Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§ 1.  Уəкілетті бөлімшенің құжаттардың орындалуын



Pdf көрінісі
бет30/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   188

§ 1.  Уəкілетті бөлімшенің құжаттардың орындалуын 
бақылауды ұйымдастыруы 
 
153.  Уəкілетті  бөлімше  құжаттардың  орындалуын  бақылауды  ұйымдастыру 
мақсатында  құжатты  бақылауға  қояды,  бақылаудағы  құжаттардың  картотекасын 
жасайды,  басшылықтың  нұсқауы  бойынша  немесе  оның  орындалуы  нəтижесінде 
құжатты бақылаудан алады. 
154.  Құжаттардың  орындалуын  бақылайтын  бөлімше  электронды  құжат 
айналымының  шағын  жүйесінде  тіркелген,  Мекеменің  басшылығына  жіберілген 
хат-хабарларды  күн  сайын  қарап  отырады.  Құжаттың  мазмұнына,  басшылықтың 
оған  жазған  бұрыштамасын  қарай  отырып,  уəкілетті  бөлімшенің  қызметкері 
құжатты бақылауға алады.  
155.  Бақылау  картотекасы  құжаттардың  орындалу  мерзімі  бойынша 
жүйелендіріледі  жəне  мынадай  секцияларға:  орындалатын,  белгіленген  мерзімде 
орындалған, кешіктіріліп орындалған, орындалмаған құжаттар болып бөлінеді. 
156. Уəкілетті бөлімше құжаттардың орындалуын үнемі қадағалап отырады. 
Бақылау  нəтижелері  мен  орындау  мерзімінің  барлық  өзгерістері  тіркеу-бақылау 
карточкасына  белгіленеді.  Құжат  орындалғаннан  кейін  орындалуы  ресімделген 
сол  құжаттың  нөмірі  мен  күніне  сілтеме  жасала  отырып,  тіркеу-бақылау 
карточкасына белгі қойылады. 
157.  Құжат  осы  мəселе  бойынша  жауап  құжат  дайын  болғанға  дейін 
жəне\немесе  жіберілгенге  дейін  жəне  орындаушы  бөлімше  жауап  құжатының 
нөмірін,  күнін  жəне  жауап  құжатына  қол  қойған  адамды  көрсете  отырып,  тиісті 
түрде  толтырылған  тіркеу-бақылау  карточкасын    уəкілетті  бөлімшеге  бермейінше  
бақылауда болады. Егер мəселе ауызша шешілсе, онда орындаушы бөлімше осы 
құжатты бақылаудан алу туралы негізделген өтінішпен Мекеменің басшылығының 
атына хат жазады жəне құжат басшылықтың рұқсатымен ғана бақылаудан алынуға 
тиіс.  
158.  Орындау  құжаты  бойынша  тіркеу-бақылау  карточкасы  электронды 
құжат айналымының шағын жүйесінде екі жыл бойы сақталады. 
159.  Уəкілетті  бөлімшенің  қызметкері  құжаттың  бақылауға  алынуын, 
орындау  мерзімін,  оны  бақылаудан  алу  туралы  барлық  мəліметтерді  электронды 
құжат айналымының шағын жүйесіне енгізіп отырады. 
160.  Егер  бақылаудағы  құжаттарды  белгіленген  мерзімде  орындау  мүмкін 
болмаса, орындаушы тапсырма берген жəне мерзімін белгілеген тиісті лауазымды 
адамның немесе органның орындау мерзімін ұзарту туралы келісімін алуы керек. 


 
58
Орындаушы  немесе  бөлімшенің  жауапты  қызметкері  құжаттың  орындалу 
мерзімінің  өзгергені  туралы  уəкілетті  бөлімшеге    тіркеу-бақылау  карточкасына 
белгілеу үшін хабарлайды. Мұндай жағдайда құжат бақылауда қала береді. 
161.  Бақылауға  алынған  құжаттардың  мерзімінде  орындалуына  жəне 
олардың  мерзімінде  орындалуы  туралы  ақпараттың  дұрыс  болуына  көрсетілген 
құжаттарды  орындау  тапсырылған  бөлімшенің  басшылары  жəне  жауапты 
орындаушылары жауап береді.  
162.  Уəкілетті  бөлімше  мерзімі  ұзартылған  құжаттар  бойынша  орындау 
мерзімін  (орындалуын  алдын-ала  бақылау)  аяқталғанға  дейін,  сондай-ақ 
аяқталғаннан кейін де бақылайды (орындалуын соңғы бақылау).  
163.  Уəкілетті  бөлімше  үнемі,  тоқсанына  кемінде  бір  рет  бақылаудағы 
құжаттардың  орындалу  барысы  туралы  Мекеме  басшылығына  ақпарат  беріп 
отырады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет