151
Қызметкерлер штаты азғантай жəне басқарудың демократиялық
приниптері бойынша жұмыс істейтін ұйымдарда бұл əдіс кең тараған.
Шын мəнінде де, егер ұйым қызметкерлеріне қалаған уақытында
кезекті еңбек демалысын бере алатын болса, алдын-ала əзірленген
демалыс кестесі пəлендей қажет болмайды. Бірақ кестенің міндетті
түрде болуын заң талап ететін болғандықтан формальды сипатта
болса да оны жасап, бекітіп қоюға тура келеді. Əдетте, тексеру
алдында мұндай кестелер шынайы жағдайға сəйкестендіріліп, жыл
аяғында қабылданған бұйрықтар негізінде қайта жасалады. Сөйтіп
оған өткен уақыт датасы қойылады. Дегенмен, тексеру кезінде
қолайсыздықтарға тап болмас үшін еңбек демалысы кестесін шынайы
жағдайларға сəйкестендіре отырып жасаған дұрыс.
Кестені жоспарлау мен ресімдеу кезінде берілетін демалыс
мерзімін бөлшектеу орынсыз, өйткені, тексеруші органдар тарапынан
оған келіспеушіліктер көп болады. Бұл жөніндегі мəліметтерді кесте
бекітілгеннен кейін, жыл бойы сол бекітілген кестеге енгізген жөн.
Демалыс кестесіне кадрлар қызметінің басшысы қол қояды,
сонан соң ол ұйым басшысына бекітуге ұсынады.
Əрбір жұмыскер ішкі еңбек тəртібі ережелерінен бекітілген еңбек
демалысы кестесі қай жерде тұрғанын біле алатындай болуы керек:
жарнамалар тақтасында ма, кадрлар бөлімінде ме, əлде басқа жақта
ма? Ең дұрысы, демалыс кестесін барлық қызметкерлерге қол
қойдыра отырып таныстырып шығу.
Өндірістік қажеттіліктерге байланысты демалыс кестесіне
өзгерістер енгізілетін болса, бұл жөнінде жұмыс беруші демалыс
басталардан екі апта бұрын мəлімдеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: