Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


болды. Ол халық тұрмысы мен ел өмірін жақсартуға бойындағы күш-жігері



Pdf көрінісі
бет222/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

болды. Ол халық тұрмысы мен ел өмірін жақсартуға бойындағы күш-жігері
мен қажыр қайратын жүмсап, адал еңбек етті. Ең өкініш тісі сол, елге
сіңірген еңбегі еленбей, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, тұтқындалып,
халық жауы деген жаламен атылды.
Жүрегі халқым деп соққан қажырлы қоғам қайраткері Қабылбек Сар-
молдаевтың өн-бойындағы бейнетқорлығы мен ақ көңіл адалдығын бірге
қызметтес болған үзеңгілес серіктері әрдайым құрметпен еске алып отыра-
тын.
Өкінішке қарай, біздің қиын да күрделі ғасырымыздағы өмірі мен еңбегі
елеусіз қалған кейбір есіл ерлердің есімі ұмытыла бастағаны жанға батады.
Әсіресе, тарихшы қауым өкілдері кеңестік дәуірде сұм саясатпен жазықсыз
қуған-сүргіннің құрбаны болғандардың өмірі мен қызметін терең зерттеп,
әрқайсысына әділ баға беруді де басты парыз деп санауы керек. Ол — біздің
өткен өміріміз. Оны жақсы білуге тиіспіз. Кешегісі жоқ елдің келешегі жоқ.
СҮЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ
1894-1937 ж. ж.
Сұлтанбек Қожанов 1894 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Созақ ауданын-
дағы орташа шаруаның отбасында дүниеге келді. Өмір бойы мал бағуды
кәсіп еткен әкесі Сұлтанбекті оқытуды мұрат тұтты.
Ол кезде балаларды оқуға беру үшін ауыл ақсақалдарынан бата алу ке­
рек еді. Әрине, баласын оқуға беретіндердің көбісінің көйлегі көк, қарны
тоқ болатын. Ал, сіңірі шыққан кедей сорлының баласы қалай оқысын.
Олар үшін мектептің есігі таре жабылған. Ол уақытта кейбір жергілікті бай-
лар өздер ін ің балаларын орыс мектебіне беруге қорқатын. Ө йткені, ел
ішінде орыстан оқып білім алғандар орыс болып кетеді деген пікір қалыпта-
сқан еді. Құдай өзі қолдап, Сұлтанбек осындай мектепке тап болады.
Әуелігі кезде оқу оған оңай тиген жоқ. Орысша білмегендіктен алғашқыда
қатты қиналды. Кейін өзінің туа біткен дарындылығының арқасында аз-ак


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет