Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет184/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
И 
ИНДЕКСТЕР  –  есепке  алу  (тіркеу)  жəне  орындау  кезінде  құжаттарға 
берілетін шартты белгілер. 
ИНДЕКСТЕУ – индекстер қою. 
К 
КЕЛГЕН ХАТТАР НӨМІРІ – алушының құжатты тіркеу нөмірі.  
КЕПІЛДІК ХАТ – кепілдік білдіруден тұратын хат. 
КЕРІ  БАЙЛАНЫС  ТАЛОНЫ  –  бір  нəрсені  (ақпаратты,  материалдық 
құндылықты, құжатты) алғандығын куəландыратын құжат. 
КЕСТЕ  –  бір  нəрсені  жүзеге  асырудың  уақыты,  орыны  жəне  кезеңі 
туралы хабарлама.  
КӨШІРІЛГЕН  ҚОЛЖАЗБА  (ФАКСИМИЛЕ)  –  1.  Қолжазбаның  немесе 
қолдың (мəтіннің) нақты үлгісінің техникалық құралмен  көбейтіндісі. 2. 
Клише, мөр, ресми құжатта жеке қолды бірнеше рет жазып шығару.  
КІЛТ  СӨЗ  –  қажетті  сөздер  жиынтығы,  барлығы  бірігіп  құжаттың 
мазмұнын білдіреді.   
КІРІС ҚҰЖАТ – мекемеге келіп түскен құжат. 
КӨРСЕТКІШ  –  атаулар;  заттардың,  анықтамалық  мəліметтердің 
жүйелендірілген тізімі.  
Қ 
ҚАРАР  –  жиналыс,  съезд,  конференция  т.с.с.  талқыланған  мəселе 
бойынша қабылдан шешім.  
ҚОЛ  ҚОЙЫЛҒАН  ҚҰЖАТ  –  құжаттың  көшірмесін  растайтын, 
куəландыратын  лауазымды  тұлғаның  немесе  автордың  қол  қойған 
құжат.  
ҚҰЖАТ – заңды күші бар материалдық тасымалдаушыдағы ақпарат. 
ҚҰЖАТ  АЙНАЛЫМЫ  –  1.  –  құжаттардың  мекеме  ішінде  олар 
алынғаннан  немесе  жасалған  сəттен  бастап  орындалғанға  немесе 


 
234
жөнелтілгенге  дейінгі  қозғалысы.  2.  –  мекеменің  белгілі  бір  уақыт 
кезеңі ішінде кірген, ішкі жəне шыққан құжаттарының саны.  
ҚҰЖАТ  ДЕРЕКТЕМЕСІ  –  сол  немесе  басқа  жазбаша құжатқа  қатысты 
міндетті ақпараттық элемент (автор, күні жəне т.б.). 
ҚҰЖАТ  ЖОБАСЫ  –  қарауға  берілуге  арналған  құжаттың  алғашқы 
нұсқасы.   
ҚҰЖАТТАҒЫ  ҚАРАР  –  басшының  атқарушыға  құжаттың  сипаты  жəне 
орындау мерзімі туралы жазбаша бұйрығы.  
ҚҰЖАТТАНДЫРУ  ЖҮЙЕСІ  –  мекемеде  қабылданған  құжаттарды 
жасау, толтыру жəне орындау тəртібі.  
ҚҰЖАТТАРДЫ  ДЕПОНИРЛЕУ  –  оларды  анықтамалық-ақпараттық 
қорда сақтаудың белгіленген тəртібі.  
ҚҰЖАТТАРДЫ  ТІРКЕУ  –  құжатта  іс-қағаздарын  жүргізу  индексі  жəне 
тіркеу күні қойылған қысқаша мəліметтердің есептік үлгідегі (журналда, 
карточкада жəне т.б) жазбасы.  
ҚҰЖАТТЫ  КОНСЕРВАЦИЯЛАУ  –  құжатты  ішкі  ортаның  қаупінен 
сақтау.  
ҚҰЖАТТЫҢ  ТҮПНҰСҚАСЫ    -  1.  Құжаттың  алғашқы  данасы.  2. 
Көшірмеге берілетін материал болып табылатын құжат данасы.   
ҚҰЖАТТЫ  ІЗДЕУ  МƏЛІМЕТІ  –  архивтік  шифрі  жəне  құжаттың  парақ 
нөмірлеріне сілтеме көрсетілген, құжатты сақтау орны туралы мəлімет.  
ҚҰЖАТТЫ  ТІРКЕУ  НӨМІРІ  –  іс-қағаздарын  жүргізу  индексінің  бөлігі 
болып  табылатын  келген  немесе  жөнелтілген  құжаттарды  тіркеу 
кезіндегі нөмір тəртібі.  
ҚҰЖАТ  ФОРМУЛЯРЫ  –  құжат  деректемелерінің  белгіленген  жəне 
бекітілген жүйесі  (автор, мекен-жай, күні, атауы, мазмұны жəне т.б.).  
ҚЫЗМЕТТІК  ХАТ  (ЖАЗБА)  –  лауазымды  адамға  жəне  басқа  қызмет 
адамына бағыттылған қандай да бір жұмысты орындалғандығы туралы 
жазба хат.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет