Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет167/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   188
«Мемлекеттік  +йымдар  ызметі  барысында  т3зілетін  т+рпатты 
+жаттарды  са талу мерзімі к7рсетілген тізбесі», сондай-ақ, 2000 
жылы  қолданысқа  енген  «Мемлекеттік  за ды  т+лғалар  ызметі 
барысында  т3зілетін  жеке  +рам  бойынша  +жаттарды   са талу 
мерзімі к7рсетілген 3лгі тізбесі». 
Тұрпатты 
тізбелер 
бөлімдеріндегі 
құжаттар 
қызметтің 
функционалдық  бағыттары  бойынша  логикалық  өзара  байланысына 
қарай 
орналасады. 
Кейбір 
жағдайларда 
Тізбе 
баптарында 
құжаттардың  нақты  түрлері  аталмайды,  бірақ  бір  мəселе  бойынша 
сақталу  мерзімі  бірдей  түрлі  құжаттарды  біріктіреді.  Тұрпатты  тізбеде 
құжаттың бір түріне əр түрлі сақтау  мерзімдері белгіленген екі бағана 
бар.  Бұл  құжаттарын  тұрақты  сақтау  үшін  мемлекеттік  мұрағаттарға 
тапсыратын  жəне  құжаттарын  өздерінде  сақтайтын  ұйымдарға 
арналған. 
Істер 
номенклатурасын 
жасауда 
«Сараптау-тексеру 
комиссиясы»,  сондай-ақ  «Қажеттілігі  жойылғанша»,  «Жаңасымен 
ауыстырылғанша»,  «Ревизия  аяқталған  жағдайда  ғана»  деген 
белгілері бар істерге айрықша назар аудару қажет болады. «Сараптау-
тексеру  комиссиясы»  деген  белгі  бұл  істе  құнды  құжаттар  болуы 
мүмкін  екендігінен  хабар  береді.  Сондықтан  оларды  сақтауға 
тапсырарда  немесе  жоятын  кезде  соңғы  шешім  құжаттарды  зерттеп 
барып  жəне  ұйымның  сараптау  комиссиясымен,  қажет  болған 
жағдайда 
жергілікті 
мұраған 
органының 
сараптау-тексеру 
комиссиясымен де келісе отырып қабылданады. 
«Қажеттілігі  жойылғанша»,  «Жаңасымен  ауыстырылғанша» 
белгілері  құжаттардың  практикалық  мəні  уақыт  жағынан  шектеулі 
екендігін  білдіреді.  Ескерту  (4-бағана)  түсініктеме  береді  жəне  сақтау 
мерзімі  мен  орынын  анықтайды.  Мəселен,  «Ревизия  аяқталған 
жағдайда  ғана»  белгісі  бұл  талаптың  міндетті  түрде  орындалу 
қажеттігін  білдіреді;  «Келісім-шарт  мерзімі  өткен  соң»,  «Бекітілгеннен 
кейін» белгілері сақталу мерзімі осы көрсетілген жағдайлардан бастап 
есептелетінін білдіреді. 
Ресми  тізбелер  бойынша  белгіленген  сақтау  мерзімін  азайтуға 
жол берілмейді. Бірақ, жұмыстың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты 
қажеттілікке  орай  сақтау  мерзімін  көбейтуге  рұқсат  етіледі.  Іс 
қағаздарын  жүргізу  қызметінде  сақтау  мерзімдері  ресми  тізбелер 
арқылы  белгіленбеген  жаңа  құжат  түрлері  пайда  болған  кездерде 
олардың  сақталу  мерзімдері  туралы  шешімді  жоғарғы  ұйымның 
сараптау  комиссиясы  немесе  ұйымның  өз  сараптау  комиссиясы 
қабылдайды.  Бұл  шешімді  соңынан  мұрағат  органының  сараптау-
тексеру комиссиясы бекітеді. 


 
208
Осылайша  ұйымның  уəкілетті  бөлімшесі  істер  номенклатурасын 
жасап, оған құрылымдық бөлімшелер басшыларының келісімін алады. 
Мұнан соң жоба ұйымның жəне жергілікті мұрағат органының сараптау 
комиссияларына қарауға жіберіледі. Ұйым басшысы бекіткеннен кейін 
істер 
номенклатурасы 
қолданысқа 
енеді. 
Ұйымның 
қызмет 
функиялары 
мен 
құрылымдары 
өзгерген 
жағдайда 
істер 
номенклатурасы  қайта  жасалып,  қайта  келісіледі.  Жалпы  істер 
номенклатурасы  кем  дегенде  5  жылда  бір  рет  қайта  жасалып  тұруы 
керек.  Жыл  сайын  қайта  басылып,  тиісті  түзетулер  ендірілу  арқылы 
бекітіліп отыруы тиіс. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет