«Әһлю-с-Сунна уәл жәма’а «жиһад – бұл Қиямет Күніне дейін болатын парыз» деп есептейді»
Жиһад, қаншалықты мүмкін болса - соншалықты, жүрекпен, дағуатпен, дәлелдермен, түсіндірумен, дұрыс пікірге нұсқаумен, денемен, дүние-мүлікпен жүзеге асырылады. Кәпірлермен қару арқылы жүргізілетін жиһад туралы айтатын болсақ, оның өз шарттары бар, ол (шарттарсыз) жиһад жарамды болмайды.
Біріншіден, мұндай жиһадтың мақсаты Аллаһ Тағаланың сөзін ұлықтау болуы керек. Абу Мусаның (Аллаһ оған разы болсын) былай деп әңгімелегені жеткізіледі: “Бірде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келді де: «Я, Аллаһтың елшісі, Аллаһ жолында соғысу дегеніміз не? Өйткені, біздің ішімізден кейбіреулер батырлықтың, ал басқалары ұлтшылдықтың ықпалымен соғысып жатады ғой», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың сөзі барлық нәрседен жоғары болуы үшін соғысатын адам (ғана) Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһтың жолында (соғысып жатқан болады)», - деді” (әл-Бухари, 123; Муслим, 1904).
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Маған адамдармен, олар Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік бермейінше, соғысу бұйырылды, ал егер олар куәлік берсе, менен өздерінің өмірлерін және дүние-мүліктерін қорғап қалады, содан кейін олардан (өмірлері мен мал-мүліктерін) тек Ислам қақылары бойынша ғана айыруы мүмкін, әрі сол кезде олардан есеп алуға Аллаһ қана құқылы болады» (әл-Бухари, 1399; Муслим, 21).
Екіншіден, мұсылмандардың арасында пайдалы білім мен салиқалы амалдар анық түрде болуы керек. Аллаһ Тағала былай деді:
هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَى وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ ﴾
«Өйткені Ол – Елшісін туралық (пайдалы білім) және хақ дінменен (салиқалы амалмен) ол бүкіл діндерден үстем болсын деп жіберген. Тіпті мүшриктер мұны жек көрсе де» («әт-Тәуба» сүресі, 33-аят).
Аллаһ Тағала мұсылмандарда пайдалы білім мен салиқалы амалдың болуын діннің ұлық (үстем) болуының шарты етті.
Сондықтан имам әл-Бухари өзінің «әс-Сахих» (3/1033) кітабындағы (тарауды): «Білім соғысудан бұрын екендігі туралы тарау», - деп (атап), содан кейін Абу әд-Дарданың: «Ақиқатында, сендер тек өздеріңнің салиқалы амалдарың арқылы ғана шайқасасыңдар», - деген сөздерін келтірді. Содан соң ол Аллаһ Тағаланың мына сөздерін келтірді:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لِمَ تَقُولُونَ مَا لا تَفْعَلُونَ (2) كَبُرَ مَقْتًا عِندَ اللَّهِ أَن تَقُولُوا مَا لا تَفْعَلُونَ (3) إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الَّذِينَ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِهِ صَفًّا كَأَنَّهُم بُنْيَانٌ مَّرْصُوصٌ ﴾
«Әй, мүминдер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулеріңе Аллаһтың ашу-ызасы өте зор. Күдіксіз, Аллаһ (Т.) Өзінің жолында, мықты қаланған дуардай, сап болып соғысқандарды жақсы көреді» («әс-Сафф» сүресі, 2-4 аяттар).
Үшіншіден, кәпірлерді қорқыта алатындай күштің болуы (қажет), әрі бұл (жиһад) шама-мүмкіндікке қарай жасалады. Аллаһ Тағала былай дейді:
﴿ وَأَعِدُّواْ لَهُم مَّا اسْتَطَعْتُم مِّن قُوَّةٍ وَمِن رِّبَاطِ الْخَيْلِ تُرْهِبُونَ بِهِ عَدُوَّ اللَّهِ وَعَدُوَّكُمْ وَآخَرِينَ مِن دُونِهِمْ لاَ تَعْلَمُونَهُمُ اللَّهُ يَعْلَمُهُمْ وَمَا تُنفِقُواْ مِن شَيْءٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأَنتُمْ لاَ تُظْلَمُونَ ﴾
«Аллаһтың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды, сондай-ақ сендер білмейтін, бірақ Аллаһ білетіндерді қорқытуларың үшін, шамаларың келгенше оларға қарсы әртүрлі күш әрі соғыс аттарын әзірлеңдер. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да, сендерге толық қайырылады, әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды» («әл-Әнфал» сүресі, 60-аят).
Ал егер мұндай дайындық болмаса, онда соғысу басталмайды. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ قِيلَ لَهُمْ كُفُّواْ أَيْدِيَكُمْ وَأَقِيمُواْ الصَّلاةَ وَآتُواْ الزَّكَاةَ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقِتَالُ إِذَا فَرِيقٌ مِّنْهُمْ يَخْشَوْنَ النَّاسَ كَخَشْيَةِ اللَّهِ أَوْ أَشَدَّ خَشْيَةً وَقَالُواْ رَبَّنَا لِمَ كَتَبْتَ عَلَيْنَا الْقِتَالَ لَوْلا أَخَّرْتَنَا إِلَى أَجَلٍ قَرِيبٍ قُلْ مَتَاعُ الدُّنْيَا قَلِيلٌ وَالآخِرَةُ خَيْرٌ لِّمَنِ اتَّقَى وَلاَ تُظْلَمُونَ فَتِيلاً ﴾
“(Мухаммад,) сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!», - делінгендерді көрмедің бе? Оларға соғыс парыз етілген заман олардың бір тобы адамдардан Аллаһтан қорыққандай, тіпті одан да қатты қорқады да: «Раббымыз! Бізге соғысты неге жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін неге кешіктірмедің?», - деді. (Мухаммад,) оларға: «Дүниенің пайдасы өткінші, ал тақуа болған (адам) үшін Ақырет жақсырақ. Ал сендер құрма дәнегінің сыртындағы жіптей (қылдай) мөлшерде де ренжітілмейсіңдер», - деп айт” («ән-Ниса» сүресі, 77-аят).
Аллаһ Тағала мүминдерге Меккеде өздері үшін білектің күшімен кек қайтаруға тыйым салды. Ол (дене) күшімен қарсыласу (олардың бастарына түскен жағдайдан да жаманырақ нәрсеге алып келмеуі үшін, кешірулерін бұйырды. Мұсылмандардың өмірлерін, олардың діні мен ұрпақтарын сақтап қалу дене күшімен қарсыласудан маңыздырақ болды.
Төртіншіден, мұсылмандар өздеріне жетекшілік ететін әмірдің (елбасшының) айналасына бірігуі керек. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ أَلَمْ تَرَ إِلَى الْمَلإِ مِن بَنِي إِسْرَائِيلَ مِن بَعْدِ مُوسَى إِذْ قَالُواْ لِنَبِيٍّ لَّهُمُ ابْعَثْ لَنَا مَلِكًا نُّقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ قَالَ هَلْ عَسَيْتُمْ إِن كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ أَلاَّ تُقَاتِلُواْ قَالُواْ وَمَا لَنَا أَلاَّ نُقَاتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَقَدْ أُخْرِجْنَا مِن دِيَارِنَا وَأَبْنَائِنَا فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقِتَالُ تَوَلَّوْا إِلاَّ قَلِيلاً مِّنْهُمْ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ ﴾
«(Мухаммад,) Мұсадан кейін өмір сүрген Исраил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге Аллаһ жолында соғысуымыз үшін, патша сайлап бер», - десті. Пайғамбар: «Сендерге соғысу парыз қылынса, соғыспай қалуларың мүмкін бе?!», - деді. Олар: «Не үшін бізге Аллаһ жолында соғыспасқа? Расында, (біз) үйлерімізден қуылдық, әрі бала-шағаларымыздан айырылдық (қой)», - десті. Ал оларға соғыс әмір етілген сәтте, олардың өте аз (бөлігінен) басқасы теріс бұрылды. Аллаһ залымдарды біледі» («әл-Бақара» сүресі, 246-аят).
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Әмір (елбасшы) тура бір қалқан сияқты, әрі оны қорғау және соның басшылығымен соғысу керек. Егер әмір (елбасшы) адамдарға Аллаһтан қорқуды бұйырса және әділдікті ұстанса, ол осынысы үшін сауап алады, ал егер басқаша істейтін болса, онда осынысы үшін жауапкершілікке тартылады» (әл-Бухари, 2957).
Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылмандардың жамағатынан және олардың әмірінен ұстан», - деді. Хузайфа: «Ал егер жамағат та, әмір де болмаса, не істеу керек?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда ол топтардың барлығынан аулақ бол, тіпті сол үшін саған тістеріңмен ағаштардың тамырларына жармасып алуға тура келсе де, әрі саған өлім келіп жеткенге дейін осы күйде қала бер!», - деді (әл-Бухари, 3606; Муслим, 1847).
Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ бұл дінге тіпті күнәһар адам арқылы да қолдау көрсетуі мүмкін»,- деді (әл-Бухари, 2423).
Қорғаныс жиһадына келер болсақ, оның үкімі сол уақыттағы (белгілі бір) шарттарға, әрі жағдайға тәуелді. Бұл жағдайда зиян мен пайданы өлшеу керек. Егер шайқасуды тастаудан зиян көбірек болса, онда ол (шайқасу) міндетті болады. Ал егер шайқасуда зиян көбірек болса, онда соғысуға тыйым салынады (харам). Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ وَاسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَأَنفِقُوا خَيْرًا لّأَنفُسِكُمْ وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ ﴾
«Сондықтан шамаларың келгенінше Аллаһтан қорқыңдар, тыңдаңдар, бойсұныңдар, әрі (тиісті орындарға) мал жұмсаңдар, сендер үшін хайырлы болсын. Ал кім өз нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне, солар қүтылушылар»(«әт-Тағабун» сүресі, 16-аят).
Бұл әмір (елбасшы) адамдары жұмылдырмайтын кездегі жағдайға қатысты, ал егер ол мұны істесе, онда шайқасу парызға айналады. Егер де әмір (елбасшы) жоқ болса, білім иелері мен ықпал иелері адамдарды не жақсырақ болса – соған үндеп, бас қосады, ал содан соң оларға әмірді (елбасшыны) тағайындау міндеті жүктеледі.
Шейхул-Ислам ибн Таймия (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Батылдық – бұл дененің күші емес. Адам тәнімен күшті, ал жүрегімен әлсіз болуы мүмкін. Күш деп жүректің қайраты мен төзімділігі айтылады. Шайқасу дененің күшіне әрі шайқасуға деген қабілеттілігіне, сондай-ақ жүректің қайраты мен оның тәжірибесіне тәуелді. Әрі осының ішінен мақтауға лайық болып табылатыны - адам жақсы мен жаманның арасын ажырата алмайтындай санасыздықтың үстіне құрылған нәрсе емес, білімнің үстіне құрылғаны. Дәл сондықтан өзін ашу үстінде ұстай алатын адам күшті болып есептеледі. Ол пайдалы нәрсені істей алады әрі зиян әкелетін нәрседен бас тарта алады. Ал кім өзінің ашуының билеуінде болса, ол батыл да, күшті де болып табылмайды». Қз.: «әл-Истиқама», 2/271-272.
Жиырмасыншы ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а Құран нұсқайтын Аллаһтың болмыстағы ережесіне сенеді»
(Бұл ережеде) Аллаһ Тағаланың келесі сөздері туралы айтылуда:
﴿ إِن يَمْسَسْكُمْ قَرْحٌ فَقَدْ مَسَّ الْقَوْمَ قَرْحٌ مِّثْلُهُ وَتِلْكَ الأَيَّامُ نُدَاوِلُهَا بَيْنَ النَّاسِ وَلِيَعْلَمَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُواْ وَيَتَّخِذَ مِنكُمْ شُهَدَاء وَاللَّهُ لاَ يُحِبُّ الظَّالِمِينَ ﴾
«Сендер (Ухудта) жараланған болсаңдар, ол адамдарға да (Бәдрде) осыған ұқсас жарақат жасалды ғой. Аллаһ иман келтіргендерді анықтау үшін және сендердің араларыңнан шәһид болып қаза тапқандарды таңдап алу үшін, Біз күндерді (сәттілік пен сәтсіздіктерді) адамдар үшін кезектестіріп айналдырамыз» («Әли Имран» сүресі, 140-аят).
Мүминдердің оларды дұшпаны жеңуімен сыналуында ұлы даналық қамтылған әрі оны (бұл даналықты) барлық егжей-тегжейімен тек Аллаһ Тағала ғана біледі.
Аллаһ Тағала (осы арқылы) адамдарға олардың Аллаһқа деген мұқтаждықтарын көрсетеді, оларды бойсұнушылыққа әкеледі. Олар Аллаһ Тағаладан дұшпандарына қарсы көмектесуін сұрай бастайды. Егер де мүминдер әрқашан жеңіске жетіп отырғандарында, бұл олардың бойында тәкаппарлық пен менмендіктің пайда болуына әкелетін еді. Ал егер мұсылмандар әрқашан жеңіліп отырғандарында, дін сақталмас еді, ал ақиқат үстемдік құрмас еді. Ең Дана Үкім Иесінің Даналығы Ол жеңістер мен жеңілістерді алмастырып отыратынын меңзейді. Егер мұсылмандар жеңіліске ұшыраса, олар өздерінің Раббысының алдында бойсұнушылық танытып, Оған ықыласты тәуебелерімен жалбарынады. Егер де олар жеңіп жатса, онда Оның дінін және (сол діннің) рәсімдерін орнатады, жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосады, Аллаһтың дұшпанымен соғысады, әрі Оның жақын құлдарына көмектеседі.
Егер мүминдер әрқашан жеңіске жетіп отыратын болғанда, онда олардың қатарларына мақсаттарына бұл дін де,Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесу де кірмейтін адамдар еніп кетер еді. Адамдар мүминдерге олардың қатарларында әрқашан жеңіс пен ұлылық болғандығы себепті ғана қосылар еді. Ал егер мүминдер әрқашан жеңіліп отыратын болғанда, онда оларға ешкім қосылмас еді. Сондықтан Иләһи даналық кей кездері мүминдер дұшпандарынан үстем болатынын, ал кейде жеңіліс тауып отыратынын меңзейді. Сонысымен Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалайтын адамдар мен дүниелік мүдделердің соңын қуушылардың ара жігі бөлінеді.
Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына бірде игілік, бірде бақытсыздық жібере отырып, оларды Өзіне кемел құлшылық етулеріне дейін жеткізуді қалайды. Адам қандай жағдайда да Аллаһ Тағаланың мойынсұнушы құлы болуы керек.
Аллаһ Тағала кәпірлерге жеңіс бере отырып, мүминдерді тазартады. Ол былай деді:
﴿ وَلاَ تَهِنُوا وَلاَ تَحْزَنُوا وَأَنتُمُ الأَعْلَوْنَ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ (139) إِن يَمْسَسْكُمْ قَرْحٌ فَقَدْ مَسَّ الْقَوْمَ قَرْحٌ مِّثْلُهُ وَتِلْكَ الأَيَّامُ نُدَاوِلُهَا بَيْنَ النَّاسِ وَلِيَعْلَمَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُواْ وَيَتَّخِذَ مِنكُمْ شُهَدَاء وَاللَّهُ لاَ يُحِبُّ الظَّالِمِينَ (140) وَلِيُمَحِّصَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُواْ وَيَمْحَقَ الْكَافِرِينَ (141) أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُواْ الْجَنَّةَ وَلَمَّا يَعْلَمِ اللَّهُ الَّذِينَ جَاهَدُواْ مِنكُمْ وَيَعْلَمَ الصَّابِرِينَ (142) وَلَقَدْ كُنتُمْ تَمَنَّوْنَ الْمَوْتَ مِن قَبْلِ أَن تَلْقَوْهُ فَقَدْ رَأَيْتُمُوهُ وَأَنتُمْ تَنظُرُونَ (143) وَمَا مُحَمَّدٌ إِلاَّ رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِ الرُّسُلُ أَفَإِن مَّاتَ أَوْ قُتِلَ انقَلَبْتُمْ عَلَى أَعْقَابِكُمْ وَمَن يَنقَلِبْ عَلَىَ عَقِبَيْهِ فَلَن يَضُرَّ اللَّهَ شَيْئًا وَسَيَجْزِي اللَّهُ الشَّاكِرِينَ ﴾
«(Мұсылмандар!) Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмин болсаңдар, әлбетте, үстем боласыңдар. Сендер (Ухудта) жараланған болсаңдар, ол адамдарға да (Бәдрде) осыған ұқсас жарақат жасалды ғой. Аллаһ иман келтіргендерді анықтау үшін және сендердің араларыңнан шәһид болып қаза тапқандарды таңдап алу үшін, Біз күндерді (сәттілік пен сәтсіздіктерді) адамдар үшін кезектестіріп айналдырамыз. Аллаһ залымдарды сүймейді. Әрі бұл мүминдерді тазарту және кәпірлерді жою үшін де. Әлде Аллаһ сендердің араларыңнан соғысқандарыңды және сабырлы болғандарыңды танымастан, Жәннатқа кіріп кетеміз деп ойлайсыңдар ма? Расында, сендер өлімге кездесуден бұрын, оны тілеуші едіңдер. Ал енді оны өз көздеріңмен көріп тұрсындар. Мухаммад - елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе, не өлтірілсе, сендер кері қашасыңдар ма (қайта кәпір боласыңдар ма)? Кім кері қашса, Аллаһқа ешбір зиян келтірмейді. Ал Аллаһ шүкір етушілерді (сый-сауаппен) марапаттайды» («Әли-Имран» сүресі, 139-144 аяттар).
Аллаһ Тағала бұл аятта кәпірлерге жеңіс берілуінің себебі болып табылатын бірнеше даналықты айтып өтеді. Әуелі Ол мүминдерді оларға иман берілгендіктен үстем (жоғары) болуымен қуантып, жігерлендіріп отыр. Егер мүминдер жараланған болса, бұл жарақат Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұну жолында (болды), дәл осындай жарақат кәпірлерге де тиген, бірақ (оларға жарақат) Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұшпандық жасау жолында (тиді). Аллаһ Тағала бұл күндерді адамдар арасында кезектестіріп алмастырып отыратынын хабарлады, және әркімге өзінің тағдырына жазылғаны тиесілі болады. Одан кейін Ол бұны олардың арасында мүминдерді тануы үшін істеді, десе де Ол әрбір зат жайлы онсыз да біледі! Аллаһ Тағала мүминдер арасынан шәһидтерді таңдау үшін бұл күндерді кезектестіріп алмастырады, себебі шәһидтік – адамның Аллаһтың жолында қаза табуы арқылы ғана жететін Оның алдындағы жоғары дәреже. Егер де кәпірлер жеңбейтін болғанда, мүминдердің арасында шәһидтер болмас еді. Содан соң Аллаһ Тағала осы арқылы мүминдерді күнәларынан тазартатынын хабарлады. Олар тәубе ете бастайды, Оған қайтып, күнәлары үшін кешірім сұрай бастайды.
Жиырма бірінші ереже
«Дін амалдарда орташыл болуға және Сүннетке ауытқымай ілесуге негізделеді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لاَ تَغْلُواْ فِي دِينِكُمْ ﴾
«Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер» («әл-Мәида» сүресі, 77-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деді):
﴿ وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ ﴾
«Ысырап жасамаңдар, өйткені Ол ысырапшылдарды жақсы көрмейді» («әл-Ән‘ам» сүресі, 141-аят).
(Аллаһ) тағы да былай деді:
﴿ تِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ فَلاَ تَعْتَدُوهَا ﴾
«Аллаһтың шектеулері осы. Ендеше, оларды бұзбаңдар» («әл-Бақара» сүресі, 229-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп те айтты):
﴿ وَلاَ تَعْتَدُواْ إِنَّ اللَّهَ لاَ يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ ﴾
«...Шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («әл-Бақара» сүресі, 190-аят).
Сондай-ақ (былай деді):
﴿ ادْعُواْ رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ ﴾
«Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («әл-Әғраф» сүресі, 55-аят).
Әрі (былай деп те айтты):
﴿ يَسْأَلُونَكَ عَنِ الأهِلَّةِ قُلْ هِيَ مَوَاقِيتُ لِلنَّاسِ وَالْحَجِّ وَلَيْسَ الْبِرُّ بِأَنْ تَأْتُوْا الْبُيُوتَ مِن ظُهُورِهَا وَلَكِنَّ الْبِرَّ مَنِ اتَّقَى وَأْتُواْ الْبُيُوتَ مِنْ أَبْوَابِهَا وَاتَّقُواْ اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ ﴾
“(Мухаммад,) олар сенен жаңа туған ай туралы сұрайды: «Ол адамдар мен қажылық үшін уақыт белгілейді», - де. Ізгілік үйлеріңе артынан кірулеріңде емес. Бірақ кім тақуа болса, сол ізгі. Ендеше, үйлерге есіктерінен кіріңдер, әрі Аллаһтан қорқыңдар, - бәлкім, табысқа қол жеткізген боларсыңдар” («әл-Бақара» сүресі, 189-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деді):
﴿ الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ وَمَا تَفْعَلُواْ مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللَّهُ وَتَزَوَّدُواْ فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى وَاتَّقُونِ يَا أُولِي الأَلْبَابِ ﴾
«Қажылық белгілі айларда орындалады. Кім осы айларда қажылық жасауды ниет етсе, сол қажылық кезінде жыныстық қатынас жасамауы, күнә істемеуі және ұрыс-керіске түспеуі керек. Қандай жақсылық істесеңдер де, Аллаһ оны біледі. Өздеріңмен азық алыңдар, бірақ азықтың жақсысы – тақуалық. Әй, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар!» («әл-Бақара» сүресі, 197-аят).
Ибн ‘Аббастың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен қажылар тас лақтыратын күні Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Маған тас жинап берші!», - деп айтқаны хабарланады. Кейін Ибн ‘Аббас Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеті ұсақ тастар жинап береді, ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сонда (адамдарға): «Осы тастар сияқты тастарды лақтырыңдар», - деді де, кейіннен: «Әй, адамдар, дінде шектен шығушылық жасаудан қорқыңдар! Ақиқатында, сендерден бұрынғыларды тура сол дінде артық кетушілік жасаулары опат етті», - деп қосты (ән-Нәсаи, 2/49; Ибн Мәжаһ, 2/242; Ибн Хиббан, 1011; әл-Хаким, 1/466; Ахмад, 1/215. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 1283).
Әнастың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: “Өз жандарыңа қатысты шектен тыс қаталдық көрсетпеңдер, әйтпесе Аллаһ сендерге қаталдық көрсетеді. Ақиқатында, өз жандарына өздері қаталдық көрсетететін адамдар болған, ал Аллаһ оларға қаталдық көрсетті. Олардың монастырлар мен кельялардағы жүрген қалдықтарына қарасаңдаршы: «...Ал монахтықты олар өздері ойдан шығарып алды. Біз оларға мұны бұйырмадық» («әл-Хадид» сүресі, 27-аят)” (хадис сахих. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 3124).
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінді қиындатуға, яғни оған шариғат бекітіп қойғаннан тыс тағы бір нәрселер қосуға тыйым салды. Егер құл өзі үшін дінді қиындататын болса, онда Аллаһ та оған қиындатады.
Убай ибн Ка‘б (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «(Аллаһтың) жолы мен Сүннеттен ұстаныңдар! (Аллаһтың) жолы мен Сүннетте болып, қорқынышынан терісі бүрісетіндей Аллаһты зікір етсе, одан күнәлары солған ағаштан жапырақтары сыпырылып түсетіндей етіп төгіліп түспейтін адам жоқ. Ақиқатында, (Аллаһтың) жолы мен Сүннеттегі орташылдық (Аллаһтың) жолы мен Сүннетке қайшы келетін жолдағы ыждағаттан жақсырақ. Сондықтан да амалдарың орташыл болып, пайғамбарлар мен олардың Сүннетіне сәйкес болуға ұмтылыңдар» (Ибн Мубарак «әз-Зуһд», 1698; әл-Ләләкаи «Шарх Усул әл-И‘тиқад», 7; Абу Ну‘айм «Хилйяту-л-Әулийя», 1/135).
Жиырма екінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а үмметті Құран мен Сүннетті түсінуге итермелейді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَمِنْهُمْ أُمِّيُّونَ لاَ يَعْلَمُونَ الْكِتَابَ إِلاَّ أَمَانِيَّ وَإِنْ هُمْ إِلاَّ يَظُنُّونَ ﴾
«Олардың ішінде Кітапты білмейтін сауатсыздары да бар. Олар тек бос армандарға сенеді және жорамалдар ғана жасайды» («әл-Бақара» сүресі, 78-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ أَفَلاَ يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِندِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُواْ فِيهِ اخْتِلافًا كَثِيرًا ﴾
«Ал сонда олар Құран туралы ойланбайды ма? Өйткені егер ол Аллаһтан өзгеден болғанда, олар одан көптеген қайшылықтар табар еді» («ән-Ниса» сүресі, 82-аят).
Сондай-ақ (былай деп те):
﴿ وَمِنْهُم مَّن يَسْتَمِعُ إِلَيْكَ حَتَّى إِذَا خَرَجُوا مِنْ عِندِكَ قَالُوا لِلَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ مَاذَا قَالَ آنِفًا أُوْلَئِكَ الَّذِينَ طَبَعَ اللَّهُ عَلَى قُلُوبِهِمْ وَاتَّبَعُوا أَهْوَاءهُمْ ﴾
“Олардың ішінен сені тыңдайтындары да бар. Олар сенің қасыңнан шыққан кезде өздеріне білім берілгендерден: «Ол қазір ғана не айтты?», - деп сұрайды. Міне, осылар – Аллаһ жүректерін бітеп қойғандар және өз әуестерін құптай беретіндер” («Мухаммад» сүресі, 16-аят).
(Ол) тағы да (былай деді):
﴿ وَأَنزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ ﴾
«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, әрі олар ойлансын деп Құранды түсірдік» («ән-Нәхл» сүресі, 44-аят).
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімге Аллаһ игілік қаласа, соған Ол дінде дұрыс түсінік береді» (әл-Бухари, 71; Муслим, 1037).
Мұсылмандар екі нәрсеге мұқтаж:
Біріншіден, олар Аллаһ Тағала Құранда және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетте нені меңзегенін білуі қажет, бұл үшін олар Құран түскен тілді білуі қажет.
Екіншіден, олар сахабалардың, табиғиндердің және мұсылман ғалымдарының Құран мен Сүннеттегі сөздердің мағыналары туралы не айтқандарын білуге тиіс. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Құран арқылы сөйлеп, кейін осы сөздермен не меңзелетінін түсіндіріп беретін. Сахабалар Құранның мағыналарын Құранның сөздерінен де жетіктеу білген. Олар табиғиндерге осы мағыналарды Құранның әріптерінің өздерін жеткізгеннен де жоғары дәрежеде жеткізген. Сонымен бірге олардың арасында Құранды толық жатқа білгендері көп болмаған.
Имам Мәлик былай деді: «Ақиқатында, білімді қалдырып, құлшылыққа салынған, ал содан соң Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне қарсы қылыш көтеріп шыққан адамдардың топтары бар. Бірақ егер олар білім талап еткенде еді, бұл оларға мұны істеуге жол бермес еді». Кейін ол былай деді: “Абу Муса әл-Әш‘ари ‘Умар ибн әл-Хаттабқа: «Біздің арамызда Құранды жаттап алған осыншама адамдар бар», - деп хат жазған еді. ‘Умар оған: «Оларға мұсылмандардың қазынасынан сый бер», - деп жауап берді. Келесі жылы Абу Муса әл-Әш‘ари былай деп жазды: «Ақиқатында, осы жылы Құранды өте көп адамдар жаттап алды». (Сонда) ‘Умар: «Оларды ақша алушылардың тізімінен өшіріп таста. Расында, мен адамдар дінді түсінбестен Құран жаттайтын әрі сосын оны дұрыс емес түсіндіретін болады деп қорқамын», - деп жауап берді” (Қз.: «Мифтаху Дар әс-Са‘ада», 1/119).
Хауариждер де осы нәрсеге түскен еді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар Құранды оқиды, алайда ол олардың кеңірдектерінен төмен түспейді», - деген сөздерінің айқын мағынасы да, міне, дәл осыда (әл-Бухари, 3610; Муслим, 1064).
Жиырма үшінші ереже:
Достарыңызбен бөлісу: |