Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


ғына жетекшілік жасағанын жұрттың көбісі біле бермейді



Pdf көрінісі
бет213/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

ғына жетекшілік жасағанын жұрттың көбісі біле бермейді.
Тұрар Рұсқұлұлы халық арасында зор беделге ие болды. Әділін айтқанда,
ол Орта Азиядағы басшылардың іш індегі ең көрнекті әрі ықпалды
қайраткерлердің бірі еді. Лениннің атына жазған мәлімдеме хатында М. В.
Фрунзе: “Қалың бұқара сондарына ерген жергілікті кадрлар ішіндегі екі да-
р абоз Рысқұлов пен Ходжаев. Олар ақылға ғана бай ем ес, м інездері де
шарболаттай сан қырлы” деп жазған.
Түрар Рысқүлұлы партияның XVI ж әне XVII съездерінің делегаты болып
сайланды. XVI партия съезінде делегаттар алдында сөз сөйлеп, “Ресей ша-
руаларының жағдайымен қатар Орта Азия дихандарының да хал-күйіне
көңіл бөліп, оларды бір-бірімен өшіктірмеу керек. Орта Азия әлі де болса
патшалық Ресейдің отарлау саясатының зілді зардаптарын тартып отыр,
бұған төзіп бағуға болмайды” деп, өзінің батыл ойын бүкпесіз айтқан.
Тұрар Орта Азиядағы Мұсылмандар бюросының ж әне Түркістан Р ес­
публикасы компартиясын басқарып тұрған кезінде Түркістан өлкесінің
біртұтастығын сақтау туралы әлденеше рет мәселе қойды. Ол түркі тілдес
Түркістан халықтары — біртұтас халық, тек тарихи жағдайлар жан-жаққа
таратып жіберді деген тұжырымын да талай рет дәлелдеді. Республикадағы
компартияны “Түрік халықтарының коммунистік партиясы” деп атауды
ж әне де бұл партияны республика секілді М әскеуге тәуелсіз, дербес етіп
құруды ұсынды.
Қазір ұлттық “Үлан” құрылды ғой. Ал А. Байтүрсынұлы мен Т Рысқұл-
ұлы сол кездерде-ақ мұсылман емес халықтардан тұратын Қызыл Армияны
Түркістаннан алып кетіп, мұсылман-түрік әскерін құруды, республиканың
өзін ің қаржы-қаражаты, сыртқы істермен айналысуға дербестігі болуын
қамтамасыз етуді ескертті.
Бірақ осының бәрінен “буржуазиялық-ұлтшылдық ұшығы” шығады деп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет