Қатпаршақ (книжка) — omasum — жұмыршақтың жоғарғы жағында, құрсақ қуысының оң қабырғаасты аумағында орналасады.Ол пішіні дөңгелекше келген алдыңғы қарынның бөлімі. Қатпаршақ жұмыршақты ұлтабармен жалғастырып тұрады. Қатпаршақ жұмыршақ пен ұлтабардың бір-бірінен жіңішкелеу келген мойны арқылы бөлінетін жерінің жоғарғы бетінде орналасады. Қатпаршақтың да қарынның алдыңғы бөлімдеріне тән қабырғалық және висцеральды беттері мен дорсальды иіні болады. Қатпаршақтың қуысы жұмыршақпен жұмыршақ-қатпаршақ тесігі,ұлтабармен қатпаршақ-ұлтабар тесігі арқылы қатысады. Бұл тесіктер өзара қатпаршақ сайымен жалғасады. Қатпаршақтың аталған сай өтетін бөлігін қатпаршақ түбі немесе қатпаршақ негізі - дейді. Қатпаршақтың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Қатпаршақтың кілегейлі қабығының құрылысы мес қарынның кілегейлі қабығы құрылысына ұқсас. Ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде жапырақ тәрізді жалпақ қатпарлар болады. Қатпаршақ жапырақшаларының бетінде азықты сығып ұсақтауға арналған бүртіктер бар. Пішіні мен мөлшеріне байланысты жапырақшалар төрт түрге бөлінеді. Олар: үлкен, орташа, кіші және тым кіші жапырақшалар. Олар қатпаршақ негізімен біріге отырып, қатпаршақ өзегін (canalis omasi) түзеді. Аталмыш өзек одан әрі қатпаршақ-ұлтабар сайына (sulcus omasobibomasicum) жалғасып, қатпаршақ-ұлтабар тесігінің төменгі жиегін құрайды. Қатпаршақтың етті қабығын да бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаттары түзеді. Ол сыртқы ұзынша, ішкі көлденең қабаттардан тұрады. Ішкі көлденең етті қабаты қатпаршақ ұлтабар тесігі қабырғасындағы қысқыш етке айналады. Қатпаршақ сыртынан сірлі қабықпен қапталған.
Қатпаршақтың үлкен жапырақшаларының саны: сиырда — 12- 14; қойда. — 9-10; ешкіде -10-11 болады.
Ұлтабар (сычуг) — abomasum — құрсақ қуысының оң қабырғаасты аумағында орналасады. Оның пішіні мен құрылысы бір бөлімді безді қарынға ұқсас.Ұлтабар көп бөлімді қарынның химиялық жолмен азықты қорыту процесі басталатын бөлімі. Сондықтан, оны нағыз қарын-деп те атайды.Ұлтабардың пішіні алмұрт тәріздес болып келеді. Көлемі жағынан ол сақа жануарларда екінші, ал жас төлдерде бірінші орында.Ұлтабардың париетальды және висцеральды беттері, үлкен және кіші иіні, денесі және түбі болады.Ол қатпаршақтан кең қуысты болып басталып,ұлтабардың пилорустық бөлігіне дейін жіңішкеріп келеді де,дорсальды бағытта сәл иіліп,ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) ауысады.Ұлтабар қабырғасының гистологиялық құрылысы бір бөлімді безді қарын қабырғасының құрылысына ұқсас. Оның қабырғасын кілегейлі,етті және сірлі қабықтар құрайды.Ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителий ұлпасымен астарланған. Кілегейлі қабығындағы кардиальды, фундальды және пилорустық бездер қарын сөлін бөледі.Бұлар орналасқан аймақтар ішіндегі ең көлемдісі фундальды бездер аймағы. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде ұзынынан орналасқан иірімді қатпарлар болады. Бұл қатпарлар қатпаршақ-ұлтабар тесігі маңында бір-бірімен бірігіп, тесік ішінде екі үлкен қатпар түзеді. Аталған қатпарлар ұлтабар желкені-деп аталады.Ұлтабар желкені ұлтабар қуысында қорытылып жатқан азықтың кері қатпаршаққа өтуіне жол бермейді.Иірімді қатпарлардың саны сиыр ұлтабарында -2-16, қойда -13- 15,ешкіде — 16-17 болады.
Ұлтабардың етті қабығы сыртқы ұзынша және ішкі сақинаша бірыңғай салалы ет ұлпасы қабаттарынан түзілген.Ұлтабардың пилорустық бөлігіне жақындаған сайын, етті қабықтың сақинаша қабаты қалыңдап, қақпақша (пилорус) қысқыш етін жасайды.Ұлтабарды сыртынан сірлі қабық қаптап, оның үлкен және кіші иіндерінде тоғысып,аттас шарбыларға айналады.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |