1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
іштің белдеме тәрізді ауырсынуының себебі : ұйқы без ұлпасының ісінуінен без капсуласының керілуі, бездің ісінуінен, инфильтрациясы және склерозынан нерв талшықтарының қысылуы немесе тітіркенуі, түтікішілік қысымның биіктеуі
Салмақ жоғалтудың себебі:Тағам қабылдағаннан кейін 40-60 минутта іштің ауырсынуы болады, тағам ішпесе ауырсыну басылады. Сол себепті науқастар тамақ қабылдаудан бас тартады және салмақ жоғалтады.
Диспепсиялық белгілердің пайда болу себебі: ұйқыбездің ісінген басы 12елі ішекке батып қуысын тарылтуы, содан 12елі ішектің өтімділігі нашарлауы және дуоденальдік гипертенцияның пайда болуы. Осылай дамыған 12елі ішектің дискинезиясы мен дуоденостаз дуоденогастральдік және гастроэзофагальдік рефлюкстерге әкеледі. Сол себепті диспепсиялық белгілер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |