40
16) электронды бланкілер, шаблондар, стильдер шаблоны – құжаттарды
ресімдеудің корпоративтік стандартын жүзеге асыратын электронды нысан;
17) индекстеу – негізгі деректемелер бойынша ақпаратты ретке келтіру
процесі;
18) құжатқа қол қою – уəкілетті лауазымды адамның немесе құжат
авторының өзі қойған қолын (электронды қол қоюын) тізу рəсімі;
19) бұрыштама (виза) қою – лауазымды адамның құжаттың мазмұнымен
келісетінін немесе келіспейтінін білдіретін қол қою рəсімі;
20) құжаттарды келісу – Мекеме бөлімшелері жəне/немесе құжаттың авторы
болып табылмайтын бөгде ұйымдар құжаттың мазмұнымен келісу жөнінде
жүргізетін құжатты дəйектілікпен немесе қоса салыстыра қарау рəсімі;
21) машина жазбалары – компьютерлік ақпаратты электронды-есептеу
техникасынан тыс сақтауға мүмкіндік беретін құрылғылар: магнитті дискілер,
дискеттер, магнитті таспалар жəне басқа материалдық жазбалар;
22) «bmp», «gif», «tiff», «vsd» – графикалық нысанның кеңейтілген
файлдарының үлгілері
23) «Times New Roman», «KZ Times New Roman» - компьютерлік
шрифтердің үлгілері;
24) уəкілетті бөлімше – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілеріне, іс қағаздарын жүргізу кезінде міндетті Қазақстан Республикасының
мемлекеттік стандарттарына, мұрағаттарды жəне құжаттаманы басқару жөніндегі
уəкілетті мемлекеттік органның (бұдан əрі – орталық мемлекеттік мұрағат
мекемесі) əдістемелік ұсынымдарына сəйкес іс қағаздары мен мұрағатты
ұйымдастыруды, бөлімшелерде іс қағаздарының жай-күйіне жоспарлы тексеруді
жүзеге асыратын орталық аппараттың бөлімшесі;
25) ішкі хат-хабарлар – Мекеме бөлімшелері арасында жүзеге асырылатын
(берілетін) хат жазысу (хаттар, құжаттар, материалдар).
3-тарау. Құжаттарды жасау жəне ресімдеу тəртібі
16. Осы Ережеде Мекемеде құжаттарды ресімдеудің бірыңғай ережелері
мен олардың деректемелері айқындалады, құжаттардың құрамын, нысандарын,
сондай-ақ құжаттармен жұмыс жүргізу бірегейлендіріледі.
17. Құжаттарды əзірлеу сапасы жəне ондағы деректердің шынайылығы үшін
жауапкершілік құжатты əзірлеген, бұрыштама қойған жəне қол қойған (бекіткен)
адамдарға жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: