АҚША, несие, банктер


§ 1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ



бет17/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
§ 1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ

ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ

Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрмеңкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың кұрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің терендеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына

қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүние-жүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетгік-құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері калыптас-қан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валю-талық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Үйымдық-зандық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруа-шылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемле-кетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлтгық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мүндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық

374 Ақша, несие, банктер

реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастыры-луымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтері-нен байқалады (1-кесте).



1-кесте

¥ëттық жэне дүниежүзілік валюталық

жүйелердің негізгі элементтері

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.



Халықаралық валюталық қатынастар 375

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет