Қарттарды емдеу


Қарт науқастардағы бейспецификалық жаралы колиттің патогенезі мен жіктемесі



бет15/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

14.Қарт науқастардағы бейспецификалық жаралы колиттің патогенезі мен жіктемесі

Патогенезі

Толық анықталмаған. Оның дамуы келесі механизмдердің қатысуымен байқалған:

Ішек дисбактериозы – тоқішектің микрофлоралық құрамының бұзылысы; құрамы өзгерген микрофлора уытты, аллергендік әсер етіп, ішек қабырғасын қабындыруы;

Тоқ ішек кілегей қабығының белоктық молекулалар мен бактериялық антигендерге өткізгіштігінің артуы.

Зақымданған ішек қабырғасынан ішектік аутоантигендердің бөлінуі, оған антиденелердің түзілуі.

Аутоиммундық процесстің өрістеуінен ішектен тыс зақымданулардың пайда болуы.

Тоқішектің қабырғасында иммундық комплекстердің жиналуы және түзілуі, осыдан иммундық қабынудың пайда болуы.

Бұл ауруда қабыну процесі кілегейлі қабықтан басталады – эпителий мен крипталар деструкциясынан. Басым зақымданатын кілегей қабық. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасы, крипталары лимфоциттермен (криптит), полиморфты нейтрофильдермен инфильтрацияланады. Криптит микроабсцеске, яғни крипт-абсцеске алып келеді. Олар жарылып микроскопиялық жараларға айналады. Олар бір-бірімен ұласуынан көзге көрінетін ірі жаралар қалыптасады. Бұл арнайы емес жаралы колитке тән белгі.

Жіктелуі

Орналасуына байланысты:

Арнайы емес жаралы проктит және проктосигмоидит;

Арнайы емес жаралы сол бөлікті колит;

Арнайы емес жаралы тотальді колит;

Арнайы емес жаралы регионарлы колит.

Ағымына байланысты:

Жедел арнайы емес жаралы колит

Созылмалы арнайы емес жаралы колит

Рецидив беруші арнайы емес жаралы колит

Ауырлығына байланысты:

Жеңіл түрі — күніне 5 реттен көп қоймалжың қан мен шырыш араласқан нәжіс, қанағаттарлық жағдай, жоғары температура, тахикардия, анемияның болмауы. Орташа түрі — күніне 5-8 рет болатын қан мен шырыш араласқан нәжіс, аздаған дене қызуы, анемия байқалады, жағдайы қанағаттарлық. Ауыр түрі — ауыр диарея (күніне >8 рет); Қан, шырыш және ірің араласқан нәжіс, дене температурасы 380С-ден жоғары, анемия, жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет