Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет55/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   188
 
Келісу белгісі 
 
Келісу  белгісі  деректемесі  КЕЛІСЕМІН  деген  сөзден,  құжат 
келісіліп  отырған  тұлғаның  лауазымының  атауынан  (ұйымның  атауын 
қосқанда), жеке қолынан, жəне күннен тұрады. Мəтін, Қосымшасының 
бар  екендігі  туралы  белгі  жəне  Қол  қою  деректемесінің  астына  беттің 
төменгі сол жағына ресімделеді. 
 
 
М р 
 
Мөр  деректемесі  лауазымды  тұлғаның  құқықтарын  растайтын 
құжаттарға,  ақша  қаражатын  жəне  материалдық  құндылықтарды 
жұмсау  фактісін,  сондай-ақ  құқықтық  актілерде  арнайы  көзделген 
құқықтарды  растау  үшін  қойылады.  Лауазымды  тұлғаның  қолы 
елтаңбалық мөрмен расталуы тиіс. 
 
Мөр  бедерін  құжатқа  қол  қоюшы  тұлғаның  Қол  қою 
деректемесіндегі жеке қолының бір бөлігін қамтитындай етіп қою керек. 
Тек  арнайы  нормативтік  құқықтық  актілерде  қарастырылған 
құжаттар  бойынша  ғана  лауазымды  тұлға  қолтаңбасы  мөрмен 
куəландырылады. 
Мөрмен  куəландырылатын  ұйымдық-өкімдік  құжаттардың  үлгі 
тізбесі  ҚР  1042-2001  мемлекеттік  стандарты  Г.  қосымшасында 


 
83
келтірілген. Мемлекеттік ұйымдар бойынша мөрмен куəландырылатын 
құжаттар  тізбесі  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  ұйымдарында 
құжаттау  мен  құжаттаманы  басқарудың  тұрпатты  ережелерінің  8-
қосымшасында берілген. 
Мөр  таңбасы  құжаттағы  лауазым  атауы  мен  қолтаңбаның  бір 
бөлігін қамтитындай болып салынуы керек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет