234
жөнелтілгенге дейінгі қозғалысы. 2. – мекеменің белгілі бір уақыт
кезеңі ішінде кірген, ішкі жəне шыққан құжаттарының саны.
ҚҰЖАТ ДЕРЕКТЕМЕСІ – сол немесе басқа жазбаша құжатқа қатысты
міндетті ақпараттық элемент (автор, күні жəне т.б.).
ҚҰЖАТ ЖОБАСЫ – қарауға берілуге арналған құжаттың алғашқы
нұсқасы.
ҚҰЖАТТАҒЫ ҚАРАР – басшының атқарушыға құжаттың сипаты жəне
орындау мерзімі туралы жазбаша бұйрығы.
ҚҰЖАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ – мекемеде қабылданған құжаттарды
жасау, толтыру жəне орындау тəртібі.
ҚҰЖАТТАРДЫ ДЕПОНИРЛЕУ – оларды анықтамалық-ақпараттық
қорда сақтаудың белгіленген тəртібі.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТІРКЕУ – құжатта іс-қағаздарын жүргізу индексі жəне
тіркеу күні қойылған қысқаша мəліметтердің есептік үлгідегі (журналда,
карточкада жəне т.б) жазбасы.
ҚҰЖАТТЫ КОНСЕРВАЦИЯЛАУ – құжатты ішкі ортаның қаупінен
сақтау.
ҚҰЖАТТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ - 1. Құжаттың алғашқы данасы. 2.
Көшірмеге берілетін материал болып табылатын құжат данасы.
ҚҰЖАТТЫ ІЗДЕУ МƏЛІМЕТІ – архивтік шифрі жəне құжаттың парақ
нөмірлеріне сілтеме көрсетілген, құжатты сақтау орны туралы мəлімет.
ҚҰЖАТТЫ ТІРКЕУ НӨМІРІ – іс-қағаздарын жүргізу индексінің бөлігі
болып табылатын келген немесе жөнелтілген құжаттарды тіркеу
кезіндегі нөмір тəртібі.
ҚҰЖАТ ФОРМУЛЯРЫ – құжат деректемелерінің белгіленген жəне
бекітілген жүйесі (автор, мекен-жай, күні, атауы, мазмұны жəне т.б.).
ҚЫЗМЕТТІК ХАТ (ЖАЗБА) – лауазымды адамға жəне басқа қызмет
адамына бағыттылған қандай да бір жұмысты орындалғандығы туралы
жазба хат.
Достарыңызбен бөлісу: