Қарттарды емдеу


Негізгі шағымдардың даму механизмі-



бет49/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

2. Негізгі шағымдардың даму механизмі- эпигастрий аймағындағы ауырсынудың себебі бауыр бауырдағы гепатоциттердің жойылуынан, бауырдың тығыздалуынан ауырсынудың пайда болуы

3. Науқасты .объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?

-Сарғаю механизмі- билирубиннің биохимиялық айналымың бұзылу салдарынан дамиды. Цирроз кезінде қалыптыдағыдай бауыр жасушалары билирубинді ұстап, коньюгацияға ұшырата алмайды, сонымен қатар оның қаннан өт жолдарына түсуіне шамасы жетпейді.

4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.

Анемия- бұл кезде анемия пайда болуының негізгі себебі көп қан жоғалту, яғни геморрагиялық анемия дамыған

Тромбоцитопения- көкбауырдағы клетка секвестрациясың жоғарылауынан дамиды. Сонымен қатар тромбоциттердің агрегациясы бұзылады

ЭТЖ- қабыну процессіне байланысты жоғарылайды

Жалпы билирубин - 58 мкмоль/л- қан сарысуында билирубин деңгейінің 40 мкмоль/л жоғарылауы, ағзада шырышты қабаттың, терінің, склераның сарғаюын шақырады. Билирубин ағзада барлық сұйықтықтарға еніп, сарғаюға алып келеді.

42 56 жастағы әйел дәрігерге келесі шағымдармен келді: ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылатын, спазмолитикалық дәрілер мен ферменттер ішкенде басылатын, тамақ ішкенде немесе тамақтан соң бірденінен дамитын іштің жоғарғы бөлігінің “белдеме тәрізді” ауырсынуы, ішінің шұрылдауы, кебуі, әсіресе майлы қуырылған тағамнан кейін үлкен дәретке жиі баруы, салмақ жоғалту,әлсіздік. Анамнезі: 7 жылдан бері өзін науқас деп санайды. Созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3 айда көп мөлшерлі, қорытылмаған ас қалдықтармен, сасық иісті нәжіспен ішінің өтуі мазалайды. Соңғы өршуі ет қосылған, қуырылған бәліш жегеннен кейін басталған. Объективті тексеру: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ашушаң, тері жамылғылары бозғылт, құрғақ. Дене салмағы 48 кг, бойы 162 см. Тілінде ақ шөгінді, іші кепкен. Ішінің беткей пальпациясында эпигастрий аймағы мен сол жақ қабырға астында ауырсыну бар, іш бұлшық етінің кернеулігі жоғары. Мейо-Робсон, Дежарден, Шоффар, Губергриц нүктелерінде ауырсыну бар. ҚЖА: эритроциттер 3,4×1012 , Hb 110 г/л, түсті көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 8,8×109, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қан сары суында диастаза (Каравей тәсілімен) 50 мг/сағ×мл Копрограммада: нәжісі ботқа тәріздес, жылтыр, сасық иісті, полифекалия, креаторея, стеаторея, амилорея. УДЗ-де: ұйқы безінің өлшемдері үлкейген, контурлары тегіс емес, эхогенділігі әр түрлі, тығыздалу ошақтары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет