиялық зерттеу:

Құрсақ қуысының жалпы рентгенологиясы кезінде арнайы емес жаралы колит кезінде 3-5% науқастарда кездесетін токсикалық мегаколоны диагностикалауға болады. Зерттеу кезінде тоқ ішектің көлденең бөлігінің пневмотизациясы байқалады. Тоқ ішектің перфорациясы кезінде бос газ көрінеді. Арнайы емес жаралы колит кезінде ирригоскопияның белгілері: гаустрацияның жоғалуы, тоқішек өзегінің тарылуы, псевдополиптер анықталады. Асқыну кезінде бұлшықеттің спазмы кезінде тоқ ішек қысқарады.



Лабораторлы анализдер:
ҚЖТ: жеделдетілген ЭТЖ, лейкоцитоз, тромбоцитоз, анемия, ретикулоцитоз.
Қанды биохимиялық талдау: гипопротеинемия, гипоальбуминемия, СРБ, альфа-2 глобулиннің көбеюі.
ИФА: антинейтрофильді цитоплазмалық Ig G (ANCA) анықтау аутоиммундық аурулардың диагнозын білдіреді (жара түріндегі колит).
 Емдеудің мақсаттары:
 
•      Ремиссияны қамтамасыз ету
•      Асқыну профилактикасы
•      Отаның алдын алу
 
Емдеу тәсілі:
Дәрі-дәрмексіз емдеу
Режим
1-режим - төсек;
2-режим – жартылай төсек;
3-режим - жалпы.
Диета терапиясы – талшықты, майды және ағзаның жеке көтере алмайтын өнімдерін (әдетте сүт) шектеу арқылы, қайнатылған және буға піскен, езілген тағам ұсынылады. № 4 (б, в) диета. Тағамнан сүт және сүт өнімдері, майлар (орта және қысқа тізбекті), қуырылған, ащы және тұздалған тағамдар, құнарсыз өсімдік талшығынан тұратын өнімдер (саңырауқұлақтар, көк өрік, кептірілген өрік, киви, ақбас қырыққабаты, шалғам және т.б.) алынады, глютеннен құралған өнімдерге (бидай, қарабидай, сұлы және басқалар) шектеу салынады. Ағзасы суды қажет ететін пациенттерге қосымша сұйықтық енгізу көрсетілген. Ішектің қызметі жаппай бұзылғанда қызметтік тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында полимерлі және элементті диеталарды пайдалану арқылы сүңгімен немесе энтеральды тағамдануға өту арқылы толық парентальды тағамға өтуге ауысу мүмкін.
Медикаментозды ем:

- детоксикация ,ақуызды, су – электролитті балансты коррекциялау мақсатында инфузионды терапия.

- антибиотикотерапия

- седативті препараттар (кіші транквилизаторлар: элениум, седуксен)

- диареяға қарсы терапия – антихолинергиялық препараттар: солутан, платифиллин

- сульфосалазин жүйелі және жергілікті: Салофтальк

- кортикостероидты гормондар арнайы емес жаралы колиттің ауыр дәрежесінде қолданылады.

- қоректендіру мен қатар электролиттік бұзылыстарды , микроэлементтер тапшылығын жою үшін калий, натрий хлориді, магни сульфаты ерітінділерін, витаминдер , темір препараттарын емге қосады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет