Қарттарым – асыл қазынам 1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Ақиқатты айқындап жариялар



Дата04.10.2022
өлшемі3,54 Mb.
#151729
Байланысты:
қарттар


Қарттарым – асыл қазынам
1 қазан — Халықаралық қарттар күні.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің жұртың ұл мен қызың бағалар Ана мейір күн көзімен пара – пар. Тұла бойға қуат болып таралар Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама, Аспанымдай мәңгі жаса, құлама Ер жетсем де еркелігім қалмайды, Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Қарттарым жүректерің неткен дархан, Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. Жолыңды жүріп өткен қарасам мен Оқитын келешекте бір-бір дастан Таң атып күн де шыққан өздеріңнен Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен Тербедің көктем бағын самал болып Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен
Қанатты сөздер:
«Қарты бардың- қазынасы бар»
«Ата- анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің»
«Ауылыңның маңында төбе болса,
ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қария болса , жазып қойған хатпен тең»
Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі
Ат қартайса – ұрыншақ, Ер қартайса – жаңылшақ.
Елу шылбырдан алды, Алпыс тізгіннен алды, Жетпіс өре салды, Сексен – тұсау салды, Тоқсан – толқып қалды.
Үлкеннің батасын қабыл ал
Үлкенге үнемі сәлем бер.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын көрге сүйрер.
Абырой амандығың арта берсін Бақ дәулет қызығымен қатар берсін. Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп, Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін. Тыныштық елімізге бере берсін. Молшылық жерімізге ене берсін. Соғыстан ел жұртымыз аман болып Қызығын бейбіт өмір көре берсін Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Қазіргі ел билеген жастар көрсін
Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет