Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§ 3. Азаматтардың өтініштері бойынша іс-қағаздарын



Pdf көрінісі
бет34/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   188

§ 3. Азаматтардың өтініштері бойынша іс-қағаздарын 
жүргізуді тоқтату тəртібі 
 
180.  Азаматтардың  өтініштеріне  қойылған  мəселелер  қаралса,  олар 
бойынша  тиісті  шаралар  қабылданса  жəне  өтініш  берушілерге  жауап  берілсе,  
өтініш шешілді деп саналады. 


 
60
181.  Азаматтардың  өтініштерін  қараумен  айналысатын  бөлімшелердің 
басшылары,  ал  қажет  болған  жағдайда  Төраға  немесе  осы  өтінішті  қараумен 
айналысатын  бөлімшеге  жетекшілік  ететін  Төрағаның  орынбасары  олардың 
өтініштері бойынша қабылданған шешімдерді азаматтарға хабарлайды. Оң жауап 
берілмеген  жағдайда,  оның  себебі  көрсетіледі  жəне  шағым  беру  тəртібі 
түсіндіріледі.  
Жауап жазбаша немесе ауызша түрде берілуі тиіс. Жауап жазбаша берілген 
жағдайда  өтініш  хатқа  жəне  тіркеу-бақылау  карточкасына  тиісті  жазбалар 
жасалады.  
182.  Мекеменің  орталық  аппаратында  азаматтардың  өтініштері  жөнінде  іс 
қағаздарын жүргізуді тоқтату туралы шешімді Төраға немесе осы өтінішті қараумен 
айналысатын  бөлімшеге  жетекшілік  ететін  Төрағаның  орынбасары,  филиалда  – 
филиалдың  басшысы  немесе  осы  өтінішті  қараумен  айналысатын  бөлімшеге 
жетекшілік ететін оның орынбасары қабылдауға құқылы.  
 
11-тарау. Электронды құжат айналымының шағын жүйесі 
 
183. Құжаттар жасау кезіндегі еңбек шығындарын қысқарту, оларды өңдеу, 
құжаттық  ақпараттарды  беру  жəне  пайдалану,  бақылау  құжаттарының 
орындалуын  бақылауды  жетілдіру,  жедел  орындалуын  арттыру,  құжаттармен 
жүргізілетін ақпараттық-талдау жұмысының сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының  жəне  Мекеменің    қолданылып  жүрген  нормативтік  құқықтық 
актілерінің  талаптарын  ескере  отырып,  Мекеменің  электронды  мұрағатын  құру 
электронды құжат айналымының негізгі міндеті болып табылады.  
184. Электронды құжат айналымын ұйымдастырудың негізгі принциптері: 
1)  деректерді  компьютерлік  өңдеудің  бағдарламалық  жəне  техникалық 
құрал-жабдықтарын  пайдалану  негізінде  электронды  құжат  айналымын, 
құжаттардың  электронды  нысандарын  басқарудың  автоматтандырылған  жүйесін, 
электронды почтаны ұйымдастыру; 
2)  электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінде  электрондық  санмен 
қол  қойылған  электрондық  құжаттың  мəртебесінің  қағаз  құжат  айналымының 
жүйесіндегі өз қолымен қол қойылған құжаттың мəртебесіне тең болуын тану;  
3)  қойылған  қолдардың  бірдейлігін  қамтамасыз  ететін  бағдарламалық-
техникалық  құрал-жабдықтардың  ақпараттық  жүйеде  бар  болған  кезде  ғана 
электронды  сандық  қолдардың  шынайылығын  тану  жəне  Мекеменің  нормативтік 
құқықтық актілеріне сəйкес оларды пайдаланудың белгіленген режимін сақтау; 
4) келіп түсетін, жіберілетін жəне ішкі құжаттарды бір рет тіркеу; 
5)  құжатты  жүйеге  енгізуден  оны  іс  қағаздарына  орналастырғанға  дейін 
құжат ағынын үзбеу болып табылады. 
185.  Электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінің  келіп  түсетін 
құжаттардың почта жəшігіне электронды құжаттар түскен кезде пайдаланушы бұл 
жөнінде тез арада хабарлама алады.  
Электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінің  пайдаланушылары  өз 
компьютерлерінде шағын жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін барлық жұмыс 
уақытының ішінде белсенді күйінде ұстауға міндетті. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет