Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарлама - кезең - кезеңмен бағдарламалаудан және ғылыми - тәжірибелік зертеу қызметі рәсімдерінің ережесінен тұратын зерттеу жобасының жалпы тұжырымдамасын жазу.
Бағдарлама мыналарды түсіну мен білуді көрсетеді:
1. Не істеу керек.
2. Ойлаған нәрселерді немен орындау
керек.
3. Ойлағандарды қалай орындау керек.
Бағдарламаның функциялары:
1. Теориялық - әдістемелік функция, ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
2. Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және күтілетін нәтижелерді сипаттауға,
сондай-ақ зерттелетін жиынтықты анықтауға, қажеттті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мумкіндік береді.