Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 Қысқа мерзімде сақталатын істерді ресімдеу



Pdf көрінісі
бет174/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   188
7. Қысқа мерзімде сақталатын істерді ресімдеу 
 
 
Қысқа  мерзімді  сақталатын  істер  үшін  (10  жылға  дейін)  істерді 
ресімдеу рəсімдері оңтайландырылған: 
 
құжаттар  істерде  құжат  тігілетін  папкаларда  (скоросшиватель) 
қала береді; 
 
парақтары нөмірленбейді; 
 
істерге тізімдемелер жасалмайды. 
 
 
Сонымен, істер жүргізілген сəттен бастап мемлекеттік мұрағатқа 
өткізілгенге дейін кəсіпорында сақталады. Құрылымдық бөлімшелердің 
басшылары  жəне  іс  қағаздарын  жүргізуге  жауапты  қызметкерлер 
құжаттар  мен  істердің  сақталуын  қамтамасыз  етуге  міндетті.  Жұмыс 
бөлмелерінде  жəне  осы  мақсатта  арнайы  бөлінген  үй-жайда  тұрған 
істер  жабылатын  шкафтарда  тігінен  қойылуы  керек.  Шкаф  олардың 
толық сақталуын, күннің көзінен, ылғалдан жəне шаңнан қорғайтындай 
болуы 
тиіс. 
Құжаттарды 
іздеуді 
жеңілдету 
үшін 
істер 
іс 
номенклатурасына  сəйкес  қойылады,  ал  іс  номенклатурасынан 
алынған үзінді көшірмеде шкафта сақталған барлық істердің атаулары 
мен  индекстері  болады,  ол  шкафтың  ішкі  жағына  қойылады.  Істердің 
мұқабаларының  түп  жағына  номенклатура  бойынша  индексі 
көрсетіледі. 
 
Істерден  құжаттарды  алуға  жол  берілмейді.  Ілуде  бір 
жағдайларда  басшының  ауызша  немесе  жазбаша  рұқсатымен  ғана 
құжатты  істен  алуға  болады  (мысалы,  сот-тергеу  органдарының 
талабы  бойынша  істерден  құжатты  алу).  Мұндай  жағдайда  құжатты 
уақытша пайдалануға беру туралы акті жəне түпнұсқаны алу себептері 
туралы  акті  жасалады  жəне  істе  оның  сондай  расталған  көшірмесі 
қалдырылады. 
Акті 
құжатты 
уақытша 
пайдалануға 
беруші 
кəсіпорынның  елтаңбалы  мөрімен  бекітілуі  тиіс.  Акт  құжаттың 
түпнұсқасы қайтарылғанға дейін істе сақталады. 
 
Тұрақты  жəне  уақытша  сақталатын  істер  кəсіпорынның 
мұрағатына  олар  аяқталғаннан  кейін  бір  жылдан  кейін  беріледі. 
Мысалы,  1998  жылы  аяқталған  істер  кəсіпорынның  мұрағатына  2000 
жылдан  кешіктірілмей  түсуі  керек.  Мұрағат  істерді  тізімдемелері 
бойынша  қабылдайды,  істермен  бірге  мұрағаттың  анықтамалық 
аппаратын  толықтыру  үшін  құжаттардың  тіркеу  карточкалары  да  қоса 
беріледі.  
 
Егер  жекелеген  істер  құрылымдық  бөлімшелердің  ағымдағы 
жұмысына қажетті болса, онда олар мұрағаттан уақытша пайдалануға 
берілуі  мүмкін.  Істің  орнына  карточка-алмастырғыш  қалдырылады, 
онда: 
 
- істің қандай бөлімшеге берілгені; 
 
- оның нөмірі; 
 
- істегі парақтардың саны; 


 
213
 
- беру күні; 
 
- алғаны туралы қолхат көрсетіледі. 
 
Іс мұрағатқа сол күні қайтарылуы тиіс. 
 
Кəсіпорындар  мен  мекемелердің  мұрағаттарында  құжаттар  15 
жылдан астам сақталмайды (кəсіпорынның бағыныштылығына қарай). 
Бұған  40  жылға  дейін  сақталатын  жеке  құрам  бойынша  материалдар 
кірмейді.  Көрсетілген  мерзім  өткеннен  кейін  істер  кəсіпорынның 
мұрағатынан мемлекеттік мұрағатқа өткізіледі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет