Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


Information  Services  Management)



Pdf көрінісі
бет178/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   188
Information  Services  Management)  ассоциациясы  бар.  Таңдаған 
компанияңыз  осы  ұйымға  мүше  ме,  жоқ  па,  оны  да  біліп  қою  артық 
болмайды; 
-  мұрағат  қоймасының  оған  қойылатын  талаптарға  сəйкес  келуі. 
Құжаттарды  офистен  тыс  сақтауға  бермес  бұрын  таңдаған 
компанияңыздың  мұрағат  қоймасына  барып,  күзет  жəне  өрт 
сигнализациялары мен өрт сөндіру жүйелерінің, стеллаждар жүйесінің 
бар  екендігіне  көз  жеткізіңіз.  Бұл  орынды  өрттен  қорғау  органдары 
тексерген-тексермегенін біліңіз (тексерілген жағдайда ол туралы тиісті 
актісі  болады).  Мұрағат  қоймасы  жəндіктер  мен  кеміргіштерге  қарсы 
арнайы  құралдар  арқылы  жүйелі  түрде  өңдеуден  өткізіліп  отыруы 
қажет. 
Сақтаудағы  құжаттардың  есебін  алуға  арналған  тиімді 
компьютерлік  жүйе  болуы  тиіс.  Қазіргі  кезде  штрихтық  код  қоюға 
негізделген жүйе неғұрлым оңды нəтижелерімен көрініп келеді; 
-  келісім-шарт  жасасу.  Таңдаған  компанияңыздың  сақтауға 
төлемақы      алу  жөнінен  сізге  оңтайлы  жағдай  жасауға  əзір  екендігіне 
көз  жеткізіңіз  (əдетте,  сақтау  қызметі  үшін  6  айдан  2  жылға  дейінгі 
мерзімге  аванс  төленеді).  Осымен  қатар  келісім-шартта  құжат 
сақтаудағы  құпиялылықты  қамтамасыз  ету  шарттарының  болуын 


 
221
тексеру  қажет.  Өйткені  бұл  мəселе  коммерциялық  құжаттар  үшін  аса 
маңызды фактор болып табылады. 
Əдетте,  кəсіби  мұрағат  компаниялары  құпиялылық  талаптарына 
сəйкес  өз  клиенттері  туралы  мəліметтерді  жария  етпейді.  Сонда  да 
болса  өзіңіз  таңдаған  компания  қызметін  пайдалану  туралы  ұсыныс 
жасайтын  клиенттер  бары-жоғына  назар  аудара  жүрген  артық 
болмайды.   
Қорыта айтқанда, құжаттарды офистен тыс сақтау секілді қызмет 
көрсетудің  айтарлықтай  жаңа  саласына  мəн  бере  отырып,  оны  тым 
ұшқары бағалаудан да аулақ болу керек. Офистен тыс сақтауды ұйым 
құжаттарын  сақтау  жөніндегі  бірден-бір  ең  дұрыс  шешім  деп  қарауға 
болмайды. Сонда да болса, одан үзілді-кесілді бас тарту да жөн емес. 
Өйткені  бұл  құжаттарды  офистен  тыс  сақтаудың  көптеген 
артықшылықтарынан 
да 
бас  тарту 
болып 
табылады. 
Бұл 
индустрияның 
бүкіл 
дүниежүзі 
бойынша 
үдемелі 
дамуы 
компаниялардың  құжат  сақтауға  жұмсайтын  шығындарын  азайтуда 
тиімділігі жоғары болып отырғанын көрсетеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет