Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


«Бидғат оны жақтаушылардың жүздерінде және олардың абайсыздан сөйлеген сөздерінде көрініс табады»



бет17/23
Дата28.01.2018
өлшемі4,82 Mb.
#34260
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

«Бидғат оны жақтаушылардың жүздерінде және олардың абайсыздан сөйлеген сөздерінде көрініс табады»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ مُّحَمَّدٌ رَّسُولُ اللَّهِ وَالَّذِينَ مَعَهُ أَشِدَّاء عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَاء بَيْنَهُمْ تَرَاهُمْ رُكَّعًا سُجَّدًا يَبْتَغُونَ فَضْلا مِّنَ اللَّهِ وَرِضْوَانًا سِيمَاهُمْ فِي وُجُوهِهِم مِّنْ أَثَرِ السُّجُودِ ذَلِكَ مَثَلُهُمْ فِي التَّوْرَاةِ وَمَثَلُهُمْ فِي الإِنجِيلِ كَزَرْعٍ أَخْرَجَ شَطْأَهُ فَآزَرَهُ فَاسْتَغْلَظَ فَاسْتَوَى عَلَى سُوقِهِ يُعْجِبُ الزُّرَّاعَ لِيَغِيظَ بِهِمُ الْكُفَّارَ وَعَدَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنْهُم مَّغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا ﴾

«Мухаммад – Аллаһтың Елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатал әрі өзара тым рахымды. Оларды Аллаһтың мәрхаметі мен ризалығына ұмтылып рүкұғ пен сәжде жасайтынын көресің. Олардың белгілері жүздеріндегі сәжденің іздері болып табылады. Осылайша, олар Тәуратта да көрсетілген. Ал Інжілде олар бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған әрі егіншілерді таң қалдырған егін сияқты көрсетілген. Аллаһ бұл мысалды, ол арқылы кәпірлерді ызаландыру үшін, келтірді. Аллаһ олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау және зор сыйлық уәде етті» («әл-Фатх» сүресі, 29-аят).

(Ол) сондай-ақ былай деді:



﴿ إِنَّ فِي ذَلِكَ لَآيَاتٍ لِّلْمُتَوَسِّمِينَ ﴾

«Күдіксіз, осыда қырағылар үшін белгілер бар» («әл-Хижр» сүресі, 75-аят).

Әрі былай деді:



﴿ وَلَوْ نَشَاء لَأَرَيْنَاكَهُمْ فَلَعَرَفْتَهُم بِسِيمَاهُمْ وَلَتَعْرِفَنَّهُمْ فِي لَحْنِ الْقَوْلِ وَاللَّهُ يَعْلَمُ أَعْمَالَكُمْ ﴾

«(Мухаммад,) егер қаласақ, екіжүзділерді саған көрсетер едік те, сен оларды бет-бейнелерінен танитын едің. Бірақ оларды сөз аңғарынан танисың. Аллаһ істегендеріңді біледі» («Мухаммад» сүресі, 30-аят).

Тағы да былай деді:



﴿ وَإِذَا رَأَيْتَهُمْ تُعْجِبُكَ أَجْسَامُهُمْ وَإِن يَقُولُوا تَسْمَعْ لِقَوْلِهِمْ كَأَنَّهُمْ خُشُبٌ مُّسَنَّدَةٌ يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْ هُمُ الْعَدُوُّ فَاحْذَرْهُمْ قَاتَلَهُمُ اللَّهُ أَنَّى يُؤْفَكُونَ ﴾

«(Мухаммад,) сен оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. Олар дұшпан, сондыктан олардан сақтан. Оларды Аллаһ типыл қылсын. Олар нендей ақиқаттан бет бұрған («Мунафиқун» сүресі, 4-аят).

Аллаһ сондай-ақ былай деп те айтты:



﴿ وَيَقُولُ الَّذِينَ آمَنُوا لَوْلا نُزِّلَتْ سُورَةٌ فَإِذَا أُنزِلَتْ سُورَةٌ مُّحْكَمَةٌ وَذُكِرَ فِيهَا الْقِتَالُ رَأَيْتَ الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ يَنظُرُونَ إِلَيْكَ نَظَرَ الْمَغْشِيِّ عَلَيْهِ مِنَ الْمَوْتِ فَأَوْلَى لَهُمْ ﴾

Иман келтіргендер: «(Жиһад туралы) бір сүре неге түсірілмейді?», - дейді. Ал ішінде соғыс туралы баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, сен жүректерінде дерті барлардың саған өзін өлім есірігі басқан адамдардың қарауынша қарағанын көресің” («Мухаммад» сүресі, 20-аят).

Және (Ол былай деді):

﴿ وَكَذَلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا شَيَاطِينَ الإِنسِ وَالْجِنِّ يُوحِي بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ زُخْرُفَ الْقَوْلِ غُرُورًا وَلَوْ شَاء رَبُّكَ مَا فَعَلُوهُ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ ﴾

«Осылайша, Біз әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан белгіледік. Олар алдап, бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Егер Раббың қаламағанда, олар бұлай жасамас еді. Оларды өз ойларынан шығарған (өтірік) сөздерімен бірге қалдыра сал» («әл-Әнғам» сүресі, 112-аят).

Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз Раббысынан Оның былай деп айтқанын жеткізгені туралы баяндалады: «Ал мен құлымды сүйген кезде, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын, әрі егер ол Менен әлдебір нәрсені сұраса, Мен міндетті түрде оған соны беремін, ал егер ол Менен қорғау тілесе, Мен міндетті түрде оны қорғаймын» (әл-Бухари, 6502).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Шыншыл және ізгі адамның жүзінде шыншылдықтың нұры мен оны сол арқылы тануға болатын әдемілік пайда болады. Тура осы нәрсе бетінде өтіріктің белгілері көрініс табатын бұзық өтірікшіге де қатысты. Әрі адамның жасы қаншалықты үлкен болса – соншалықты осы белгілер де күштірек көріне береді. Бұзық адам жас кезінде әдемі болған болуы, бірақ қартайған шағында оның жүзінде ішіндегісінің әсерінен ұсқынсыздық пайда болуы мүмкін. Ибн ‘Аббастың былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, ізгі іс-амал жүрекке нұр, жүзге жарқындық, денеге күш, ризыққа кеңдік сыйлайды, әрі адамдардың жүрегінде (сол іс-амалдың иесіне деген) сүйіспеншілік туғызады. Ал жаман іс-амалға келер болсақ, ол жүрекке түнек ұялатады, бетке қаралық, денеге әлсіздік береді және адамдардың жүректерінде жек көрушілік туғызады».

Адам қасақана өтірік айтпауы мүмкін, алайда ол Аллаһқа, Оның елшілеріне, дініне немесе салиқалы құлдарына қатысты жалған ақидаға ие болуы мүмкін. Осы орайда ол зуһд болуы, Аллаһқа көп құлшылық-ғибадат жасауы әрі осыда ынта-ыждағат танытуы да мүмкін. Бірақ ол ақиқат деп санап жүрген өтірік пен оның ішкі кейіпі бетінен байқалады. Кейбір сәләфтар: «Бидғат иесі тіпті күнде (хош майлармен) майланса да, бәрібір оның бетінде бидғаттың қаралығы қалып қалады», - деп айтқандай, оның жүзін хал-жағдайына сәйкес қаралық қаптайды. Ал Қиямет Күні бұл нәсрелердің барлығы толық мөлшерде көрініс табады. Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммад,) Қиямет Күні Аллаһқа өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің. Менменсінгендердің орны Тозақ емес пе? Аллаһ тақуаларды құтқарады, әрі олар табысқа жетеді. Оларға жамандық тимейді, әрі олар күйзелмейді» («әз-Зумәр» сүресі, 60-61 аяттар). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Қиямет Күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды. Сонда қара беттерге: «Иман келтіргеннен кейін кәпір болдыңдар ма? Ендеше, күпірлік еткендерің себепті азапты татыңдар!», - делінеді. Ал енді кімнің жүздері ағарса, солар Аллаһтың рахметінде болады. Олар онда мәңгі қалады» («Әли Имран» сүресі, 106-107 аяттар) (Қз.: «әл-Жәуаб әс-Сахих лиман бәддалә дин әл-Масих», 6/489).
Қырқыншы ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а адамдардың саясаты міндетті түрде Аллаһтың Кітабына, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне және салиқалы сәләфтардың түсінігіне сәйкес келуі керек екеніне және олар адамдарға жеңілдік жасауды сылтауратып, немесе олардың сүйіспеншілігіне ие болу мақсатында, немесе әлдебір лауазымдарға жету үшін, немесе нәпсі құмарлықтарының қысым жасауымен, немесе ақшаға сатылғыш баспасөздің қысымымен Аллаһ харам еткен нәрселерді хәлал етуге құқығы жоқ екеніне мығым сенеді. Ал Аллаһ – Ол тура жолмен жүргізуші»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَأَنِ احْكُم بَيْنَهُم بِمَا أَنزَلَ اللَّهُ وَلاَ تَتَّبِعْ أَهْوَاءهُمْ وَاحْذَرْهُمْ أَن يَفْتِنُوكَ عَن بَعْضِ مَا أَنزَلَ اللَّهُ إِلَيْكَ فَإِن تَوَلَّوْا فَاعْلَمْ أَنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ أَن يُصِيبَهُم بِبَعْضِ ذُنُوبِهِمْ وَإِنَّ كَثِيرًا مِّنَ النَّاسِ لَفَاسِقُونَ ﴾

«Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Олардың қалауларына ілеспе және олар сені Аллаһ түсірген кей үкімдерден бет бұрғызуынан сақтан! Егер олар теріс бұрылса, күдіксіз, Аллаһ оларды кей күнәлары себепті жазаға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында, адамдардың көбі бұзық» («әл-Мәида» сүресі, 49-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ وَإِن كَادُواْ لَيَفْتِنُونَكَ عَنِ الَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ لِتَفْتَرِيَ عَلَيْنَا غَيْرَهُ وَإِذًا لاَّتَّخَذُوكَ خَلِيلاً (73) وَلَوْلاَ أَن ثَبَّتْنَاكَ لَقَدْ كِدتَّ تَرْكَنُ إِلَيْهِمْ شَيْئًا قَلِيلاً (74) إِذَاً لَّأَذَقْنَاكَ ضِعْفَ الْحَيَاةِ وَضِعْفَ الْمَمَاتِ ثُمَّ لاَ تَجِدُ لَكَ عَلَيْنَا نَصِيرًا ﴾

«(Мухаммад,) олар сені саған уахи еткенімізден басқа нәрсені бізге жала жапсыртып бұзуға дейін жақындата жаздады. Міне, сол уақытта олар сені дос тұтар еді. Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине, оларға біраз бейімдеуге жақындар едің. Егер ондай болса, саған тіршілікте де, қайтыс болғаннан кейін де, әлбетте, еселеп азап таттырар едік. Сосын өзің үшін Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің(«әл-Исра» сүресі, 73-75 аяттар).

Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Бұрын исраилдіктерге пайғамбарлар билік ететін, әрі бір пайғамбар қайтыс болса, оның орның басқасы алатын. Ал мен туралы айтар болсақ, онда, ақиқатында, менен кейін пайғамбарлар болмайды, бірақ көп халифалар болады». (Сонда) адамдар: «Ендеше (олай болса), сіз бізге нені бұйырасыз?», - деп сұрады. Ол: «Олардың (адамдар) ант беретінінің әрбір алғашқысына адал болыңдар, әрі құқықтарын орындаңдар, ал Аллаһ оларға берген барлық нәрселері үшін олардан сұрақ алады» (әл-Бухари, 3455; Муслим, 1842).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Аллаһтың Кітабын ұстанатын ғалымдар осы Кітаптағы дәлелдерді түсінді, тура жолды, нақтылап айтқанда пайдалы білім мен ізгі-салиқалы амалды түсінді. Аллаһ Өзінің Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберген даналықты орындайтын бұл ғалымдар Аллаһтың Кітабы мен Сүннеттен басқа адамдардың білімін өзіне қамтитын пайдалы білімнің көптеген түрлерін табады. Осы білім арқылы олар адамдар арасындағы ақиқатты ұстанушылар мен өтірікті жақтаушылардың аражігін ажырата алады. Бұл – Аллаһ Тағала осы үммет үшін растап куәлік еткен сипат. Аллаһ Тағала былай деді: «Осылайша, сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ Пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Сен бұрын жүзіңді соған қаратқан қыбланы Біз Елшіге ілесетіндерді кері бұрылатындардан ажырату үшін ғана тағайындаған едік. Әрине, бұл Аллаһ тура жолға салғандардан басқаларға ауыр болды. Аллаһ имандарыңды ешқашан жоймайды. Күдіксіз, Аллаһ адам баласына өте Жұмсақ әрі ерекше Мейірімді» («әл-Бақара» сүресі, 143-аят). Осы білімнің арқасында ғалымдар кәләмнің (пәлсапаның) жақтаушыларынан болған бидғатшылардың «дінге көмектесіп жатырмыз» деп мәлімдеп ойдан шығарған жарамсыз дәйектерінсіз-ақ амалдай алады. Осы білімнің арқасында ғалымдар «қиястар арқылы біз дінді толықтырып жатырмыз» деп айтатын қиястың жақтаушыларының жарамсыз пікірлерінсіз-ақ амалдай алады. Ал адамдар ұсынатын дұрыс пікірлерге келер болсақ, олардың негізі бәрібір Аллаһтың Кітабында және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде бар. Мұны түсінген адам түсінді, ал осыдан мақұрым болған адам мақұрым болды” (Қз.: «Иқтида әс-Сырат әл-Мустақим», 1/282).

Шейхул-Ислам Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Аллаһ Тағала Өзінің Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не нәрсемен жібергенін және сахабалар нені ұстанғанын білетін адам діндар кісілер деп аталатын адамдамдың басым бөлігі шын мәнісінде діндардыққа барлық нәрседен де азырақ ие екендігін түсінеді. Әрі біз тек Аллаһтан ғана көмек тілеп жалбарынамыз! Аллаһтың тыйымдары тапталып жатқанын, Оның шекаралары бұзылып жатқанын, Оның діні тасталып жатқанын, Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті тасталып жатқанын көре тұра жүрегі салқын, ал тілі үнсіз болатын адамда қандай қайыр және қандай дін болуы мүмкін?! (Ол –) үнсіз шайтан! Діннің қасіреттері осы адамдардың күнәсынан ғана орын алып жатыр емес пе?! (Олар –) асы мен лауазымын алып, дін үшін қам жемейтін адамдар! Ал олардың ішіндегі ең жақсысы – өзін (дін үшін) қайғырушы және өз жанын жейтін етіп көрсетушісі. Бірақ егер әлдебіреу оның жеке жағдайына немесе мал-мүлкіне қол сұқса, ол ерекше ыждағат танытады. Осы жағдайда ол сөгудің бүкіл үш дәрежесін қолдана бастайды. Мұндай адамдар Аллаһтың разылығынан мақұрым және Оның қаһарына лайықты, бірақ осының барлығынан бөлек олар осы өмірдің өзінде-ақ бақытсыздыққа душар болады, әрі мұны өздері сезбейді де. Ал бақытсыздық дегеніміз – бұл жүректің өлуі. Өйткені жүректің тірі болуы қаншалықты кәміл болса – ол соншалықты Аллаһ пен Оның Елшісі үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатты ызаланады. Жүректің тірі болуы қаншалықты кәміл болса – адам соншалықты дінге көмектеседі” (Қз.: «И‘ләм әл-Мууақи‘ин», 2/177).

Сондай-ақ Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Мен бір кісінің біздің шейхымызға: «Егер адам ақшаға қатысты қиянат жасайтын болса, Аллаһ одан осы мәселедегі түсінікті алып қояды», - деп айтқанын естігенмін. Шейх болса оған: «Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білім мәселесінде қиянат жасайтын адам да тура сол секілді», - деп жауап берді” (Қз.: «Раудату-л-Мухиббин», 1/480).

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

“Дінге менсінбеушілікпен қарау да шектен шығушылық (ғулю) сияқты қауіпті. Сол үшін де Аллаһ Тағала былай деп айтады:



﴿ وَاللَّهُ يُرِيدُ أَن يَتُوبَ عَلَيْكُمْ وَيُرِيدُ الَّذِينَ يَتَّبِعُونَ الشَّهَوَاتِ أَن تَمِيلُواْ مَيْلاً عَظِيمًا ﴾

«Аллаһ сендердің тәубелеріңді қабыл етуді қалайды, ал өз әуестіктерін мақұлдайтындар сендердің зор ауытқумен жолдан шығуларыңды қалайды» («ән-Ниса» сүресі, 27-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا ﴾

«Олардан кейін намазды қойып, көңіл қалауларының жетегінде кеткен ұрпақтар келді. Олардың барлығы жапа шегеді» («Мәриям» сүресі, 59-аят).

Өздерінің дініне менсенбеушілікпен қарайтын бұл адамдар дінді лайықты түрде ұстанатындарды радикалдар, шектен шығушылар, экстремистер деп атайды. Бұл адамдар барлық нәрсеге рұқсат ететін бетімен кетушілікті, діни рәсімдер мен әдет-ғұрыптардан азат етілуді, нағыз ілгерілеу (прогресс), алға қарай адымдау, өркениеттілік деп санайды. Олар: «Дінді ұстану еркіндікті басып тастайды және дүние жүзілік ілгерілеуге (прогреске) тосқауыл болады», - деп айтады. Олардың кейбіреулері шариғаттың кейбір бұйрықтарын алып тастау үшін: «Дін – бұл жеңілдік!», - деп жатады. Иә, дін өзінің бұйрықтарында жеңіл болып табылады, бірақ бұл «адам діннің бұйырған нәрселерін алып тастай алады» дегенді білдірмейді. Бұл жеңілдік болмайды! Керісінше, бұл күнә болады. Егер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі шешімнің біреуін таңдау мүмкіндігі тура келсе, ол осыда күнә болмаса ғана ең жеңілін таңдайтын.

Күнә болып табылатын діндегі жеңілдіктер шын мәнісінде діннің шеңберінен және оның бұйрықтарынан шығу болады. Дінге менсінбеушілікпен қараудың зияны шектен шығушылықтың зиянынан жаманырақ. Сондықтан да діннен бет бұрған бұл надандар артық кетушілік (ғулю) не екенін басқаларға түсіндіруге ешқандай қақысы жоқ. Шектен шығушылық туралы тек білімдерінде мығым болған, осы мәселелерді Құран мен Сүннетке сүйенген түрде түсіндіріп бере алатын тақуа ғалымдар ғана сөйлеуге құқықты. Бұл туралы сөйлеуге журналисттер де, өз әуестіктерінің жетегінде кеткендер де, надандар да, ғалымсымақтар да, адасқандар да сөйлеуге құқықты емес. Аллаһ Тағала былай деді: «Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» («әл-Әнбийя» сүресі, 7-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «(Мухаммад,) оларға: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?», - де. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана үгіт ала алады» («әз-Зумәр» сүресі, 9-аят).

Біз (яғни адамдар – ауд. (қаз.)) білім иелерінің түсінуінен өз көңіл қалауларынымыздың (әуестіктеріміздің) түсінуіне қарай бет алып кеткен кезде, адасушылықтар мен қателіктерге түстік. Біз бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында адамдар дін мәселелері туралы, артық кетушілік туралы ешқандай түсінікке ие болмастан сөйлеп жатқандарын көріп жатырмыз. Олар мұны не өздерінің жаман ниеттері себепті, не жаман түсініктері себепті айтып жатыр. Олар бұл мәселелер жайында әуестіктеріне ілесіп сөйлейді, ал Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер ақиқат олардың қалауларына тәуелді болғанда, көктер мен жер және ондағылар жоқ болар еді. Олай емес. Оларға Үгіт (Құран) келтірдік. Сонда олар өздеріне берілген Үгіттен теріс бұрылды» («әл-Муминун» сүресі, 71-аят).

Бұл адамдар дінді берік ұстануды шектен шығушылық деп айтады. Олар дұрыс сенімді берік ұстанатындарды экстремисттер мен радикалдар деп атайды” (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Қырық бірінші ереже:

«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а дағуаттың шариғи әдістеріне сәйкес адамдарға олардың түсіну (деңгейін), жағдай-күйін ескерген түрде үндеу жасау керек деп санайды, және әрбір адамның жеке парызы (фард ’айн) болып саналмайтын нәрселер туралы сөз болып жатқан жерде барлық адамдарға бірдей сөйлеудің Аллаһ (Тағала) дағуатта орнатқан әдіснамамен (мәнһажбен) ешқандай сәйкестігі жоқ деп есептейді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ ادْعُ إِلَى سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَجَادِلْهُم بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ ﴾

«(Адамдарды) Рабыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр, әрі олармен көркем түрде айтыс. Күдіксіз, Раббың тура жолға ілесушілерді жақсы біледі» («ән-Нәхл» сүресі, 125-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ وَإِذَا جَاءَهُمْ أَمْرٌ مِّنَ الأَمْنِ أَوِ الْخَوْفِ أَذَاعُواْ بِهِ وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَى أُولِي الأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنبِطُونَهُ مِنْهُمْ وَلَوْلاَ فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لاَتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ إِلاَّ قَلِيلاً ﴾

«Қашан оларға аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға, не өздерінің ішіндегі ықпалдыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын оны зерттей алатындар білер еді. Егер сендерге Алаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді» («ән-Ниса» сүресі, 83-аят).

Имам әл-Бухари өзінің «әс-Сахих» жинағындағы «Білім кітабында» бір тарауды «Өзінің сөздерінің бұрыс түсінілуінен қорқып, білімді біреулерге жеткізіп, ал басқаларға жеткізбеген (адам) туралы» деп атаған. Кейін ол ‘Али ибн Аби Талибтың (Аллаһ оған разы болсын): «Адамдарға олар түсінетін нәрсені айтыңдар. Олар Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірікші деп санауын қалайсыңдар ма?», - деп айтқан сөздерін келтірген (әл-Бухари, 127).

Ал содан соң имам әл-Бухари Исхақ ибн Ибраһимнен, ал ол Му‘аз ибн Хишамнан, ал Му‘аз ибн Хишам өз әкесінен, ол Қатададан, (Қатада) болса Әнас ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) (бірде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (есегін мініп,) артына Му’аз ибн Жәбәлді мінгестіріп кетіп бара жатып, Му’азға: «Әй, Жәбәлдің ұлы Му’аз!», - деп айтқанын, ал Му’аз: «Мен сіздің алдыңыздамын, уа, Аллаһтың Елшісі, және сізге қызмет етуге бақыттымын!», - деп жауап бергенін жеткізген. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да: «Әй, Му’аз!», - деді, әрі Му’аз тағы да: «Мен сіздің алдыңыздамын, уа, Аллаһтың Елшісі, және сізге қызмет етуге бақыттымын!», - деп жауап берді де, осыны үш мәрте қайталады. Сол кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын жүрегімен сенген күйде: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ, және Мухаммад – Аллаһтың елшісі», - деп куәлік берген кез-келген адамға Аллаһ (Тозақ) отын харам етеді», - деді. Му’аз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, адамдарға осыны айтып қуантайын ба?», - деп (сұрады). Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, өйткені олар осыған ғана үміт артып алады», - деді. Әрі Му’аз осыны адамдарға өзінің қайтыс болуына таяу қалған кезде ғана, мұны айтпай кету күнә болады деп санағандығы себепті айтқан болатын (әл-Бухари 128, Муслим 32).

Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Көп адамдар билікке ие болған өз жолдастарынан олар билікке (қол жеткізгенге) дейінгі қарым-қатынасты талап етеді. Бірақ олар өздеріне деген бұрынғы қарым-қатынасты таппаған соң, олардың арасындағы өзара сүйіспеншілік бұзылады. Міне, осы - өзіне бұрынғыдай қарым-қатынасты талап етушінің тарапынан көрінетін надандық. Бұл (белгілі бір) адамның мас жолдасынан өзіне есі сау кезіндегідей қарым-қатынас жасауын талап ететіні сияқты. Бұл – қателік! Ақиқатында, билік адамдарды шарап мас ететіндей, бәлкім, одан да күштірек мас етеді. Егер билік мас етпейтін болғанда, онда оған қол жеткізгендер оны Ақырет өмірінен абзал көрмес еді. Биліктен мас болу шараптан мас болудан анағұрлым күштірек. Мас адамнан есі сау адамнан күтетіндей мінез-құлықты күту мүмкін емес. Сондықтан да Аллаһ Тағала Өзінің аса құрметті құлы Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) копттардың (мысырлықтардың) патшасына жұмсақ сөз сөйлеуді бұйырды. Билеушіге жұмсақ сөздер арқылы сөйлеп-жүгіну шариғатта да, ақылда да, адамдардың әдет-ғұрпында да талап етіледі. Бұл адамның бойына тума дарытылған (фитра). Дәл сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тайпа және ру жетекшілеріне жұмсақ сөйлеп жүгінетін. Муса (Аллаһтың оған сәлемі болсын) Перғауынға: «Тазарғың келеді ме? Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін, сонда Одан қорқатын боласын», - деп айтып, Аллаһтың бұйрығын қалай орындағанына қарашы («ән-Нәзиғат» сүресі, 18-19 аяттар). Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Перғауынға бұйрық түрінде емес, сұрақ түрінде жүгінді. Ол оған: «Тазарғың келеді ме?», - деді.

Тура сол сияқты Ибраһим де (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өзінің әкесіне мынандай сөздермен жүгінді: «Уа, әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңізге бір пайдасы жоқ нәрсеге неге сиынасыз («Мәриям» сүресі, 42-аят). (Ол) өз сөздерін бұл адам оның әкесі екенінен бастап, сонысымен өзінің (оған деген) құрмет-ілтипатын көрсетті. Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын) оны атымен атамады, ал содан соң оған тағы да (біз жоғарыда айтқандай) бұйрық райында емес, сұрақ түрінде сөйлеп жүгінді. Кейін Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын): «Уа, әкетайым! Расында, маған сізге ашылмаған білім ашылды», - деп жалғастырды («Мәриям» сүресі, 43-аят). Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өз әкесіне: «Сен надансың! Сенде ешқандай білім жоқ», - демеді. Ол (өз сөздерінен) түсінілуі тиіс болған мағынаны көрсететін сыпайы және жұмсақ сөйлеу (мәнерін) таңдап алды. Содан соң Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын): «Ендеше, маған ілесіңіз. Сізді тура жолмен жетелейін», - деді («Мәриям» сүресі, 43-аят). Бұл Мусаның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Перғауынға: «Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін», - деп айтқан сөздеріндей еді («ән-Нәзиғат» сүресі, 18-19 аяттар). Кейін Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын): «Уа, әкетайым! Сізді Аса Мейірімдінің (Аллаһтың) жағынан азап қолға алуынан, әрі сіз шайтанға дос болып қалуыңыздан қорқамын», - деп айтты («Мәриям» сүресі, 45-аят). Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қорқуды әкесіне емес, өзіне қатысты етті. Жанашыр кісі жаны ашып жатқан адамына қатысты осылай істейді. Кейін ол Аллаһтың басқа, мысалы, Құдіретті, Барлық нәрсені Жеңуші (Бағындырушы) деген сияқты есімдерін емес, «әр-Рахман» (Аса Мейірімді) деген есімін атады. (Ендеше,) қандай сөз бұдан жұмсақ және сыпайы болуы мүмкін?!

«Я Син» сүресінде аталған адам да өз халқына тура осындай үлгімен сөйлеген еді. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: «Әй, қауымым! Елшілерге ілесіңдер. Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда. Өзімді Жаратқанға және сендер де Соған қайтарылатынға неге құлшылық қылмаймын?» («Я Син» сүресі, 20-22 аяттар). Тура осы нәрселер Нухтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өз халқына айтқан (мына) сөздеріне де қатысты: «Шын мәнінде, мен сендерге ашық ескертушімін. Аллаһқа құлшылық етіңдер, Одан қорқыңдар, әрі маған бағыныңдар. Ол күнәларыңды жарылқайды және мерзімдеріңді ұзартады» («Нух» сүресі, 2-4 аяттар).

Тура сол секілді, егер сіз басқа пайғамбарлардың өз халықтарына жасаған үндеулерін талдайтын болсаңыз, бұл үндеулер ең жұмсақ әрі сыпайы екенін көре аласыз. Мұның үстіне, Аллаһ Тағаланың пенделеріне жасаған үндеуі де жұмсақ болып табылады. Мысалы, Ол былай деп айтады: «Әй, адамдар! Сендерді де, сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине, сақтанған боларсыңдар. Ол сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты, әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әртүрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаһқа ешкімді теңемеңдер» («әл-Бақара» сүресі, 21-22 аяттар). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтады: «Әй, адамдар! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: сендердің Аллаһтан өзге табынғандарың – барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды» («әл-Хәжж» сүресі, 73-аят). (Ол) сондай-ақ (былай дейді): «Әй, адам баласы! Сөз жоқ, Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше, дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын, сондай-ақ азғырушы да (шайтан) сендерді Аллаһ туралы алдамасын» («әл-Фәтыр» сүресі, 5-аят).

Аллаһ Тағаланың мына сөздері жайында ойланшы: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар», - деген едік. Ібілістен басқасының барлығы сәжде етті. Ол жындардың бірі еді әрі Раббысының әмірінен бас тартты. Сонда да сендер Менің орныма оны және оның ұрпақтарын, олар сендерге дұшпан болса да қамқоршы және көмекші етіп алмақсыңдар ма? Бұл залымдар үшін нендей жаман алмастыру!» («Кәһф» сүресі, 50-аят). Бұл – адамның ақылын баурап алатын жұмсақтық. Аллаһ Тағала былай деп те айтады: «Сендер шектен шыққан ел екен деп, Ескертуді (Құранды) баян етуден айнып кетейік пе?» («әз-Зухруф» сүресі, 5-аят).

Сондай-ақ жындар да өздерінің халқына: «Әй, халқымыз! Аллаһтың шақырушысын (Мухаммадты) қабылдаңдар. Және Аллаһқа иман келтіріңдер. Ол күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды» («әл-Әхқаф» сүресі, 31-аят), - деп жасаған үндеуінің жұмсақтығы туралы ой қозғашы” (Қз.: «Бәдаи‘ ул-Фәуаид», 3/652).

Сондай-ақ Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) Муса пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) сөздерін сипаттап, былай деді: «Сөйлем құрудың көркемділігіне және үндеу жасаудың тәртібіне қараңызшы! Өзінің әдемілігімен және тәттілігімен жүректерді баурап алатын бұл жұмсақ үндеуге қараңызшы. Ол өзінің үндеуінің қалай бастады? Ол: «Расында, мені Раббың жіберді», - деуден бастады («Мәриям» сүресі, 19-аят). Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын): «Мен сенен билікті тартып алу үшін, немесе оны сенімен бөлісу үшін келген жоқпын! Жоқ, біз Харун екеуміз – бар болғаны Раббың жіберген екі құлмыз!», - дегенді меңзеді. Содан соң олар Перғауыннан ол Исраил ұрпақтарын азат етуін және оларды жазаламауын ғана талап етті. Егер адам өзгеден заңсыз дұшпандық пен зұлымдықты тастауды талап етсе, бұл қандай да бір шектен шыққан талап болып табылмайды. Бұл Перғауынға шамадан тыс нәрсені жүктеу болып табылмайды. Ал содан соң Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын): «Саған Раббыңның мұғжизасымен келдік», - деді («Та Ха» сүресі, 47-аят). Яғни: «Біздің өтірік пен жалған сөздерге қатысымыз жоқ. Біз саған айқын аяттар алып келдік және дәлел ұсынамыз»(, - деді). Бұл Перғауынмен екі нәрсенің бірі орын алатынына нұсқайды: не ол құлақ салып мойынсұнады да, тура жолға ілесушілерден болады, (ал) Аллаһ Тағала: «Есендік тура жолға ілескенге болсын!», - деді («Та Ха» сүресі, 47-аят). Не ол мұны өтірікке шығарады да, теріс бұрылады, ал Аллаһ: «Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді», - деп айтты («Та Ха» сүресі, 48-аят)» (Қз.: «Бәдаи‘ ул-Фәуаид», 2/369).



Қырық екінші ереже:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет