«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Бірінші қателік: көпшілік құдайшыл болу (уара‘) — бұл харам нәрселерді тастау ғана, әрі бұған парыздарды орындау жатпайды деп ойлайды. Мұндай түсінікке өзін құдайшыл және діндар деп санайтын көптеген адамдар ие. Сіз адамның өтірік айтудан сақтанатынын, хәлал екендігінде күмән бар тіпті бір дирхамнан сақ болатынын, өзіне күнәні қамтитын түрлі қарым-қатынастан сақтанатынын көресіз. Адам дінге бидғаттар енгізетін т.с.с. заңбұзушыларға ауып кетуден сақтанады. Бірақ сонымен бірге адам өзіне жүктелген міндеттерді тастайды. Сөз жеке парыз (фард ул-‘айн) жайында да, ұжымдық парыз (фард ул-кифая) туралы да болуда. Мысалы, адамның мойнында туысқандық қатынастарды ұстану, көршінің қақысын орындау, кедейдің қақысын орындау, жолдастың құқықтарын орындау, жетімнің құқықтарын орындау, жолаушы-мүсәпірдің қақысын беру, мұсылманның қақысын орындау, билеушінің (әмірдің) қақысын беру, ғалымның қақысын орындау, жақсылықты бұйырып жамандықтан қайтару, Аллаһтың жолында ынта-ыждағат таныту т.с.с. міндеттер жүктелген болуы мүмкін. Бұл адамдарға не олардың дүние тіршілігінде, не олардың дінінде пайда тигізетін нәрселер болуы мүмкін. Сондықтан да мұндай «құдайшыл» болу үлкен бидғаттарға әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, хауариждердің, рафидилердің, му`тазилилердің және солар сияқтылардың «құдайшыл» болуы. Олар өздері заңсыздық деп санайтын нәрселерден аулақ болуға тырысатын. Әрі осының барлығы оларды ең үлкен парыздарды тастауына дейін жеткізді. Олар жұма намазын орындауды, парыз намаздарын жамағатпен бірге орындауды, қажылық пен жиһад жасауды тастады, мұсылмандарға ықыласты кеңес беруді қойды, оларға деген мейірімділікті қалдырды. «Құдайшыл» болудың мұндай түрін имамдар, солардың ішінде төрт имам сөгетін, ал олардың үкімі жайлы әһлю-с-Сунна уәл-жәма’аның ақидасы бойынша кітаптарда айтылып кеткен.
Екінші қателік: яғни дұрыс емес сенім (ақида). Егер адам уәжіптерді орындайтын және харамнан тыйылатын болса, ол харам мен хәлал туралы Құран мен Сүннетке негізделген сенімге ие болуы қажет. Бұл сенім әуес-қалаулардың емес, білімнің үстіне құрылуы керек. Өйткені қаншама адамдар әлдебір нәрселерден тек олардан сақтануға әдеттеніп кеткендіктерінен ғана сақтанады. Әлдебір зат іс жүзінде хәлал болса да, ол мұндай адам үшін харам болуы мүмкін. Сондықтан да кейбір адамдар осындай жалған жорамалдардың тұтқынында болады. Ал мұндай жалған жорамалдар «құдайшыл» болудың осындай бұзылған үлгісінің үстіне құрылады. Мұндай адамдар Аллаһ олар туралы: «Олар тек жорамалдарға және көңіл қалауларына ілеседі» («ән-Нәжм» сүресі, 23-аят), - деп айтқан адамдар сияқты.
Осы жерде мысал ретінде киімге немесе денеге нәжіс тию мәселесінде уәс-уәстар сезінетін адамдарды келтіруге болады. Бұл адамдар құдайшыл болу туралы бұзылған түсінікке ие. Олардың «құдайшылдығы» діндарлық пен ақыл-парасаттың кемдігінің қоспасы болып табылады. Тура сол нәрсе «адамдар иемденген мал-мүліктің көбі харам болып табылады» деп санайтын адамдардың «құдайшылдығына» да қатысты. Сондықтан да олар адамдардың мал-мүлкі билеушілер (әмірлер) үшін хәлал етілген, өйткені, олардың ойы бойынша, бұл адамдар оны харам жолмен тапқан деп шешім шығарды. Істің мән-жайы тіпті біреу-міреу адамдардың мал-мүлкін тартып алса да, ол тонаушы болып саналмайтындай, ал ұрының қолы шабылмайтындай болды. Имамдар құдайшыл болудың мұндай түсінігін сөгетін. Мысалы, имам Ахмад құдайшыл болу мәселесінде шектен шығушылық танытандарды қатты сөгетін. ‘Абдуллаһ ибн Мәс‘удтың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Артық кетушілер опат болсын!» (Муслим, 2670), - деп айтқаны хабарланады.
Бидғатшылардың түсінуіндегі құдайшылдық әдетте дәл осындай болады. Тура осы нәрселер Аллаһ Тағала, олардың ойынша, тыйым салған, алайда іс жүзінде Ол мұның ешқайсысына тыйым салмаған нәрселерден бас тартуды құдайшылдық деп санайтындарға да қатысты. Мысалы, кейбіреулер Аллаһ бахираны, саибаны, уасиләні және хамиді харам етті деп санайды18.
Сондай-ақ бұған «құдайшыл» болудың оған қатысты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде сөгіс келген түсінігі де жатады. Хадисте кейбір адамдар өздері үшін іс жүзінде хәлал болған нәрселерді харам еткендері туралы баяндалған. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған хәлал етілген нәрселерден бас тартатын адамдарға не болған?! Аллаһпен ант етемін, мен Аллаһ туралы олардан көбірек білемін, әрі Одан оларға қарағанда көбірек қорқамын!», - деп айтқаны хабарланады (әл-Бухари, 6101; Муслим, 2356). Тура осы ораза ұстаған бола тұра өз әйелін сүйген адам туралы айтылатын хадиске де қатысты19. Дәл сондықтан да діндар және құдайшыл болған адам Құран мен Сүннеттің үлкен біліміне, әрі соған қоса дінді түсінуге мұқтаж. Кері жағдайда оның құдайшылдығы бұзылған болады да, пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді. Мұндай жағдай кәпірлерге, сондай-ақ бидғаттардың жақтаушыларына, нақты айтқанда хауариждерге, рафидилерге және солар сияқтыларға тән.
Үшінші қателік: адам әлдебір нәрсені істейді, әрі осыған қарама-қайшы болған нәрседен бас тартады, алайда бұл (оның бас тартқан нәрсесі істеген нәрсесіне қарағанда) абзалырақ болып табылады. Яғни өзіне осы затты тастауды меңзейтін қандай да бір бұзылған нәрсені қамтитын әлдебір зат бар (делік). Құдайшыл болуды қалайтын (әлдебір) адам осы заттағы зиянға қарағанда анағұрлым көбірек болған пайдалы нәрселерді байқамай, оны тастайды. Мүндай адамның құдайшылдықты бұрыс түсінуінің салдарынан Исламдағы қол жеткізген нәрселеріне қарағанда қолдан жіберіп алған нәрселері анағұрлым көбірек болады.
Бұл сондай-ақ өздерін дүние игіліктерін тәрк етушілікке (зуһдтыққа) телитін кейбір адамдарға да қатысты. Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан заңды етіп бекітілген зуһдтыққа келер болсақ, бұл адамның Ақыретте өзіне пайда бермейтін хәлал нәрселерге ұмтылмауын білдіреді. Яғни зуһдтық — бұл хәлал нәрселердегі Ақыретте пайда бермейтін артығын тастау. Өйткені дүние тіршілігіне, ақша мен билікке ұмтылу адамға қатты зиян тигізетіні күмәнсіз. Ка‘б ибн Маликтен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қой отарына шабуыл жасайтын екі аш қасқырдың оларға тигізетін зияны мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың адам дініне тигізетін зиянына қарағанда аздау», - дегені хабарланады (Ахмад, 3/456; әт-Тирмизи, 2376. Хадис сахих).
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамның мал-мүлік пен құрметке, билікке ұмтылуын сөгеді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың кісі дініне тигізетін зияны екі аш қасқырдың қойларға тигізетін зиянынан үлкен екенін хабарлады. Бұл екі қауіпті нәрсе «Малым, маған еш пайда бермеді. Күш-қуатым жойылып кетті!» («әл-Хаққа» сүресі, 28-29 аяттар), - деген аятта аталады. Бұл екі нәрсені Аллаһ сондай-ақ «әл-Қасас» сүресінде де атап өтеді. Оның басында Аллаһ Тағала жер бетінде үстем болуды қалаған Перғауын туралы баяндайды. Содан соң Карун мен оның ашкөздігі туралы хабарланады. Кейін сүреде ұлықтыққа (билікке) деген ұмтылыс пен байлыққа деген ұмтылыстың соңы неге алып келетіні жайлы баяндалады. Ал содан соң Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сол Ақырет мекенін Біз жер бетінде тәккапарлануды және бұзақылық таратуды қаламайтындар үшін нәсіп етеміз. Тек тақуалардың ғана соңы игі болмақ» («әл-Қасас» сүресі, 83-аят). Яғни сол Ақырет мекені Перғауын мен Карун сияқтыларға әзірленбеген. Өйткені мал-мүлікті жинау және оны Аллаһ бұйырған жерге жұмсамау, сондай-ақ мал-мүлікті харам жолмен алу да бұзықтық таратуға жатады” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 20/143).
Елу бірінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а Құран насихаттайтын көркем мінездерді насихаттайды»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ ﴾
«Кешірімділік таныт, жақсылықты бұйыр және надандардан бет бұр» («әл-Әғраф» сүресі, 199-аят).
Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Бұл аят өзіне нені қамтығаны туралы ойланшы! Ол адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауға, Аллаһтың жаратылыстарымен болған қарым-қатынаста Аллаһтың хақыларын орындауға және олардың жамандығынан қорғалғандыққа нұсқайды. Әрі егер барлық адамдар осы аятта айтылған нәрсені орындағанда, бұл олар үшін жеткілікті болар еді. Кешірімділік адамның басқа адамдардан оларға қиын болмайтын нәрселерді талап етуін меңзейді. Адам (өзге) адамдардан мал-мүлік жұмсауды және асыл мінез-құлық танытуды оларға оңай болған үлгіде талап етуі керек. Яғни адам өзіне қатысты (басқа) адамдардың орындауына қиын болмайтын қатынасты талап етуі тиіс. Сондай-ақ аятта сен жақсылықты бұйыруың керектігі туралы айтылады. Әрі осыдан соң өзіңді надандардың зиянынан қорға, олардан бет бұр, өзің үшін өш алуды және жеке басыңның жеңісін іздеуді таста.
Пенде үшін осыдан жақсырақ нәрсе болуы мүмкін бе?! Қандай қатынас, қандай саясат бұл дүниеде адамдар үшін осы қатынастан және осы саясаттан жақсырақ болуы мүмкін?! Егер адам бұл дүниеде адамдар оған тигізіп жатқан бүкіл жамандық туралы ой қозғайтын болса, онда бұл жамандық аятта баяндалған осы үш қағиданың бұзылуында қамтылғанын көреді. Егер адам осы қағидаларды орындаса еді, онда онымен орын алып жатқан нәрселердің барлығы ол үшін игілікке айналар еді, тіпті әлдебір нәрселер сырт көзге жамандық болып көрініп жатса да. Мысалы, кісі адамдарға жақсылық істеуді бұйырады, ал олар оған жамандықпен қайырады. Бірақ бұл туралы Аллаһ Тағала: «Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше, ол сендер үшін хайырлы» («ән-Нур» сүресі, 11-аят), - деп айтқан.
Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де, іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан шешім шығарсаң, Аллаһқа тәукел ет» («Әли ‘Имран» сүресі, 159-аят). Бұл сөздер өзіне Аллаһ Тағаланың құқықтарын және адамдардың құқықтарын орындауды қамтиды. Әрі адамдар не Аллаһ Тағаланың құқықтарын, не Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құқықтарын бұзып жатады. Аллаһ Тағала (осымен) былай дейді: «Әй, Мухаммад, егер олар саған қатысты жамандық жасап жатса, оларды кешір. Ал егер олар Маған қатысты жамандық жасап жатса, онда олар үшін кешірім сұра. Олардың жүректерін олардың пікірі сені қызықтыратындығымен өзіңе қарат. Ал кеңесіп, бір шешім шығарсаң, онда Маған тәуекел ет». Расында, Аллаһ тәукел етушілерді жақсы көреді. Аллаһ Тағала Өзінің Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бойында тәрбиелеген мінез, міне, осы. Аллаһ Тағала: «Шын мәнінде, сен әлбетте ұлы мінезге иесің», - деді («әл-Қаләм» сүресі, 4-аят). Ал ‘Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Оның мінезі Құран болатын», - деп айтқан (Муслим, 746). Мұндай мінезді тек (келесі) үш нәрсе болғанда ғана алуға болады.
Біріншіден, (адамның) діңінің өзі игі болуы керек. Мысалы, адамның мінезі тұрпайы және мейірімсіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оған бұл (жоғарыда сипатталған) мінезді білімге, ерікке, амалға асыру, бұл осындай мінезді қабылдауға бейім болған мойынсұнғыш және жұмсақ адамнан айырықша, қиынға соғады.
Екіншіден адамның болмыс-қалпы күшті және жеңісті болуы керек. Мұндай болмыс-қалып бос жүріс-тұрыстың, азғырулардың, әуес-қалаулаулардың үндеп-шақыруларын жеңе алады. Өйткені мұндай нәрселер кемелдікке қайшы келеді ғой.
Үшіншіден, адам заттардың мән-мағынасы туралы білімге ие болуға тиіс.
Егер осы үш сипат адам бойында жиналса, әрі оған Аллаһ көмектессе, онда ол Раббы олар үшін ең жақсы нәрсені әзірлеп қойған топтың құрамына кіреді” (Қз.: «Зад әл-Мухажир илә Роббиһи», 77-бет).
Елу екінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а Аллаһ діндегі жетекшілікті сабыр мен мығым сенімнің жемісі еткеніне нық сенеді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَجَعَلْنَا مِنْهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا لَمَّا صَبَرُوا وَكَانُوا بِآيَاتِنَا يُوقِنُونَ ﴾
«Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызға нық сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар жасадық» («әс-Сәжда» сүресі, 24-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Бүкіл дін ақиқатты білуден және осы білімнің негізінде амал жасаудан тұрады. Ал сабырлықсыз амал ету мүмкін емес. Тіпті білім алудың өзі де сабырлыққа мұқтаж. Бұл туралы Му‘аз ибн Жәбәл былай деп айтқан екен: «Сендер білім алуға міндеттісіңдер! Расында, білім талап ету Аллаһқа құлшылық ету болып табылады, ақиқатты тану Аллаһтың алдында аса құрмет пен сүйініш танытқан күйде (тұру) болып табылады, білімді іздеу жиһад болып табылады, білімсізді осы білімге үйрету садақа болып табылады, оны қайталау Аллаһты дәріптеу (тасбих) болып табылады. Білім арқылы Аллаһ танылады, әрі білім арқылы Оған ғибадат жасалады. Білім арқылы Аллаһ мадақталады, әрі таухид ұсталады. Аллаһ бір адамдарды осы білім арқылы жоғары дәрежеге көтереді, әрі оларды басқалар үшін басшылар және имамдар етеді! Адамдар олардың ізімен тура жолға ілеседі және олардың пікірлеріне жүгінеді» (Ибн ‘Абд ул-Барр «Жәми‘ байан әл-‘Илми уә фадлихи», 1/236; Абу Ну‘айм «әл-Хилия», 1/239).
Ол білім ізденуді жиһад деп атады! Ал жиһадта міндетті түрде сабырлық болуы қажет. Дәл сондықтанда Аллаһ былай деді: «Заманға ант! Расында, иман келтіріп, ізгі істер істеп, бір-біріне шындықты үгіттеп, бір-біріне сабырды үгіттегендерден басқа барлық адам баласы, әлбетте, шығында!» («әл-‘Аср» сүресі, 1-3 аяттар). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «(Мухаммад,) құлдарымыз Ибраһимді, Исхақты және Яғқубты есіңе ал. Олар мықты әрі қырағы еді» («Сад» сүресі, 45-аят).
Пайдалы білім – дұрыс басшылықтың негізі, ал ақиқаттың негізінде жасалатын амалдар тура жолмен жүру болып табылады. Біріншісіне адасушылық, ал екіншісіне – ауытқушылық қарама-қайшы тұрады. Өйткені адасушылық – бұл білімсіз амал ету, ал ауытқушылық – бұл әуестікке еру. Аллаһ Тағала былай деді: «Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мухаммад) адаспады да, ауытқымады» («ән-Нәжм» сүресі, 1-2 аяттар). Дұрыс басшылыққа тек білім арқылы ғана жетуге болады, ал тура жолмен жүру тек сабырлық болғанда ғана мүмкін болады. Сондықтан да ‘Али: «Бас денеде қандай орынға ие болса, сабырлық та иманда сондай орынға ие! Егер бас кесілсе, дене де құриды», - деді де, содан соң дауысын көтеріп: «Ақиқатында, сабыры жоқтың иманы да жоқ», - деп жалғастырды (әл-Ләләкаи «Шарх Усул әл-И‘тиқад», 1257)” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/40).
Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Әрбір бүліктің (фитнаның) негізінде адамдардың пікірін шариғаттан абзал көру және әуестікті ақылдан абзал көру жатады. Біріншісі күмәндар (шубухаттар) бүлігінің, ал екіншісі әуес-құмарлықтар (шахуаттар) бүлігінің негізі болып табылады. Күмәндар (шубухаттар) бүлігі айқын сенім (йақин) арқылы, ал әуестік-құмарлықтар (шахуаттар) бүлігі сабыр арқылы жойылады. Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала діндегі жетекшілікті осы екі нәрсемен байланыстырды. Ол былай деді: «Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызға нық сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар жасадық» («әс-Сәжда» сүресі, 24-аят). Бұл діндегі жетекшілікке сабыр мен мығым сенім арқылы қол жеткізілетініне нұсқайды» (Қз.: «Иғасат әл-Ләхфан», 2/167).
Сондай-ақ ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Адам таухидке шақырудың ең алдыңғы қатарында болмайынша діндегі жетекші (имам) болмайды! Аллаһ Тағала былай деді: «Сол уақытта Раббы Ибраһимді бұйрықтарымен сынады. Сонда ол оларды толық орындады. «Ол (Аллаһ): «Әрине, сені адамдарға имам етемін», - деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да (ете көр)!», - деді. Аллаһ: «Залымдар сертіме жете алмайды», - деді» («әл-Бақара» сүресі, 124-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Расында, сендерге Ибраһим және онымен бірге болғандар бір көркем өнеге болды. Сол уақытта олар қауымына: «Сендерден де, Аллаһтан өзге табынғандарыңнан да бас тартамыз. Біз сендерге қарсымыз, Сендер жалғыз Аллаһқа иман келтірмегендеріңе дейін сендер мен біздің арамызға мәңгі дұшпандық пен өштік орнады», - деді. Тек Ибраһим ғана өз әкесіне: «Мен міндетті түрде сен үшін жарылқау тілеймін, бірақ Аллаһтың алдында саған көмектесуге шамам келмейді. Раббымыз, Саған ғана тәуекел еттік, Саған ғана қайтамыз әрі барар жеріміз Сен жақ», - деді» («әл-Мумтахана» сүресі, 4-аят).
Өз әуестігіне ерген адам (адамдар оған) бағынуға лайықты емес. Ол жетекші (имам) немесе ілесу объектісі бола алмайды. Аллаһ мұндай адамды жетекшіліктен айырды және оған бағынуға тыйым салды. Бұл туралы аятта былай деп айтылған: «Ол (Аллаһ): «Әрине, сені адамдарға имам етемін», - деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да (ете көр)!», - деді. Аллаһ: «Залымдар сертіме жете алмайды», - деді» («әл-Бақара» сүресі, 124-аят). Ал әуестіктіктің әрбір ілесушісі залым болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Әрине, залымдар білмесе де, көңілдері тартқан жаққа кеткен» («әр-Рум» сүресі, 29-аят). Ал мұндайларға бағынуға тыйым салынғандығы туралы айтар болсақ, онда Аллаһ былай деді: «Сондай-ақ Біз жүрегін Бізді еске алуға немқұрайлы еткен, әуесіне ерген және істері зая кететін біреулерге бағынба» («әл-Кәһф» сүресі, 28-аят)” (Қз.: «Раудат әл-Мухиббин», 1/475).
Елу үшінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَمِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مَنْ إِن تَأْمَنْهُ بِقِنطَارٍ يُؤَدِّهِ إِلَيْكَ وَمِنْهُم مَّنْ إِن تَأْمَنْهُ بِدِينَارٍ لاَّ يُؤَدِّهِ إِلَيْكَ إِلاَّ مَا دُمْتَ عَلَيْهِ قَائِمًا ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُواْ لَيْسَ عَلَيْنَا فِي الأُمِّيِّينَ سَبِيلٌ وَيَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ وَهُمْ يَعْلَمُونَ ﴾
«Кітап иелерінің ішінде оған толып жатқан нәрсені аманат етсең де, оны саған қайтарып беретіні бар. Бірақ олардың арасында сен оған бір-ақ динарды аманат етіп тапсырсаң, басында қақшиып тұрмағаныңша оны саған қайтармайтыны да бар. Оның себебі олардың: «Надандар (яһуди еместер) жайында бізге тергеу жоқ», - дегендіктерінен. Олар біле тұра Аллаһ туралы өтірік айтады» («Әли Имран» сүресі, 75-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деді):
﴿ لا يَنْهَاكُمُ اللَّهُ عَنِ الَّذِينَ لَمْ يُقَاتِلُوكُمْ فِي الدِّينِ وَلَمْ يُخْرِجُوكُم مِّن دِيَارِكُمْ أَن تَبَرُّوهُمْ وَتُقْسِطُوا إِلَيْهِمْ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ ﴾
«Аллаһ дін үшін сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық және әділдік жасауларыңа тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді» («әл-Мумтахана» сүресі, 8-аят).
Ибн Касир былай деді: “(Аллаһ) Тағаланың «Аллаһ дін үшін сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық және әділдік жасауларыңа тыйым салмайды» деген сөздері Аллаһ Тағаланың сендермен діндерің себепті соғыспаған және өзгелерге де сендерге қарсы соғысуда көмектеспеген кәпірлерге жақсылық істеуге тыйым салмайды дегенге нұсқайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді.
Асма бинт Аби Бакрдің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Біз бен құрайштықтар арасында келісім-шарт жасалған кезде, маған анам (қыдырып) келді, ал ол мүшрик болатын. Мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барып: «Уа, Аллаһтың елшісі, менің анам келді, ол менімен туыстық қатынасты (үзбей) ұстағысы келеді. Мен не істейін?», - дедім. Ол: «Анаңмен туыстық қарым-қатынасты (үзбей) ұста», - деп жауап берді” (әл-Бухари, 2620; Муслим, 1003; Ахмад, 6/345).
‘Амир ибн ‘Абдуллаһ ибн әз-Зубайрдің сөздерінен оның әкесінің былай деп баяндағаны жеткізіледі: “(Бірде) Қутайлә өзінің қызы Асма бинт Аби Бакрге сыйлықтарын алып (қыдырып) келді, әрі осы орайда ол мүшрик еді. Асма оның сыйлықтарын алғысы және оны өз үйіне кіргізгісі келмеді. Кейін ‘Айша бұл туралы Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрады, әрі сол кезде Аллаһ Тағала: «Аллаһ дін үшін сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық және әділдік жасауларыңа тыйым салмайды», - (деген аятты) түсірді” (Ахмад, 4/4). Тура осыны Ибн Жәрир мен Ибн Аби Хатим Мус‘аб ибн Сабиттің тізбегімен жеткізген. Имам Ахмад пен Ибн Жәрирдің риуаятында: «Оның есімі Қутайлә бинт ‘Абд ул-‘Узза ибн ‘Абду Ас‘ад болатын (әрі ол) Мәлик ибн Хисл тайпасынан еді», - деп айтылған. Ал Ибн Аби Хатим бұған: «Бұл құрайштықтар мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арасында келісім-шарт болған кезде орын алған болатын», - деп қосымша жасаған (Ахмад, 4/4; Ибн Жәрир өзінің тәпсірінде, 23/322; Ибн Аби Хатим өзінің тәпсірінде, 12/302).
Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді», - деді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Ақиқатында, турашылдар Аллаһтың алдында екі Қолы да оң болып табылатын Аса Мейірімдінің оң жағында орналасқан нұрдан жасалған мінберлердегі орындарды иеленеді. Турашылдар дегеніміз – бұл өз пікірлерінде әділдікті ұстанатындар және оны өз жанұя мүшелеріне әрі билік жүргізетін адамдарына қатысты танытатындар» (Муслим, 1827).
Аллаһ Тағала былай деді: «Шын мәнінде, Аллаһ сендермен дін үшін соғысқандарды, жұрттарыңнан қуып шығарғандарды және қуылуларыңа көмекші болғандарды дос тұтуларыңа тыйым салады» («әл-Мумтахана» сүресі, 9-аят). Аллаһ Тағала сендерге дұшпандық пиғылда болатындармен, сендерге қарсы соғысатындармен немесе оларға осыда көмектесетіндермен дос болуға тыйым салды. Аллаһ Тағала мұндайлармен дос болуға тыйым салды да, жауласуды бұйырды. Кейін Аллаһ Тағала мұндайларға достық сезімде болатындарға жасаған қорқытуларын растап: «Ал кім оларды көмекші және дос етіп алса, солар залымдар», - деді («әл-Мумтахана» сүресі, 9-аят). Бұл Аллаһтың басқа (мына) сөздері сияқты: «Әй, мүминдер! Яһудилер мен христиандарды көмекші және дос тұтпаңдар, өйткені олар бір-біріне көмектеседі. Сендерден кім оларды көмекші және дос тұтса, сонда, күдіксіз, ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» («әл-Мәида» сүресі, 51-аят).
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кәпірлермен жасалған келісім-шартты қиянатшылдықпен бұзу Аллаһ кәпірлерді мұсылмандарға қарсы бағыттайтын себептерге жататынын түсіндірді. Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені хабарланады: «Егер сендер бір дирхам да, бір динар да (жизия) жинай алмасаңдар не болмақ?» Адамдар: «Мұндай да болу мүмкін бе, уа, Абу Хурайра?», - деп жауап берді. Ол: «Иә, Абу Хурайраның жаны Қолында болған (Аллаһпен) ант етемін! Мен мұны оған сену міндетті болып табылатын шыншылдың сөздерінен айтып тұрмын!», - деді. (Сол кезде) олар: «Ол не айтты?», - деп сұрады. Абу Хурайра былай деді: “Ол: «Егер Аллаһтың қорғау кепілдігі мен Оның Елшісінің қорғау кепілдігі бұзылса, Құдіретті де, Ұлы Аллаһ (мұсылмандардың) қорғауы астындағы (зиммилердің) жүректерін соншалықты мығым етеді – олар қолдарындағысын беруден бас тартады», - деп айтты”» (әл-Бухари, 3180).
Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылмандар беретін қауіпсіздік кепілдігі біртұтас, ал кім мұсылманның осыда беделін түсіріп қадірін кетірсе, сол Аллаһтың, періштелердің және барлық адамдардың лағынетіне ұшырайды, әрі одан істеген парыз амалдары да, нәпілдері де қабыл етілмейді» (әл-Бухари, 1870).
‘Абдуллаһ бин ‘Амрдың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпірді өлтірген адам Жәннаттың хош иісін сезбейді. Ал оның хош иісі одан қырық жылдық жол қашықтығынан сезіледі» (әл-Бухари, 3166).
Елу төртінші ереже:
“Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а Аллаһтың: «Егер сендерден бұрын өмір сүрген ұрпақтардың ішінде жер жүзіндегі бұзықтықтан тыятын дана адамдар болғанда еді? Бірақ Біз құтқарғандардың азы ғана осындай болатын. Ал залымдар өздеріне берілгеннің соңына түсті де, күнәһар болды», - деп нұсқаған сөздерінде”
Аллаһ Тағала былай деді:
Достарыңызбен бөлісу: |