Ертегі мәтінімен танысуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Топтың немесе жеке клиенттің ертегі мәтінімен танысуы әртүрлі жолмен жүзеге асуы мүмкін. Ескеретін жағдай, жалпы ең бастысы – ғажайып атмосфераны бұзып алмау.
Психолог әрбір топ мүшелеріне ертегінің көшірмесін таратып береді. Олар ертегіні сабақтың басталуына дейін оқып шығады. Шындығын айтатын болсақ, бұл тәсіл сабаққа деген топ мүшелерінің қызығушылығын төмендететіні анық.
Психолог ертегіні нақышына келтіріп, дауыстап оқиды. Талқылауға арнап арасында үзіліс жасап отырады. Топ мүшелері ертегінің соңын немен аяқталатынын өздері талқылап, табулары үшін кей кездері ертегі соңына дейін оқылмайды. Негізінен ертегіні оқығаннан айтып берген тиімдірек болады.
Ертегі қойылымға қатысушы топ мүшелерінің көмегімен бөлімдерге бөлініп оқылады. Бұл ертегінің бөлімдері бойынша анық түсінікті болып ашылуы үшін.
Келесі бір түрі, ертегі рольдер бойынша оқылады. Автордың мәтіні міндетті түрде оқылады.
Ертегі спектакль болып қойылады. Психолог рольдер бойынша топ мүшелерін бөледі, яғни қатысуға тілек білдірушілерді шақырады, жреби тастайды. Психолог ойналатын ситуацияны суреттейді және әрбір қатысушының монолог құруын сұрайды. Сонымен қатар ертегіге қатысушыларға жансыз заттардың да ролі беріледі (қамалдың есігі, ағаштар, қала қақпалары). Мұндай рольдер сөзбен немесе сөзсіз ойналады.
Достарыңызбен бөлісу: |