АҚША, несие, банктер


§3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1991 ж. БЕРГІ БАНКТІК РЕФОРМА



бет11/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
§3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1991 ж. БЕРГІ БАНКТІК РЕФОРМА

Банктік жуйеде реформа жүргізудің қажеттілігі

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қа-тынастарға көшу кезеңінде несиені баскарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген

176 Ақша, несие, банктер

буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегіиде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатш несие мен банктік тәжірибені мемлекетгік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің "сапасыз" (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.

Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.

1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың I тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің - 11,3%-ын құраса, ал IV тоқсанда - 29,8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы - 6,7%-ды құраса, IV тоқсанда - 17,8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілдік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің ңашар несиелерден кұрылуына әкеліп соқтырады.

Қазақстанның банк... 177

1993 ж. Ұлттық банктен 7,5 млрд теңге сомасында орт-алықтандырылған несие берілді, 5,6 млрд теңгесі - үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн теңгеге немесе 3,9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылды.

Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депо-иттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор - бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіп-орындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді.

Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда, ал инфляция 1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.

Осылайша .мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.

Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіруі - мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден

178 Ақша, несие, банктер

несие алуға қол жеткізе алмады.

Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматгар өз қаражаттарына жылжымайтын мүмлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақгы активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліқсіздігіне байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.

Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері ықпалын тигізді. Субсидиялық несиелер деп - кәсіпорындардың өздеріне тән шығындарының орнын толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен бірге, кәсіпорынның дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 ж. IV тоқсанында 65% төмен) мөлшерлеме бойынша берілді. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемлекеттік дотация арасындағы айырмашылықты мүлде жойды. Бұл қарыздарды кәсіпорындар өтемеді.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданады. 1992 ж. Ұлттық банктің бұндағы несиелерінің үлесі барлық қайта қаражыландырған несиелердің 70%-ын немесе барлық несиелік салымның 42%-ын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.

1993 ж. мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетін ор-талықтандырылған несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен (3%, 25% және 65%) беріледі. Банктердің бар-



Қазақстанның банк... 179

лық берген несиелерінің 7,5 млрд теңге жалпы сомасынан, олардың үлесіне 76% тиді, себебі 1992 ж. коммерциялық банктердің пайыздық мөлшерлемеге қойылатын шектеулер алынып тастағаннан кейін, Ұлттық банктің орталықтандырылған несиелік ресурстарының есебінен банктерге беретін несиелері бойынша маржа 3% мөлшерінде сақталды. Нәтижесінде, орташа пайыздық мөлшерлеме орталықтандырылған несиелер жөнінен 1993 ж. жалпы республика бойынша 48,2% құрады. Сол жылы тұтыну бағаларының индексі 2269,8% деңгейде анықгалды.

Ұлттық банк кәсіпорындар қарыздарының жаппай есеп айырысуын (клиринг) жүргізу кезінде қарыз-кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 ж. осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелердің 30%-зы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.

Дегенмен жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық - қаржылық алып-сатарлыққа мүмкіндік туғызды.

Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджетінің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 ж. 1 қаңтарында олар тиісінше 13,7 және 11% құраса, 1993 ж. 1 қаңтарда - 1,5 және 2%, ал 1993 ж. бюджеттік тапшылықты жабуға - 877 млн теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының - 11,8%-ын құрады.

Нәтижесінде несиелік жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі ұлғайды. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан Ұлттық банктің ұтылғаны мен капиталды жоғалту сомасы өте жоғары болды.

1992 ж. Республикада басталған төлемсіздік дағдарысы кәсіпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер етті және әлі де әсер етуде. Көптеген кәсіпорындар өнім өндіруді төмендетуге, ал кейбіреулері өндірісті тіпті тоқтатуға мәжбүр болды. Есеп айырысуда тауарлар мен көрсетілген

180 Ақша, несие, банктер

қызметтерге алдын ала төлем және бартер қолданады.

1991 ж. 1 қаңтарда уақытында төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн теңге құраса, 1992 ж. 1 қаңтарына - 1.1,2 млн теңгені, ал 1992 ж. маусымында - 384 млн теңге немесе жалпы ұлттық өнімнің - 12,3 % немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасының - 84,1% кұрады. 1993 ж. мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін немесе 60 есе жоғары өсті. Сөйтіп, банктердің қарыздары бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар 12,6 млн теңгеден 1,7 млрд теңгеге дейін немесе 135 есеге ұлғайды.

Мұндағы құбылыс көптеген себептермен түсіндіріледі: бірінші төлемдер жүйесінің тиімсіздігі және несиелік нарықтың мәселелері. Әсіресе, олар 1992 ж. басында Ұлттық банк кәсіпорындарға несие беруді шектей бастаған кезде пайда болды. Кәсіпорындар жөнелтілген тауарлары үшін басқа кәсіпорындардан төлемдерін ала алмауынан төлемдер жарты жылға немесе одан да көп уақытқа кешіктірілді. Жағдайы жақсы, төлем қабілеттілігі бар, тіпті төлем қабілетінсіз кәсіпорындар да қауіпті жағдайларға ұшырады.

Несиелік нарықтың мәселелері қолма-қолсыз есеп айырысудың бұрынғы жүйесі және есеп айырысу құжаттары бойынша несиелеу жойылған кезде байқалды. Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін алушыларға жабдықтаудың келісімі мен жоспарына сәйкес жөнелтіп, олардың төлем қабілеттілігін тексермеді. Егер сатып алушының шотында ақша қаражаты болмаса, онда банк оған бірден несие беретін, бұл кезде төлемсіздік тәуекелі деген болмайтын. Бұл жүйені алып тастаған соң (кәсіпорындар несие төлеуге қабілетсіз болса, оларға банктер несие бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы орын алады; төлемдерді кешіктіру немесе бірқатар кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер үшін төлем төлей алмауы - төлемсіздік тізбегін туғызды.

Сонымен бірге, төлемдердің кешіктірілуі ескірген құралдар мен банктердің техникалық жарақтарының артта қалуымен де (ескірген ЭЕМ және оларды ақпараттық қамтамасыз етулер торабы) байланысты болды.

Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысынан шығуда үлкен 3 шараны жүзеге асырады: Біріншіден, басқа



Қазақстанның банк... 181

да өміршең кәсіпорындардың қарыз көлемін азайту мақсатында тиімді немесе өміршең кәсіпорындардың қарызын қайта қаржыландырды. Ұлттық банк бұрынғы мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245,6 млн теңге несие берді. Екіншіден, үкімет жаңа төлем құралдарын енгізді. Мемлекеттік кәсіпорындарға чектер немесе төлем, тапсырма бойынша алдын ала төлеуді талап ететін төлем құралдарын пайдалануға рұқсат етілді. Үшіншіден, бұрынғы одаққас республикалар республикааралық есеп айырысу банктерін қайта құру келісіміне келді. 1992 ж. соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорындарының қарыздарын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол койды, ол қарыздар сомасы 1992 ж. аяғында 80 млн. теңгені құраған.

Бұл шаралар төлемсіздік дағдарысына төтеп бере алмады, себебі бірқатар маңызды мәселелер шешілмей қалды. Кәсіпорындардың өзара қарыздар болуынан туындаған несиелік нарық пен төлем жүйесінің тиімсіздігі жойылған жоқ; мәселен, төлемдерді кешіктіру және кәсіпорындарда қаржылык тәртіптің болмауына қатысты мәселелер шешусіз қалды. Төлемсіздік дағдарысы 1992 ж. соңында тағыда қайталанды, ол кезде үкімет қарызды жабуға тағы 600 млн теңге, ал 1993 жылы I тоқсанда мемлекеттік кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға 800 млн теңгеге жеңілдетілген пайыз мөлшерлемесінде (25% жылдық) несие бөлуге мәжбүр болды.

1993 ж. қараша айында Ұлтгық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.

Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлтгық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің

182 Акша, несие, банктер

қаулысымен бекітілген, 1995 ж. Арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.

1995 ж. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі бол жанған:

- Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай-несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған ¥лттық банктің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді;

- экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлтгық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;

- банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздык мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлтгық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;

- республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;

- шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің қауіпсіз, уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;

- орта және ұзақ_ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялык емес несиелеу жүйесінің негізін калау.



Қазақстаннын банк... 183

Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды.

Ең алдымен ақша-несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті.

Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлтгық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден қойды, оларға: банктердің өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.

1995 ж. бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, екінші жартысында операциялардың барлық ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші ңарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк айңалысқа бағалы қағаздарды шығару (нота) жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды.

1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің позитивті нақты бағытын ұстап тұрды. Инфляция қарқынының төмендеуіне байланысты ол да төмендеді және керісінше инфляцияның өсуі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді. Инфляция қарқыны 1995 жылдың қаңтарында 8,9%-дан 2,4%-ға дейін төмендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45%-ға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4%) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5%-ға дейін арттыруына мәжбүр етті.

184 Ақша, несие, банктер

Бұл өзгерістер өз кезегінде екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініс алды.

Ақша массасының көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі міндетті резервтер деңгейі, 1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің деңгейінің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері үшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.

1995 ж. Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарыктағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер -0,8 млрд теңге көлемінде айналысқа шығарылды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар — 2,2 млрд теңгені құраған.

Ұлттық банк жургізген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың қысқа мерзімді өзгерістерінен туындайтын теңгенің алмастыру бағамының (динамикасьш) қозғалысын реттеуге бағытталған. 1995 ж. қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түріндегі Ұлттық банктің интервенциясы оларды нарықга сату формасындағы интервенциясымен сай келді.

1995 ж. екінші жартысында өтімді нарық кұруда Ұлтгық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорынның ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.

1995 ж. алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 ж. сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.

Қазақстанның банк…. 185

Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен кымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді. Сонымен катар әр түрлі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар жүргізді.

Мұндай ақша-несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 жылы монетарлық бағдарламаға жүктелген параметрлер негізінен орындалды. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын (1994 ж.) 24,1%-дан (1995 ж.) 4,8 %-ға дейін төмендеуге әкелді, әрі шетел валюталары бойынша теңгенің бағамы тұрақтанды. Ұлтгық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты экономикалық тұрақтануына жақсы жағдай туғызды. Жалпы ішкі өнімнің құлдырауы (1994 ж. 23,7%) 9%-ға дейін төмендеді. 1997 жьшмен салыстырғанда экономикалық бірқатар салаларда өндірістің өсуі байқалады. Сауда балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.

1995 ж. ел экономикасын сауыктыру мақсатында макро-экономикалық реттеу мен ақшалай-несиелік және салық бюджеттік саясатты үйлестіру ісінде Ұлтгық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы қатынастары беки түсті. Соның нәтижесінде, Қаржы министрлігінің өзара байланыс практикасы жақсарды, қаржылық қарым-қатынастар тәжірибесі келтірілді, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің аукциондарын өткізу бойынша Қаржы министрлігі агенті функцияларының атқарылуы жақсарды, бюджеттерге кассалық қызмет көрсетуді Ұлттық банктен - Қаржы министрлігі қазынашылығына беру жөнінде дайындық жұмыстар жүргізілді.

Экономика талаптарына сай келетін жалпы қабылданған халықаралық қағидалар стандарттарды - тәжірибелік қызметке ендіруге көмек беретін шаралар жиынтығын көрсететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы бойынша күрделі жұмыс жүргізді.

Ұлттық банк тәжірибеге жаңа шоттар жоспарын, біртұтас баланс пен негізгі және көмекші бухгалтерия бойынша нормативті құжаттар, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесіндегі қажетті бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді енгізді.

186 Ақша, несие, банктер

Аталған жұмыс түрлерін автоматтық өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы аяқталды.

1995ж. банктік қадағалаудың әдістемелік базасының дамуын қамтамасыз ететін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар. жүргізілді, әсіресе мына бағыттарда: үмітсіз және күмәнді қарыздарды жабуға арнайы резервтер (провизия) қалыптастыру бойынша, банктерді консервациялау, банктерді ашудың жаңа тәртіптері бойынша, банктік операцияларды лицензиялауға банктерді таратудың жұмыс жасап отырған тәртібін өзгертуге және банктердің ашық валюталық пози-циясын енгізуге байланысты.

1995 ж. екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды. Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін), шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті.

Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды. Егер жыл басында 60% банктерде жарғылық қор 5 млн теңгеге дейін болса, 1996 ж. олардың саны 35% кем болды. 80 млн теңге және одан да көп жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.

Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіпбанктің санациясы аяқталды.

1995 ж. функционалдық (атқарымдық) арнайы мемлекеттік банктердің құрылуы жалғасты. Екінші деңгейдегі банк -Сауықтыру банкі құрылып, өз жұмысын бастады.

1995 ж. несиелік нарықтың даму ерекшелігі - несиелік аукциондарды әрі қарай жетілдіру болып табылады. Несиелік аукциондар ролі төмендеп, банкаралық ақша нарықтарының ролі артты.

1995 ж. қымбат бағалы металдар нарығынын дамуы басталды. 1995 ж. 20 шілдедегі № 9372 "Қымбат бағалы металдар және асыл

Қазақстанның банк... 187

тастармен байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы елімізде барлық өндіретін қымбат металдарды міндетгі сату жүйесінен оларды еркін сатуға көшуге рұқсат етеді. Бұрынғы КСРО республикаларының ішінде Қазақстан қымбат бағалы металдар нарығының ырықгандырылуына байланысты алғашқы қадамдарын жасады. Жеті банк қымбат металдармен операциялар жүргізуге уақытша лицензиялар алады. 1995 ж. желтоқсан айында алғашқы сауда болды.

Халықаралық стандартқа жауап беретін, адекватты заңдарға және қазіргі кездегі техникалық базаға негізделген тиімді төлем жүйесін құруда бірегей саясат жүргізу мақсатында 1995 ж. "Қазақстан Республикасының Ұлтгық жүйесін құру саласындағы ынтымақтастық және Ұлттық Төлем Кеңесін (ҰТК) құру туралы келісім жасалынды". ҰТК қызметінің негізгі бағыттары мынадай: қатысушылардың көп жақты мүдделеріне жауап беретін Ұлттық төлем жүйесінің жобасын қарастыруға қатысу; екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын реттеп отыруға және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға бағытталған әдістемелік ұсыныстарды енгізу халықаралық банктік жүйелерге шығу арқылы бірегей мемлекетаралық стандарттарға көшу; жүйенің қауіпсіздігіне, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуіне, Ұлттық төлем жүйесінің банк-қатысушыларының мамандарына кызмет көр-сету және оқытуға байланысты туындайтын әр түрлі пробле-

малардың шешімін табу.

Екінші деңгейдегі банктердің қаражаттарын тиімді пайдалану әрі олардың өтімділігін арттыру үшін ҚР Ұлтгық банктің жанынан Алматы клирингтік палатасы және Ұлттық банктің Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстық басқармаларында да клирингтік палаталар құрылды.

Қазақстан Республикасында төлем құралдарын тиімді пайдалануды жоғарылату үшін 1995 ж. Ұлтгық банктің бас-қармасымен келесідей: "Қазақстан Республикасында есеп айырысудың вексельдік жүйесі туралы уақытша ереже", "Банктік сервистік бюро туралы уақытша ереже", "Қазақстан Республикасы аумағында дебиттік және кредитік карточкаларды пайдаланумен байланысты шетел валютасындағы есеп айырысудың уақытша

188 Ақша, несие, банктер

тәртібі" нормативтік құжаттар дайындалып бекітіледі.Сонымен қатар, бұрын бекітілген нормативтік актілерді: "Қазақстан Республикасындағы чектермен есеп айырысу туралы ережесі", "Чектердің клирингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің клиринг палатасы туралы ереже", "Қазақстан Республикасындағы банкіаралық клиринг туралы ереже", "Үйымдастырылған нарықта онкольдық қарыздарды беру және қайтару бойынша операцияларды жүргізу туралы ережені" енгізуге байланысты жұмыстар атқарылды.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.



БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ РЕФОРМАЛАНУЫ

1995 жылы Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасын жүзеге асыру орта мерзімді бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды.

Оның мақсаты мен міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банк ретінде атқарған қызметі кезівде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:



Қазакстанның банк... 189

1. Акша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін: банк беретін қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекетгік бағалы қағаздармен де, бағалы қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша-несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.

Республикамыздағы директивті несиелерді беру жөніндегі жинақталған тәжірибе көрсеткендей, оның қайтарылуы 24%-ды құрағаны белгілі, сондықтан келесіде мұндай несиелерді беру көзделмейді. Бұл тұрғыда орталықтандырылған несиелер тек банктердің қысқа мерзімді өтімділігіндегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана несиелік ресурстар аукциондары, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, "репо" операциялары және вексельдерді қайта есепке алу арқылы берілетін

болады.


Жалпы ақша нарығының дамуы барысында аукциондық несиелердің ролі бәсендейді де, ол канал біртіндеп банкаралық нарық арқылы ығыстырылады.

Ломбардтық несиелердің көлемі, оның экономикалық мәніне қарағанда маңызды емес болып табылады, себебі оны банктер өте қажет жағдайда ғана алатын болғандықтан, ол айып-пұлдық несие деп те айтылады. Ломбардтық несиелеудің үлес салмағы 5-8%-ды құрайды.

Ұлттық банк бюджетті таза несиелеудің біртіндеп төмендеуін анықтайтын Қаржы министрлігімен жаңа қарымқатынастарды қалыптастыруға айрықша көңіл бөлетін болады. Соңғысында бюджеттің тапшылығын қаржыландыратын монетарлық ішкі көздердің ролі артады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерге байланысты операциялау көлемінің ұлғаюын, олардың неғұрлым ұзартылған мерзімімен жабылып сатылатынын ескерсек, онда 1998 ж. Қаржы министрлігін несиелеу тоқтатылатынына үміттенуге болады.

Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі нақты бейнеленуінде позитивті (яғни инфляцияның деңгейінен жоғары) және Бағдарламаның іске асуының соңына таман, ақшаға деген сұранысты реттейтін негізгі параметр болып саналады. Ұлтгық банктің аукциондарының төмендеуіне қарай және банкаралық

190 Ақша, несие, банктер

несиелік нарықтың дамуына қарай ондағы мөлшерлемеге көп көңіл бөлінеді.

Ұлттық банктің ақша массасының көлемін шектеу, банктердің мүмкін болатын деңгейдегі өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында банктерде депозит бойынша міндетгі резервтер тәжірибесін жалғастырылатын болады. Ақша-несиелік саясаттың бұл құралы банктердің өтімділігі мен ақшаның мультипликациясын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін ғана емес, сонымен бірге шетел валютасындағы депозиттердің өсу қарқыны мен көлемін реттеу үшін де қолданылады. Банктер пассивтерін долларлануының өсуі сақталатын болса, Ұлттық банк ұлттық жэне шетел валютасындағы депозитгердің резервтік нормативтік дифференциациялау арқылы жағдайды өзгертуге тырысады.

Ұлтгық банктің ішкі валюталық нарықтағы интервенциялары ішкі валюталық нарықтағы қысқа мерзімді өзгерістерден туындаған теңгенің алмастыру бағамының ауытқуларын жабу мақсатында ғана жүзеге асыратын болады. Бұл кезде әр кезеңгі ¥лттық банктің ішкі активтерінің көбеюі негізінен акша-несие саясатының басқа да құралдарымен, ал ол өз кезегінде ашық нарықтағы операцияларымен орны толтырылады.

Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының бүкіл әлемдік даму жолымен жүруді қарастыруда. Бірінші нарықтың дамуы бойынша Ұлттық банк ашық нарықтағы операциялар көлемін кеңейтіп және оған өзінің ақша-несие саясатының көптеген ауыртпалығын түсіруде.

Банктік жүйені реформалау кезінде эммисиялық, кассалық және инкассаторлық жұмыстарды күрделі қайта құру жүзеге асады.

Қолма-қол ақша айналымының ырықтандыруын есепке ала отырып, эмиссиондық жұмыс қайта құралады. Екінші деңгейдегі банктерді ақшалармен қамтамасыз ету оған деген қажеттіліктердің туындау көлемінде облыстық (аумақтық) басқармалармен жүзеге асырылады. Эмиссиондық рұқсат алынып тасталады.

Қолма-қол ақша айналымын тиімді басқару тұжырым-дамасын қолдану Ұлттық банктің сақтау орындарында банкноттар мен



Қазақстанның банк... 191

монеталардың сәйкес номиналдарындағы көлемдерінің құралуын карастырады.

Қолма-қол ақшаны инкассациялау қызметі екінші деңгейдегі банктерге ішінара берілуде.

2. Валюталык реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлтгық валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін теңгенің валюталық бағамына және экономиканың бәсекелестік қабілеттілігіне, баға деңгейінің өзгеруі мен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайын.

Өтімді валюталық нарық құруда жинақталған тәжірибені ескере отырып, Ұлттық банк кәсіпорындардың шетел валютадағы экспорттан түскен түсімдерін міңдетті түрде сату жөніндегі икемді саясатын жүргізеді.

Банкаралық валюталық нарықта (форвард, своп, фьючерс, опцион сияқгы) мерзімді операцияларды ішкі нарыққа ендіру үшін және ішкі нарықта дилинггік операцияларды реттеу бойынша нормативтік базаны жасау, РЕПО, своп, қымбат бағалы металдар, ломбардтық валюталық несиелер типтес операцияларды ендіру үшін жағдай туғызу қарастырылады.

Орта мерзімді уақыт аралығында алтын валюта резервтерін басқару жөніндегі жасалған тұжырымдама негізінде оларды әртараптандырылған басқаруға көшуі байқалды, яғни стратегиялық инвестициялық портфель мен тиімділіктің тактикалық портфельдерін құруды білдіреді.

Бұл орайда өтімділіктің тактикалық портфелі валюталық бағам мен қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу саясатын жүргізу үшін қажет. Бұл портфельдің табыстылық нормасы орналастырудың сәйкес мерзімі бойынша ЛИБИД мөлшерлемесімен анықталуы мүмкін. Өтімділік портфелінің негізгі құралдары болып ақша нарығының құралдары табылуы тиіс.

Стратегиялық портфельдің құрамы Ұлтгық банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3-10 жылға дейін) міндеттемелерімен анықталады. Бұл портфельдің құралдарына - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары: орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капитал нарығының басқа да құралдары жатады. Бұл портфельде қандай металдар активінің негізгі үлесі болуы тиіс.

192 Ақша, несие, банктер

3. Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсарту. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын талаптары банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарына сай келтірілген болады. Ондай халықаралық танылған стандарттарды қолдану банктердің капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге бейімделуіне нақты баға береді, ал бұл өз кезегінде банктердің акционерлері мен жетекшілік және екінші дегейдегі банктермен қарым-қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік беріледі.

Банктерді құру және оларды лицензиялау бойынша Ұлттық банк талаптарының қатандай түсуі тұракты, бәсекелестік қабілеті бар несие-қаржылық институттардың шығуына мүмкіндік берді.

Өз капиталының тапшылығын сезетін банктер Ұлтгық банкке қайта капиталдандыруы бойынша шаралар мен бағдарламасың табыс етеді, әрі олардың орындалуы туралы есеп беріп тұрады. Капиталдың баламалы деңгейіне қол жеткізе алмаған банктер таратылады немесе банктік емес қаржылық мекемелерге қайта құрылуы керек.

Осы мерзімге нақты тұрғыдан келгенде, Ұлтгық банк капитал тапшылығын сезетін сол немесе басқа банкке деген қарым-қатынасын, оның маңыздылығына, банктың нарыққа тартылған депозиттері мен берілген несиелерінің үлесіне қарай анықтайды.

Осы айтылған белгілермен сәйкесінше банктердің келесідей топтары бөлінеді:

- жарияланған жарғылық қоры 600 млн теңгеден жоғары ірі банктер;

- біршама ірі және орташа;

- ұсақ банктер.

Тек ірі банктермен қарым-қатынаста Ұлтшқ банк олардың қаржылық сауықтыру бойынша ғана соңғы инстанциядағы кредитор болуға жағдай жасайды, себебі ондай банктердің жойылуы еліміздің экономикасына жағымсыз салдарын тигізуі мүмкін.

Мұндай көмек көрсетуге қажетгі жағдай - банктің менеджмент сапасын нығайту мен банктің ағымдағы қаржылық



Қазақстанның банк... 193

жағдайын бақылап отыру үшін Ұлттық банктан тұрақты бақылаушыларды ендіру болып табылады.

4. Банк жүйесінің бухгалтерлік есепбі мен статистикасын реформалауды аяқтау. 1995 ж. орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасының банктері мен басқа да несиелік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөніндегі біртұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есептің реформалануы аяқталады.

Бағдарламаның қызмет ету аралығында ұлттық шоттар салықтык-бюджеттік, төлем балансының, қаржылық нарықтық статистикалары үшін маңызы бар жаңа ақпараттарды қалып-тастыруға мүмкіндік беретін екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банктің жаңа шоттар жоспарын толығымен ендіру аяқталды, әрі олар ақша-несиелік саясатты жүзеге асыруда нормативті ережелердің орындалуын бақылау, жоспарлау және талдауда, сонымен бірге қаржылық құралдарды нақты пайдалану бойынша шешімдер қабылдауда қолданылуда. Айтылған жұмыс сәйкес нормативті бағаны құрумен және персонал дайындаумен, қайта дайындаумен жүргізіледі.

Бұнымен қатар жаңа бухгалтерлік есеп жүйесіне негізінен банктік қызметте ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі тауарлы нормативтік база жетілдіріледі.

Орта мерзімді бағдарламада, сонымен қатар, статистикалык көрсеткіштерді салыстыруды қамтамасыз ететін және халықаралық тәжірибеде қабылданған, банктік, ақшалай көмек беретін жаңа шоттар жоспарына сай екінші деңгейдегі банктердің статистикалық есеп беруінің жаңа нысандарын ендіру және жетілдіру қарастырады.

5. Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқармаларының мақсаттары.

Орта мерзімдік кезеңде банктің облыстық (аумақтық) басқармаларына айрықша мән беріледі. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық банктің облыстық басқармалары аркылы жүзеге асырлады.

Облыстық басқармалар қарыз алушы банкке орталықтандырылған несиелік ресурстарды жеткізу - олардың максатты пайдалануына бақылау жүргізуді жүзеге асыруды қоса алғанда, бекітілген жоспарлы шаралар негізінде облыс аумағы бойынша ¥лттық

194 Ақша, несие, банктер

банктің ақша несие саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Еліміздің аймағын қоса алғанда, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының ары қарай дамуы қарастырылуда; Ұлттық банктің облыстық басқармаларына облыстық аумақты осы нарықтың нақты қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жауапты міндеттемелері артады.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары төлем жүйесін жетілдіру жөнінде күрделі жауапты міндеттемелерді шешетін болады. Олар аралық және ұзақ мерзімді төлем жүйесін құруға сондай-ақ оның әрекет етуіне нақты және тікелей ықпал ететін болады.

Орта мерзімді кезеңде Ұлттық банк басқармасының жұмысы әлдеқайда кеңеюі келесілерде қарастырылады: валюталық нарықтың дамуы, яғни облыстық аумақтарда шетел валютасын айырбастау пунктерінің санының өсуі.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз аумағында екінші деңгейдегі банктерде де және Ұлттық банктің басқармаларында да бухгалтерлік есеп және есеп беру реформаларын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Қолма-қол ақша айналымының кең таралуы жағдайында Ұлттық банктің облыстық басқармаларымен қолма-қол ақша жөнінде қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады. Бұл бағытта банкноттар мен монеталардың резервін құру, оларды сақтау және тасымалдауын қамтамасыз ететін шаралар қолдануыға тиіс.

Орта мерзімді кезеңде облыстық басқармалар мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалу қызметін Қаржы министрлігінің қазынашылығына берумен байланысты күрделі құрылымдық қайта құру жұмыстарын жүргізуді қарастырады.

6. Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі - ломбардтар, несиелік бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, клиринтік палаталар, т.б. түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.

Екінші деңгейдегі банктер капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі тиіс және корпоративті бағалы қағаздарға

Қазақстанның банк 195

күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша дилерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады.

Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, өздерінің белгіленген өзіндік қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банктер пайда болады және олардың қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.

Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банктерге: Экспортты-импорттық банк, Тұрғын үй-құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.

Ондай банктердің қатарында Халықтық жинақ банкі де бар, әзірше ол халыққа қызмет керсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болады. 1998 жылдан бері, оның салымшыларымен акционерлеу басталды.

Қазақстан Республикасы Экспорт-импорттық банкі (Эксимбанкі) Үкіметтің құрылымдық-инвестициялық саясатына жәрдемдесу және елдің тұрақгы экономикалық өсімін арнайы бағдарламаларға дайындап, оны жүзеге асыруға, сондай-ақ қаржыландырудың саудалық және жобаларын таңдап алу арқылы елдің бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында құрылған банк болып табылады.

Эксимбанк шетелдік және отандық тікелей және портфельдік инвестициялар үшін тиімді каналдарды қамтамасыз етеді және кепіл қызметін жүзеге асырады, инвестициялық және қаржылық агентті, сенім жүктелген тұлға (бірінші кезекте үкіметке қатысты) және дилердің қызметтерін жүргізумен қатар, бағалаумен тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.

Үкіметгің құрылымдық-инвестициялық саясатын жүзеге асыру үшін керекті ішкі қаржылық ресурстар кірісінің көбеюі мен қызмет етуінің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Эксимбанкті акционерлеу туралы және алдыңғы қатардағы шетел банктері мен халықаралық Қаржы министрлігі кепіл болатын, оның облигацияларын эмиссиялау туралы шешім қабылдады.

Тұрғын-үй құрылыс банкінің атқаратын негізгі қызметтері: коммерциялық құрылысшылар жүйесі арқылы тұрғын-үй құрылысын несиелеу; халық үшін тұрғын-үй жинақ шоттар жүйесінің құру; ипотекалық несиелеу жүйесін құруда көрініс табады. 1998 ж. бұл банк Центркредитбанкпен бірігеді.

196 Ақша, несие, банктер

Сауықтыру банкі 30-40 ірі қарыз-кәсіпорындарды елдің қаржылық жүйесінен бөліп алып, олардың міндеттемелерін өтеуге және тарату немесе жекешелендіру, кейіннен санациялау арқылы қайта құру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Сауықтыру банкі жүргізетін қаржылық жағдайы нашар мемлекеттік кәсіпорындарды тарату және қайта кұру, сауықтандыру қаржылық-экономикалық механизмі: қаржылық-экономикалық, ұйымдастырушы-шаруашылық және басқа да шаралар мен процедуралар кешенін қамтиды. Осыларға сәйкес, бұл банк өзіне кредитор ролінің берілуі көзінен төлем төлеуге қабілетсіз кәсіпорындардың қызметін өміршендік деңгейіне дейін көтеру мақсатында қаржыландыратын болады. Егер өміршендігінің нақты болашағы болмаса, кәсіпорындар өздерінің мерзімі өтіп кеткен қарыздары мен бюджетке ауыртпашылық түсіретін болса, оларды еріксіз таратады.

Банктік жүйенің аумақты дамуының бір қалыпты еместігін ескергенде, Қазақстанның үлкен аумағында банктік инфракұрылымының дамымауындағы мәселелерді шешудің мүмкін болатын бірден-бір әдісі - пошта, мемлекет немесе басқа да банктер тарапынан бақыланып отыратын банктік қызметтің жеке түрлерін көрсететін пошталық бөлімшелердің желілерін қолдану болып табылады.

1998 ж. Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкі "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшуі туралы" ережесін қабылданады. Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктердің отызы бірінші топқа кірді әрі олар 1998 ж. соңына дейін халықаралық стандарттарға өтуі тиіс, ал қалған отыз банк екінші топқа кіреді, оларға 2000 ж-ға дейін халықаралық стандарттарға өту жүктеледі. Қалған 17 банктер несиелік серіктестіктерге, не олар ірі банкгермен қосылуына болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Рес-публикасығы банктер және банктік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес Ұлттық банкке банктік аудитті лицензиялау қызметі жүктелген. Үлттық банк банктік аудитті лицензиялауға байланысты нормативтік құжатты жасады, онда банктік аудиторлардың жауапкершілігі анықталады және жоғары талаптар қойылады.

Қазақстанның банк... 197

Банктік жүйенің тұрақты элементінің бірі - депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орайда Ұлттық банкпен, Банктердің ассоциациялары және Қаржы министрлігі бірлескен түрде депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесін қалпына келтіру тәртібі және шараларын анықтайтын нормативтік базаны жасауда жұмыс жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру қоры, мемлекеттік бюджетпен қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі банктердің ерікті бірігуі негізінде, яғни қатысушылардың қосқан қаражаттары есебінен қүрылады.

7. Ұлттық банк еліміздің қаржылық нарықтарының дамуына қатысуы.

Несиелік нарық. Нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар мен операциялардың әрдайым өсу тенденциясын және бюджет тапшылығын тікелей несиелеу аясының қысқаруын ескере отырып, Ұлтгық банкі екінші деңгейдегі банктердің несиеге деген қысқа мерзімді қажеттілігін өтеуге баса назар аударады. Бұл орайда жоғарыда айтылған себептерге байланысты аукциондық несиелердің ролі әлдеқайда төмен. Лом-бардтық несие де маңызы болмайды.

Банкаралық ақша нарығы. Банктерді капиталдандырудың күшеюі, Ұлттық банктің несие беру мүмкіндігінің азаюы және онкольдық қарыздар нарығындағы банктердің қызметін ретгейтін ережелерді бекіту - банкаралық ақша нарығында операциялардың көбеюі мен белсенділік танытуына әкелді. Осы тенденция орта мерзімді кезеңце сақталады. Бұл жағдайда орта мерзімді бағдарламаны жүзеге асыруда Ұлттық банктің ең негізгі мәселесінің бірі сол нарықтың әрі қарай жоғары сапалы деңгейде дамуы болып табылады. Банкаралық ақша нарығының дамуы банктердің уақытша бос ресурстарын сатудағы немесе өтімділікке деген қысқа мерзімді қажеттіліктерін ұйымдасқан түрде өтеуге мүмкіндік береді.

Валюталық нарық. Алдағы уақытта өз дамуын алады. Биржадан тыс валюталық нарықтың белсенді дамуын ескергенде атаулы айырбас бағамы белгілі бір шамада нарықтық жағдайлармен анықталады. Ұлттық банктің интервенциясы сұраныс пен ұсыныстың қысқа мерзімді және маусымдық ауытқуларын бір қалыпқа келтірумен шектелуі және ақша базасы бойынша параметрлерді сақтау қажетті деңгейде өтеді.

198 Акша, несие, банктер

Бұл орайда айырбас бағам саясатын еліміздің экономикасынын экспортты және импортгы алмастыратын салаларының максималды дамуына әкелетін бәсекелестік жағдайларын құру бағытында жүргізеді.

Валюталық нарық банкаралық нарықтың валюталық тәуе-келдіктерді сақтандыру құрамының дамуы және форвардтық валюталық мәліметтерді кеңейту бөлігінде тереңдету бағытында дамиды.

Қымбат металдар нарығы. 1995 ж. қымбат металдармен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарын қа-былдауға байланысты республикамызда бұл қатынастарды мемлекеттік монополиядан мемлекеттік реттеуге көшу жүзеге асырыла бастады.

1995 ж. 20 шілдеде Қазақстан Реепубликасы Президентінің № 2372 "Асыл тастармен, қымбат бағалы металдармен байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" қабылданған Жарлығына сай Ұлттық банк қымбат бағалы металдармен жасалатын алғашқы сауда процедураларын өңдейді және игереді. Негізгі міндеті алғашқы саудалар жүргізу мен ұйымдастырудағы, сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру, қымбат металдар үшін есеп айырысу тәжірибесін жетілдіру, сонымен бірге алғашқы сауданы жүргізу ережелеріндегі бөлек ережелерді нақтылау бойынша ұсыныстарды дайындау сияқты т.б. іс-тәжірибе жинақтау болып табылады. Мұндай жұмыс алдағы уақытта да жүргізіледі. Онда өкілетгі банктердің саны өседі, сонымен бірге сауда-сатгыққа қатысатын басқа занды тұлғалардың да саны еседі.

Ұлттық банк әр түрлі меншік түріндегі тұтынушыларға аффинирленген (тазартылған) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы металдардан еркін нарықтық баға бойынша өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сату бойынша операцияларды бастауды көздеп отыр. Өз иелігінде өнім және қымбат бағалы металдар бар заңды және басқа да тұлғалар екінші нарықта сатушы ретінде қатысуы мұмкін.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. Мемлекеттік қа-зынашылық міндеттемелер (МҚМ) серпінді қалыптасуы және әрекет етуі тәжірибесі оның едәуір өсіп, іс жүзінде мөлшері жағынан

Қазакстанньщ банк.. 199

валютамен салыстырарлық және операцияларының көлемі жөнінен несиелік ресурстардан асып түсетін дербес қаржы нарығына айналды. МҚМ табысты тартудағы жоғары сенімді құрал және екінші нарықта операциондық бір күн шеңберіндегі сол бойынша есеп айырысу мүмкіндігінің болуымен ғана емес, сонымен қатар, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің адекватты іс-әрекеттері арқылы нарықта салыстырмалы алдын ала айтылатын әрі тұрақты жағдайды қалыптастыруы: көптеген дилерлер мен инвесторларды сондаға активті операцияларға итермелеуі де оның қатысушыларының сәйкесінше, жұмыс деңгейінің өсуімен бірге қарастырылады.

Үкіметтің жоспарлап отырған экономиканы тұрақтандыру бағдарламасы және оны ары қарай өсуіне жағдай туғызуы -Қаржы министрлігінің ұзақ мерзімді айналысқа бағалы қағаздарды шығаруына әкелді. Кейбір мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы орналастыру көлемі - 3, 6 және 12 айға дейін ауысады. 12 ай мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар 1996 жылдың сонынан бастап мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер нарығының ажырамас бөлігі болды.

1998 ж. соңына қарай мемлекетгік қазыналық міндеттемелермен қатар, мемлекетгік пайыздық бағалы қағаздардың басқа да түрлері 1-ден 3 жылға дейінгі айналыс мерзімінде шығарылады.

Уақыт талабына сай. сенімді әрі қорғалған төлем жүйесінің түбегейлі жетілдірілуі.. мемлекетгік бағалы қағаздар бойынша технологиялық база дұрыс жолға қойылуы өз кезегінде нарықтың географиясын, айлық бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру көлемін бірден өсіріп, потенциялды инвесторлар, мамандандырылған қатысушылардың санын да кеңейтуге мүмкіндік береді.

Алғашқы нарықтың кеңеюіне қарай Ұлтгық банк ақша-несие саясатына әсер ететін, ашық нарықта операцияларды әлдеқайда белсенді жүргізуді және банктердің өтімділігін дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағалы кағаздардың қайталамалы нарығы да дами түсті. Бұл жағдайда 1996 ж. Ұлтгық банк тәжірибеге мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу үшін РЕПО операцияларын енгізді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өтімділігінің жоғарылауына алғашқы делдалдар өз офистеріндегі нақты

200 Ақша, несие, банктер

уақыт режимін бағдарламалық және есеп айырысудың электронды жүйесімен қамтамасыз етуін және жетілдіруін аяқтауға ықпал етті.

8. Төлем жүйесінің жетілдірілуі- Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жетілдірілуі мен дамуы - Ұлттық банк пен Халықаралық валюталық қор және Дүниежүзілік банктің бірігіп анықтаған стратегиясымен жүргізіледі. 1995 ж. басталған төлем жүйесін дамыту аяқталды. Қабылданған төлем жүйесін құру және жаңарту стратегиясымен сәйкес мынадай екі кезең: біріншісі - республикада төлемдер мен есеп айырысу жағдайын жақсартуға көмек беретін аралық төлем жүйесін құру; екіншісі — ұзақ мерзімді төлем жүйесін ендіру аяқталды.

Аралық төлем жүйесі (АТЖ) негізгі үш жүйеден тұрады:

- Қазақстан Республикасының барлық аумағында Ұлттық банктің ақша-несие саясатын неғұрлым тиімді жүргізуге және екінші деңгейдегі банктерге қаржылық нарықта олардың орналасу орньша қарамай жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін нақгы емес уақыттағы аударымдар жүйесі;

- төлем құралдарының жиынтығы бойынша облыстық деңгейде, сондай-ақ елімізді тұтастай алғанда қарама-қарсы төлемдердің өзіндік есебін жүргізуін 3 күн ішіндегі есеп айырысуды қамтамасыз ететін үшінші жақтың аударым жүйесі. Бұл жүйе негізінен аз сомаларды аударуға негізделеді.

- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өтімді қайталама нарығының тиімді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағалы кағаздар бойынша есеп айырысу жүйесі.

АТЖ ұзақ мерзімді төлем жуйесін ендіргенге дейін жұмыс істеді, АТЖ-ны ендірумен бірге жоспарланған ҰТЖ-ның талаптарына жауап беретін қажетті инфрақұрылым болуы тиіс әрі оны ендіруде және ақпаратпен қорғаудың қажетті деңгейімен қамтамасыз етуді жүзеге асыруда көп шығындарды талап етпейтін, осыған орай АТЖ мүмкіндігінше жеткілікті, икемді техникалық және бағдарламалық құралдарына негізделген болуы керек.

АТЖ екінші деңгейдегі банктер жұмысының жаңа жағдайларына дағдылануларын және жаңа бухгалтерлік шоттар жоспары мен бір корреспондеттік шотқа көшуді жүзеге асыруға көмектесуі керек.

Қазақстанның банк…. 201

Сонымен бірге, бұл кезеңде төлем жүйесі арқылы есептелетін және әрбір облыста бір қор шоттары болатын бюджеттік банктің бөлінуі болады.

АТЖ-ны құрастыруда қазіргі кезде республикаға тән және тиімді шешімдерді жасайтын өзіндік ерекшеліктері ескеріледі.

АТЖ құру бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстағы филиалдары мен Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) құрылған. Ол бастапқы кезеңде - Ұлттық банк, кейін құрылтайшысы екінші деңгейдегі ірі коммерциялық банктерден болатын жабық түрдегі акционерлік қоғам болды. ҚБЕО Қазақстан Республикасындағы ұсақ төлемдер жүйесі мен ірі төлемдердің аударым жүйесін қоса алғанда Қазақстан Республикасы бойынша есеп айырысу және барлық төлемдерге жауапты, әрі республикада қолданылатын төлем құралдарының барлық спекторын өндеп, жаңаларын ендіруі керек.

Ұзақ мерзімді төлем жүйесін (ҰТЖ) құрудағы негізгі міндет - банк және қаржы секторларының сол күні есеп айырысуды аяқтайтын мен төлем жүйесінің қауіпсіздігі мен тиімділігіне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 1997 ж. сонында ҰТЖ құруды - АТЖ-ның қатар жұмыс істеуі жағдайын да аяқтау қарастырылды. ҰТЖ сон-дай-ақ, Қазакстан Республикасы бойынша қаржы нарығының, мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының, т.б. толық қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс.

ҰТЖ-ның негізінде екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банк үшін жаңа шоттар жоспары, жаңа төлем құралдары мен нормативтік база болуы керек. Электронды түрде алынған төлем құжаттары жалпы қабылданған әлемдік стандарттарға сәйкес болып, жоғары өндірілген техникалық құралдар мен қазіргі кездегі бағдарламалық қамтамасыз етуге банк бөлген қаражаттарға есептеуші техниканың қажетгі кұралдарын сатып алу, бағдарламалық өнімді сатып алу және жетілдіру, персоналды оқыту жолдарымен ҰТЖ-ға қажетті инфрақұрылымдар құрылды.

ҰТЖ-ға қатысушыларының арасында ақпараттарды беру үшін телекоммуникациялық орта ретінде Ұлттық банк шығарған

202 Ақша, несие, банктер

(Х.25) (ВАNRNET) қаулысы бойынша коммутация пакеттерімен мәліметтерді беру желісін қолдану қарастырылады. Қазақcтан Республикасының банктік және қаржылық мекемелері болады және ол сенімділік, өндіргіштік және ақпараттық қауіпсіздік бойынша барлық қазіргі кездегі талаптарға жауап беретін болады.

ҰТЖ-ның операторы ҚБЕО болуы тиіс. ҰТЖ-ның тікелей және ассоциацияланған деп бөлінетін қатысушыларына мыналар жатады: екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық банк және банктік емес қаржылық мекемелер. Төлемдердің көлеміне тікелей қатысушыларды анықтау (Қазақстан бойынша төлемдердің жалпы көлемінен пайызбен) жарғылық қордың көлемі, банктің тұрақтылығы мен беріктілігі, техникалық талаптарға сай келу мүмкіндіктері, т.б. негізделуі тиіс. Ал ассоциацияланған қатысушылар өздерінің қызметтерін тікелей қатысушылар арқылы жүзеге асыруда.

Ірі төлемдер жүйесі гросс-есеп айырысу қағидасында жұмыс істеуі керек. Жүргізілген операциялардың бухгалтерлік есебі Ұлтгық банкте күн соңында бір рет жұмыстарының нәтижесі бойынша тікелей қатысушылардың есеп айысу шоттарында жүзеге асырылады.

Ұсақ төлемдер жүйесі төлемдер құралдарына тәуелді клирингтік цикл аралығында аздаған соманың үлкен көлемдерін өндеуі керек. Бұл жерде ірі төлемдер жүйесі арқылы есеп айырысуды келесі күні жүргізумен нетто - есеп айырысу қағидасын ұсынады. Ол бойынша басқа аймаққа арналған және ұсақ төлемдер жүйесінде бір айға ендірілген төлемдер - алушының аймағындағы шоттарда ғана көрініс алады. Әрбір тікелей қатысушы үшін ағымдағы мерзім мен есеп айырысу мерзімі сәйкес келетін барлық төлем және берілген аймақ бойынша таза позиция есептелінеді. Ол есеп айырысу шотынан-аймақтық есеп айырысу шотына қаражаттарды аудару жолымен таза дебиттік позициясы бар қатысушылар үшін келесі күн аралығында жабылуы тиіс. Ал таза кредиттік позициясы бар банк қаражаттарды аймақтың есеп айырысу шотынан - есеп айырысу шотына аудара алады.

ҰТЖ электрондық түрде өндейтін өндеудің мынадай 3 орталығынан тұратын болады: Алматы, Ақмола және Ақтөбе. Мұндай жүйеге қол жеткізу құқығына ереже бойынша банк-



Қазақстанның банк... 203

тердін тек бас офистері ғана ие. Егер қандай да бір банк өзінін өкілетті филиалына ірі төлемдерге қол жеткізуіне құқық беретін болса, онда өкілетті филиал есеп айырысу шотындағы қосалқы (субшот) шотқа ие бола алады. Сөйтіп, барлык банктер бойынша позиция бақыланып отырады, ал ірі төлемдер жүйесінде төлемдерді жіберуге оның өкілететгі филиалдары құқықты болады.

§4. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

БАНКТЕРДІҢ ТИПТЕРІ

Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары неде? "Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бұл құрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкерлішігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.

Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.

Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құқын куәландыратын қандайда бір формалды куәлікті қажет етпейді.

Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді. Банкрот болған жағдайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен

204 Акша, несие, банктер

жауап беретін әрбір үлескерге де қойылады.

Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз. Ал үлестік жарна формасында қатысушы өз үлесін, басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды.

Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару бойынша қызметтер нақты үлестірілген. Акционерлер басқарманы таңдайды, соңғысы - төрағаны, ал ол басқару аппаратын, басқару аппараты өз кезеңінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін анықтайды.

Жеке банкте қатысушылар өздері тікелей банкті басқаруға қатысады да әкімшілік қызметкерлері болады және басқарудың тиімділігі олардың жеке бастарының жұмыс сапасына байланысты.

Банкті ұйымдастырудың акционерлік формасының кемші-ліктеріне мыналар жатады: акционерлік банкті құру қиындығы (жергілікті билік органдарынан рұқсат алуды талап етеді), өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік дәрежесінің төмен болуы.

Осы жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан банкті ұйымдастырудың акционерлік формасы нарық жағдайда тиімді, қолайлы болып келеді және нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде банктер акционерлік компания немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.

БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ Қ¥РЫЛУЫ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ

Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.

Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.

Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды. Банктің зандар

Қазақстанның банк 205

мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады.

Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:

- рұқсат беруге арыз;

- экономикалық негіздеме;


  • алдағы 2-3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын

іскерлік болжалды жоспар;

  • құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға

мен бас бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы

жайлы мәліметтер;

- құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы ау-

диторлық қорытынды;

- жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын

құжат.


Сонымен қатар, бірлескен немесе шетелдік банк және де олардың еншілік банктерін құруға рұқсат алу үшін келесідей құжаттар қажет:

- құрылтайшы занды тұлғалар үшін: олардың заңды мәртебесін растайтын, жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған балансы; Қазақстан аумағында шетелдік банк құруға немесе қатысу жөніндегі шетел құрылтайшыларының сәйкес органдарының рұқсаты; шетел құрылтайшысы келген елдің бақылау органының Қазақстан аумағындағы шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама.

- құрылтайшы жеке тұлғалар үшін: шетелдік беделді банктің осы тұлғаның төлем қабілеттігін куәландыруы қажет.

Занды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары (акционерлер) ретінде бола алады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушысы бола алады.

Кез келген құрылтайшылардың, катысушылардың (акцио-нерлердің) қатысу үлесі мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-ан аспауы тиіс.

Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз—құжатгы алған мерзімнен бастап, 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.

206 Ақша, несие, банктер

Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада: құрылтайшы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі, құрылтайшылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы; банктің құрылтайшысының, басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қайшы әрекеттің болуы; алғашқы екі жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар жүргізе алмауы, т.б.

Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк занды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.

Көптеген елдерде банкті ашуға арнайы рұқсатты талап етеді, бірақ кей жағдайларда олар құрылтайшыларды тіркеумен ғана шектелуі мүмкін.

АҚШ-та жаңа банк құру қатал тәртіппен реттеледі. Өз қызметтерін бастау үшін банк, штаттың билік органдарынан чартер-лицензия алуы қажет немесе ақша айналысын федералды чартер тексерушісі алуы керек. Сонымен бірге, банктің капиталының мөлшері (кіші және орта қалаларда 100-200 мың доллар аралығында, ал ірі қалаларда әлде қайда жоғары) заңмен белгіленген минималды нормаға сәйкес болуы қажет. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың жаңа банкке деген қажеттілігі, болашақта табыс алу мүмкіндігі, жетекшілер құрамының өкілеттілігі, т.б. факторлар ескеріледі.

Банкті ашудың осыған ұқсас тәртібі - Германия, Англия, Швейцария, Жапония және басқа елдерге де тән.

Банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес, банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:


  • рұқсат берген күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін бастамаса;

  • Ұлттық банк белгілеген пруденциялық нормативтерді,

Қазақстан Республикасының жұмыс істеп

отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, ¥лттық

банк белгілеген нормативтік актілерді бұзу

жағдайлары анықталаған кезде;

- заңмен белгіленген мәліметтер мен есеп

берулерді жүйелі түрде бұрмалау;



Қазақстанның банк.. 207

  • осы заңмен және банк жарғысы, т.б.қарастырылған тыс операцияларды жүргізу кезінде.

Банкті ашуға берілетін рұқсатты қайта қайтарып алу, оның таратылуы туралы шешімге сай келеді.

Банк өз қызметін банк құрылтайшыларының шешімі бойынша осы заңның 68,69,70,71 баптарына сәйкес тоқтатады.

Банк акционерлері, құрылтайшылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді.

Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет:

- банк аты және оның орналасқан жері;

- банкпен жүргізілетін банктік операциялар тізімі;

- жарғы қорының мөлшері және банкпен

құрылатын басқа да қорлардың тізімі;

- банктің басқарма органдары, оның бақылау органы,

олардың құрылымы, құрылуы және кызмет ету тәртібі

жайлы ереже;

- банкті тарату тәртібі.

Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар кұрылады.

Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып табылады да, ол акция шығару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады.

Алғашқы жарғылық және резервтік қорлардың ең төменгі мөлешерін Ұлттық банк бекітеді. Жарғылық қор жаңа акционерлерді тарту, құрылтайшылардың қосымша акция сатып алуы, мүлік кұнын қайта бағалауда, дивидендтерді қайта инвестициялау жолдары арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін көбейту не азайту акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады. Жарғылық қордың өзгеруі Ұлттық банкте тіркеледі.

Алдын ала белгіленбеген шығындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады. Ол - банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен, жарғылық капиталының сомасының 25% көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқармасының шешімі бойынша жұмсалады.

Сақтандыру және басқа да арнайы мақсаттағы қорлар банктің табысынан аударымдар жасау арқылы құрылады,

208 Ақша, несие, банктер

олар басқарма және жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша жұмсалады.

Республикамызда мемлекет пен банктің жауапкершіліктері заң негізінде шектеледі. Банк мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет те банктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Банктер өкілетті және атқарушы билік органдарына тәуелсіз түрде банктің қызметімен байланысты жедел шешімдерді қабылдайды.

БАНКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ БАНКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкпен қарым-қатынастары "Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы" заңның 41—45-баптармен анықталған қағидалар негізінде қалыптасады. Ұлттық банк өз қызметінде республиканың ақша-несие жүйесінің дамуы мен нығая түсу мүддесінде - барлық банктік жүйенің қалыпты қызмет етуіне ықпал етеді; банктерді банктік қызмет бойынша керекті нормативтік кұжаттармен өз уақытында қамтамасыз етеді; банктік жүйе үшін қажет кадрларды дайындауға қатысады, банктердің жұмысына қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.

Ұлттық банктің заңмен қарастырылғаннан басқа жағдайларда банктердің жедел қызметіне араласу құқы жоқ. Оның реттеушілік және бақылау қызметтері "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" заңымен шектеледі.

Банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың кредиторлары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау және де ақша айналымын нығайту мақсатында Ұлттық банк, дербес балансы бар, олардың филиалдарының міндетті түрде орындалуы тиіс экономикалық нормативтерді бекітеді. Бұл нормативтер сонымен бірге еншіліс банктер және банктік бірлестіктер үшін де қолданылады.

Ұлттық банк банктердің міндетті нормативтерді сақтауын және "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" заңмен анықталған өкілеттіктерге сәйкес, олармен шығарылатын

Қазакстанның банк... 209

нормативтік актілердің дұрыс қолдануына қадағалау

жүргізеді.

Банктер Ұлтгық банкке баланстарды ұсыну, есеп беру және банктік қызметпен байланысты басқа кұжаттарды беруге міндетті. Бірақ та алынған мәліметтер жариялануға жатпайды.

Ұлттық банк өз өкілетгілігіне сәйкес кез келген уақытта банктерге барып өзіне қажетті сұрақтар бойынша тексеру жүргізе алады. Банктердің пруденциялық нормативтерді бұзғандағы анықталатын жағдайда, Ұлтгық банк бұл кемшіліктерді жою үшін белгілі бір мерзімде шара қолдану немесе басқадай шарттарды бекітеді.

"Қазақстан Республикасының банктер мен банктік қызмет туралы" занға сәйкес банктік операцияларды жүргізу үшін мерзімдер мен шарттарға қатысты оның жазғандарының орындалмауы, есеп берулерді бермеуі немесе олардың толық емес болуы, жылдың қорытындыларын шығынмен аяқтағанды анықтаған жағдайларында Ұлттық банк - банк құрылтайшылары алдында банкті қаржылылық жағынан сауық-тандыру шараларын жүргізу, оның жетекшілерінің ауысуы, банкті қайта ұйымдастыру немесе тарату жайлы сұрақ қоя алады және де мынадай санкциялар қолданады:



  • заңдармен бекітілген, ақшалай айып-пұлдарды өндіріп

алу;

  • банк дебиторларының қарыздарын Ұлттық банкте орн-

аластырылған резервтік қордан беру;

- осы заңның 42-бабымен қарастырылған кейбір

нормативтердің өзгеруі;


  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" заңында қарастырылған жағдайларда өзіне уақытша банкті басқаруды қабылдау;

  • банктік операцияның кейбір түрлерін жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу.

  • банктің заңсыз қызметінің нәтижесінде алынған табыстарды бюджетке алу.

210 Ақша, несие, банктер

Банктердегі бухгалтерлік есеп ережелері, есептік және басқа да материалдардың сипаты мен көлемі Ұлттық банкпен бекітіледі



БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЛИЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Банктер арасында клиетттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. "Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы" заңның ЗЗ-бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шыгып, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жұргізеді.

Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие аяу үшін жақсы жағдайлар, банктік қызметтердің әлде қайда кең спектрін көрсете отырып бір-бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.

Банктіңі клиентпен экөномикалық жұмысы - банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әр турлі банктік операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын қамтиды.

Клиенттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін ендіруді жетілдіру бойынша, келіссөздер жүргізу, қаржылық, жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісім шоттарды дайындау, және т.б. бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктің активтері мен пассивтерін басқару қызметімен тығыз байланысты.

Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсету, бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды ашу және жүргізу, т.б. әр түрлі келісім-шарттар жасасу негізінде құрылады.

Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар бойынша операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу-кассалык кызмет көрсету туралы келісім шарт негізінде жасалады.

Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім-шарттарында, есеп, айырысу немесе ағымдағы шотты ашу және олар бойынша операция жұргізу шарттары көрсетіледі. Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету туралы келісім-шартта бұдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу тәртібі реттеледі.



Қазақстанның банк… 211

Есеп айырысу тәртібі кұжаттардың белгіленген мерзімде

өтуі кепілдемесін қамтамасыз ету керек.

Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезіндегі банктің материалдық жауапкершілігі осы келісім шартта қарастырылады.

Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағ-

дайында банк пен клиенттер Қазақстан Республи-касының Парламентімен бекітілген Қазақстан Респуб-ликасында қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке тартылады.

Банк пен клиенттін, бірлескен қызметін жүзеге асырғанда, екі жақтың құқығы мен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен олардың арасында табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім-шарт жасалады.

Клиентті несиелендіру банк пен клиент арасындағы жасалған несиелік келісім-шарт негізінде жүргізіледі және де ол қарыздың мерзімі, шарты мен беру тәртібін және оны өтеуін, сондай-ақ екі жақтың құқтары мен міндеттемелерін қарыз бойынша кепілдеме мен пайыздық өлшерлемелерді реттейді.

Кейбір банктерде несиелік келісім-шартпен (ол бірнеше жылға жасалады) бірге, несиелік хаттамада қолданылады. Соңғысы- ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер нақтыланады, мысалға, несиенің жеке түрлерін берудің шарттары мен тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері.

Депозиттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісім-шартта депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер қарастырылады.

Барлық айтылған келісім-шарттар банктің клиентпен қарым-қатынасының сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір-бірінің қызметін алдын ала, жан- жакты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы

212 Ақша, несие, банктер

талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт тобына негізделеді: өтімділік, айналымдылық, қаражаттары тарту және табыстылық.

Жоғарыда айтылған келісім-шарттардың барлығы банк шешімі сияқты, клиенттің шешімі негізінде де бұзылуы мүмкін. Келісім-шарттың жүргізілу тәртібі мен шарттары алдын ала қарастырылады. Келісім-шарттың бұзылу себебі мынада болуы мүмкін: екі жақтың біреуінің міндеттерін орындамауы, өз міндеттерін орындау кезінде екі жактың біреуінің зиян келтіруі.

Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс - бұл пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер мен төлем тәртібін бұзушыларды аныктауға көмектеседі. Ондай мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған жағдайда, оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.

Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып - клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын анықтау мен есеп айырысудың формаларын жетілдірілуі жатады.

Банк клиентпен келісуі бойынша несиелік бөлімге қарыз алушының балансы мен басқа да есеп беру формаларын берудің тәртібі мен мерзімін, қаржылық жағдайы мен оның несиелік қабілеттілігін талдайды.

Банк несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз етуі ретінде кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылданған формадағы міндеттемелерді қабылдайды.

"Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" заңның 36-бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтару бойынша міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты келесідей шараларды қолдануға құқығы бар:

- қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;



  • осы клиенттердің шоттарында бар кез келген

қаражаттар есебінен қарыз мөлшерін өтеу;

- кепілге алынған мүлікті сату;



Қазақстанның банк.. 213

Қазақстан Республикасының заңдарына сай, мұндай жағдайда олар төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялануы мүмкін.

Банктің өз клиенттеріне берген несиелер мен пайыздар бойынша кінәлары ескерусіз қалмайды.

Банктер өз клиенттері мен корреспонденттердің операциялары, шоттары және салымдары бойынша құпияны сақтауға кепілдеме береді. Банктің барлық қызметкерлері банк клиенттері мен корреспондеттерінің операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға міндетті.

Банктің заңды тұлғаларының шоттары мен салымдары, операциялары бойышиа анықтамаларды соттарға, арбитражды соттарға, тергеу жүргізу және прокуратура органдарына және салық салу сұрақтары бойынша салық органдарына береді.

Жеке тұлғалардың шоты мен салымдары бойынша анықтамалар өз клиенттері мен олардын, басқа соттар мен тергеуші органдарға да беріледі.

Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.

Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банқротқа ұшыраған немеее төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді.

Банктер мен олардың құрылтайшылары, басқадай клиенттері арасындағы барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттың тәртібімен шешіледі.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет