АҚША, несие, банктер



бет5/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
§2. НЕСИЕНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын таңу болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы

86 Ақша, несие, банктер

жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.

Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.

Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші колма-қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы - қарыз беруші, ал сатып алушы -борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.

Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды. Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық қауымдастык мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор - саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.



Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес оның шоттарында сақтаулы

Несиенің мәні.. 87

тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.

Банктердің құрылуымең кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да карызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.

Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді. Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы эквивалент төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу-сату, тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.

Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.

Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды кайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар --өз еңбектерімен күн көруші ұсак шаруалар, қолөнершілер

88 Ақша, несие, банктер

болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсуйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.

Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.

Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын. орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.

Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.

Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор - қарызды беруші жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінін ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады.

Несиенің мәні... 89

Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі.



Сондай-ақ, несиелік катынастар кұрылымының элементі, яғни кредитордан карыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға карай кері козғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне карыздык кұн жатады. Ол кұннын ерекше бөлігі ретінде болады.

Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.

Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы - оның авансылану сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде онда жасалуы тиіс табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Сонымен бірге қаражаттарды авансылаудың кез келгені несие болып табылмайды.

Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиені орналастыру (НО) -қарыз алушылардың несиені алуы (НА) - несиені пайдалану (НП) - ресурстардың босауы (РБ) - уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) - несие формасында орналастырылған қаражаттарды кредитордың алуы (ҚА).

Несиені орналастыру (НО) - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор өзінің ресурстары анағұрлым тиімді (рационалды) формада орналастырылғанына сенімді болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес несие береді - қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. Қарыз алушының несиені алуы (НА) қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа ұсынылғанын білдіреді. Несиені пайдалану процесінде (НП) берілу объектісі ретінде оның тұтыну

90 Ақша, несие, банктер

құны өткізіледі. Ресурстардың босауы (РБ) қарыз алушының шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық алғышарт болып табылады.

Несиенің қайтарылуы (НҚ) уақытша алынған құнның қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді. Несие қозғалысының соңғы сатысы - бұл уақытша пайдалануға берілген (ҚА) құнды кредитордың алу актісі болады.

Осылайша, несие қозғалысының заңдылықтарын талдау процесінде біз бұл қозғалыстың барлық сатылары қарызға берілген құнның толық шеңбер айналымының бөліктері ретінде өзара байланыста және өзара шартты екенін көреміз.

§3 НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.

Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.



Коммерциялык несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.

Несиенің мәні... 91

Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал- жабдығы бола алмайды.

Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялык несие өндіріс пайызының және тауарларды өткізудің үздік-сіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.

Қазіргі уақытга фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын - төлемді кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілетгілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.

Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапоңдық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялык талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30%-ға жетеді, француз фирмаларынкі - 20-25%. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек каржылық мүмкіндігі

92 Ақша, несие, банктер

шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланады.

Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі - тауарлардың ұдайы жеткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.

Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің ролі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына карамастан қысқарып кетті.

Батыстың экономикалық әдебиеттерінде "коммерциялық несие" терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп тұрған капиталистердің бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К. Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист "бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады". Сондыктан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие шамасын төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қойылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады. Кейбір экономистер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарларды жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.

Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі - аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.

Несиенің бұл формасын тандаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады.



Несиенің мәні... 93

Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.

Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кем-шіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әруақтата жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру - банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.



Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.

94 Ақша, несие, банктер

Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені колдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына кызмет етеді.

Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міңдеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл -ақша қарызы.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмлесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.



Несиенің мәні... 95

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде "банктік емес" деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді (мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен байланысты). Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар - несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.

Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.

Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялык қарыздарды да белсенді пайдаланады.

Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылды.

96 Ақша, ңесие, банктер

Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекетгік органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.

Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.

Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол әдеуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.

Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытт а нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.

Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапония-да тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және Францияда - 30%, ал



Несиенің мәні 97

Ұлыбритания мен АҚШ-та - 60%-дан астам1. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма-қол төлеу шартымен сатылады.

70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты - клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.

Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға "дербес несиелер" деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.

Біріншіден, дербес несиелер - бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.

Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі - 36 ай.

1 Волынский В.С. Кредит в условиях современного капитализма.

М.: Финансы и статистика, 1991. с. 54.

98 Ақша, несие, банктер

Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады. Бұл төлем карточкаларының көптеген түрлері бар. Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.

Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті таралады.

Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған. Бұл үшін тұтыну несиесіне жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі. Экономиканың “қызып кеткен”, ақшаның инфляциялық құнсыздануы күшейуі жағдайында қарама-қарсы саясат жүргізіледі: қолма-қол төлемнің үлесі жоғарылайды, несиенің мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі.

КСРО-да тұтыну несиесі 60-70-жылдары дамыды. Несие ұзақ қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1-2% жылдық мөлшерлемемен 6-24 айға берілді.

Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.



Несиенің мәні... 99

Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Түрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.



Ипотекалық несие -жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы -мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде - бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.

Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.

Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Халықаралық валюта қорымен 185,6 млн СДР (арнайы қарыз құқығы) сомасын "стенд-бай" несиесі шеңберінде келісімге қол қойылды. "Стенд-бай" - резервтік несие - кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар орындалған кезде (бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық

100 Ақша, несие, банктер

реформалардың бағыттары бойынша ХВҚ-мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр) ақшалай қаражаттардың белгілі бір сомасы келісілген уақыт аралығында несиеге берілетіні туралы келісім.

Келісімнің әрекет етуінің барлық кезеңі бойында ХВҚ миссиясымен "стенд-бай" бағдарламасының жүзеге асуының нәтижелеріне талдау жасалынды және кредитор займның кезекті траншын бөлу туралы шешім қабылданды.

Қысқа мерзімді бағдарламаның жетістікті орындалуы ХВҚ-ның 1996-1998 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік берді.

1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылы құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180 млн АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазақстанның экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38 млн АҚШ доллары сомасында техникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге қол қойылды..

Еуропалық қайта құру және даму банкі "Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту" бағдарламасына 100 млн ЭКЮ сомасында несие бөлді. Бұл бағдарламаға экономиканың төмендегідей секторларындағы жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу, диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы жобалар.

Жапонияның экспорт-импорт банкі ХКДБ-мен қатар қоса қаржыландыруға заем белді.

Азиялық даму банкі мен Қазақстан Республикасы арасында 1994 жылы 40 млн АҚШ доллары сомасыннда арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.

Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.



Несиенің турлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.

Түрдің формадан айырмашылығы - диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар



Несиенің мәні... 101

ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.

Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

1) мерзімдері бойынша: а) қысқа мерзімді (1 жылға

дейін); ә) орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін),

б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);

2) несиелеу объектілері бойынша: а) негізгі қорларға

берілетін несие; ә) айналым қорларына берілетін

несие;


  1. несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша

несиелеу; ә) айналым бойынша несиелеу.

Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-

өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында

айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің

элементтері бар.

Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:



  1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық

несиелер;

  1. экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда опе-

рацияларымен байланысты коммерциялық және

қаржылық - кез келген мақсат үшін пайдаланылады

(қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау);


  1. несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және

халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;

  1. мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Шетелдік.әдебиеттерде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі1.

Несиелердің категориялары:

а) Қарыз алушының типі бойынша:

1. Тұтыну.

2. Бөлшек /көтерме.

3. Ауыл шаруашылығы.

4. Коммерциялық /өнеркәсіптік.

1 Валравен К. Управление рисками коммерческого банка. -Вашингтон: Ин-т экон. раз. Мирового банка, 1993. с. 93.-

102 Ақша, несие, банктер

5. Қозғалмайтын мүлік.

6. Энергия.

7. Үкімет - (жергілікті үкімет, штаттар, ұлттық)

федералдық.



ә) Мақсаты бойынша:

1. Тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, автомобильдер).

2. Айналым капиталы.

3. Құрылғылар.

4. Ғимараттар.

5. Жобалар.

6. Лизингтік қаржыландыру.

б) Әрекет ету мерзімі бойынша:

1. Қысқа мерзімді (бір жылдан кем емес).

2. Орта мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін)

3. Үзақ мерзімді (5 жыл және одан жоғары)

в) Өтелу кестесі бойынша:


  1. Бірдей төлемдермен (мысалы, тұтыну несиесі үшін ай

сайын).

  1. Кезеңді төлемдермен (тоқсан сайын, жарты жыл

  2. сайын, жеңілдікті кезеңді немесе жеңілдіксіз

  3. кезеңді, модификацияланған несие - "шар", яғни

  4. өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге

  5. қарағанда анағұрлым көп төлемді талап

ететін несие).

  1. Бір рет төлемді (қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие

- "шар").

г) Қамтамасыз етілуі бойынша:

1. Қамтамасыз етілмеген.


  1. Кепілмен қамтамасыз етілген (қолма-қол бағалы қа-

ғаздармен, дебиторлық қарыздармен, қорлармен,

құрылғылармен, жермен, ғимараттармен)

3. Кепілдендірілген.

4. Басқа да қамтамасыз етілулер (міндеттеме,

келісім, міндеттемесі бар хат).

Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.

1. Ұлттык банктің несиелері:


  • аукциондық—Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;

Несиенің мәні 103

  • ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;

  • бюджеттік -Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі.

Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.

2. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:

  • өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін

уақытша толықтыруға;

- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

- импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін

берілетін импорт;

- ипотекалық;

несиелік желі негізінде - қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;

-консорциялық - несиелік, кепілдік немесе басқа да

банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін.

- тұтыну мақсаттарына;

- банкаралық.

Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер (Халықтық банк, Қазкоммерцбанк) болады.


  1. Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) құру тәртібі туралы Ережеге сәйкес

104 Ақша, несие, банктер

Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін белгіледі:

стаңдартты - қайтарылу мерзімі әлі жетпеген

және сапасы кумән туғызбайтын несие;

стандартты емес - несиенің қайтарылуы 30

күнге кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз және

бір реттен артық емес ұзартылған несие;

қанағаттанарлықсыз - ұзартылу мерзімі ұзартыл-

ған қарыз шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен

60 күн аралығында және бір реттен артық емес

ұзартылған несие;

күдікті - қарыздың ұзартылған қарыздар шотына

жатқызылған күннен бастап ұзартылу мерзімі 60-

күннен 90 күнге дейінгі несие;

шығынды - ұзартылу мерзімі 90 күннен артық несие.

Пайыздар есептеу қарыздың ұзартылған қарыздар

шотына жазылған күннен бастап 90 күн өткеннен соң

тоқтатылады.

Пайыздардың есептелуінің тоқтатылуы банктің

балансында есептелген пайыздардың өсуінің

тоқтатылғанын білдіреді. Есептелген пайыздардың

есебі баланстан тыс жүргізіледі.

Банктердің қарыз портфелінің жіктелуі, оның сапасының жоғарылауы және несиелік қызметтен болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) құру мақсатын көздейді және жалпы алганда банктік жүйенің тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

§4. НЕСИЕНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Алдын ала сұрақтың терминологиялық жағына тоқталамыз. "Функция" түсінігі ғылымда және тәжірибеде кең түрде қолданылады. "Функция" латынша. "functio" "атқару", "жүзеге асыру" деген мағананы білдіреді. Философиялық сөздікте "функцияның" анықтамасы былайша беріледі: "Берілген қатыныстар жүйесіндегі қандай да бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі. Мысалы, сезім органдарының функциялары, ақшаның функциялары, мемлекеттің функциялары және т.б." Жаратылыстану ғылымында функция деп қасиет, жүмыс,тәуелділікті түсіндіріледі.



Несиенің мәні 105

Күнделікті тұрмыста функция әрекет ретінде анықталады.

Экономикалық теорияда функция деп құндық категориялар мәнінің көрінісі түсіндіріледі. Демек, несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы - оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрініс оның функциясы ретінде ерекше.

Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден, бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір "жұмыстың" көрінісін сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезенде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.

Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да қатысты болса ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.

Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.

106 Ақша, несие, банктер

Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда кредитор қарыз мәмілесі арқылы қарыз алушыға тауарлы - материалдық құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді, бірақ екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның мазмұны біреу - құн қайта бөлінеді. Осылайша, қайта бөлу функциясының көмегімен құн қайта бөлінеді.

Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: аумақ аралық, салааралық, салаішілік және шаруашылықаралық. Қайта бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтінін ескерте кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредиторда сақталады.

Егер несиелік қатынасқа кредитор мен қарыз алушы ретінде олардың орналасқан жерлеріне тәуелсіз әр турлі занды тұлғалар түсетін болса, құнның қайта бөлінуін аумақаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып табылатын кредитордан, басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен салааралық қайта бөлу орын алады.

Егер кредитор бір шаруашылық субъектісінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартып, оны басқа субъектілерге қарызға беру көзі ретінде пайдаланылса, онда құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі орын алады.

Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады. Несиелік қатынастардың субъектілері деңгейінде құнның жеке шеңбер айналымында және айналымында тауарлы-материалдық құндылықтардың да ақшалай қаражаттардың да қайта бөлінуі жүреді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнның жиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін козғайды.



Несиенің мәні... 107

Сонымен қатар несие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткізу процесінің жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезінде тауар өндіруші өз өнімін сатып алушыға төлеуді кейінге қалдыру шартымен сатады, яғни несиелік негізде. Алайда, мұндай кейінге қалдыру үшін тауар өндірушіде оның өнімін төлеу кезіне дейін бос ресурстары болуы керек. Немесе оларды ұдайы өндірістің басқа субъектілерінен (банктен) уақытша пайдалануға алу керек. Екі жағдайда да шаруашылықтың әр түрлі буындарында жасалып қойған нәрселер қайта бөлінеді.

Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері бар:

• біріншіден, несиенің. көмегімен тек материалдық

игіліктердің, өндіріс құрал жабдықтарының және

тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген

жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды,

сонымен қатар елдің экономикасының дамуының

алдыңғы кезендерінде жасалған құн да қайта бөлінеді;

• екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның

жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған

құнның қайта бөлінуін сөз етеді;

• үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған құнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады;

• төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған

құнның берілуі нарықтық экономикаға тән

делдал банктердің және басқа несиелік мекемелер-

дің қатысуымен жүзеге асырылады.

Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалар-дың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы-материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық

108 Ақша, несие, банктер

айналымына енуі ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушының алған және шаруашылық, айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән “жұмысты” орындай бастайды (тауарлы-материалдық құндылықтарды алу үшін жалақыны төлеу және және т.б. пайдаланылады).

Накты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуының келесідей алғышарттары бар:

• біріншіден, банктік жүйенің дамуы және төлем

айналымын ұйымдастыруда оның ролінің

жоғарылауы;

• екіншіден, экономикада төлем міндеттемесі

немесе талабы бар төлем құжаттарының дербес

айналысы;

• үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды

эмиссиялауы.

§5. ҚАРЫЗ ПАЙЫЗЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Форманың иррационалдығы, біріншіден, қарызға берілген кұн ақшалай формада бола отырып, тағы да ақшалай формада екінші бағаны алғандай болады; екіншіден, пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.

Тауар айырбасы жағдайында қоғам пайызды пайдаланбаған кезең де болды және тек қоғамдық дамудың белгілі бір экономикалық жағдайы белгілі бір сатысында несие үшін төлем өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болды. Қарыз пайызы, демек, қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған кезде пайда болды. Қарыз пайызы ұшін несиенің бар болуы қажет.



Несиенің мәні... 109

Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.

Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:

• қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны

үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;

• несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-

құқықтық айырмашылық;

• қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы

қозғалысының әр түрлі бастамасы;

• несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс

процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.

Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.

1. Егер несие - бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға. Пайыздык, соманы төлеуге байланысты қатынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік құқық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып келеді.

2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық -құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу

110 Ақша, несие, банктер

міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал қарыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнның шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.

3. Несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген құнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта - қарыз алушыдан кредиторға қарай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы - бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз -бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады. Кейде несие сомасының қайтарылуы және қарыз пайызын төлеу уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін қарыз пайызын төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен қарыз пайызы төленеді, сонан соң жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.

4. Несие және пайыз бір бірінен олардың ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас сферасында пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие қайта бөлу категориясы ретінде болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде болады. Қарыз пайыз төлеудің көзі, пайда бөлігі болып табылатын қосымша өнім. Демек, пайда және пайыз -бірегей бүтіннің бөлігі. Осыдан басқа жәйт келіп шығады: қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес, ол өзінің пайда болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.

Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының шамасы - пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді,



Несиенің мәні.. 111

сонымен қатар басқа да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.

Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол - қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз - мүлдем басқа, несиенің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.

Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу -несиені пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функцияны орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру. Бірінші - қарыз пайызының үлестіру функциясы -барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.

Халық шаруашылығы денгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынастардың сол және сол тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін, яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз пайызы арқылы пайданың үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді. Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен кетіп, кредиторға өтеді.

Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік по-тенциалының ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы - алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.

Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста карыз пайызы пайыздык мөлшерлеме түрінде болады.

112 Ақша, несие, банктер

Қазіргі уақытта қарыз сипатына және ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне, несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.

Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нактылы, дисконтты болуы мүмкін.



Түрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе депозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгертілу шарттары тараптардың өзара келісімімен анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз капиталы нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты ауысып отырады.

Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады: несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция қарқынына қарай.

Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады - номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі - несиелеу және ин-вестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдық шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және занды шығындар, төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуекел үшін төлем, пайда.

Экономикалық ғылымда номиналдық және нақтылы пайыздық мөлшерлемелер арасындағы өзара байланыс И.Фишердің формуласымен өрнектеледі, яғни



(1)

мұнда:


Несиенің мәні 113

і - несие (депозит) үшін номиналды пайыздық мөлшерлеме;

r - несие (депозит) үшін нақтылы пайыздық мөлшерлеме;

U- белгілі бір кезең (бір жыл) ішіндегі инфляция деңгейі;

Бұл формулада [r • U + U] сомасы инфляциялық шығынның орнын толтыру үшін нақты пайыздық мөлшерлемеге қосылатын шама болып табылады. Бұл шама инфляциялық сыйақы деп аталады.

Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді.

Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына қатынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:



Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар - бұл қарыздық:берешек (депозит) сомасына есептелген пайыздар. Жай пайыздарды есептеу үшін төмендегідей формула қолданылады:

І = і.Р .п/360.100%, (2)

мұнда:


і - жылдық пайыздық мөлшерлеме;

Р - берешек (депозит) қалдығы;

I - қарыздың (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;

n - пайыз есептелетін кезеңдегі күндер саны.



Күрделі пайыздарды есептеу техникасы. Күрделі пайыздар - бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.

Несиелер және депозитгер бойынша пайыздық төлемдер сомасын есептеу үшін келесідей формула пайдаланылады:



114 Ақша, несие, банктер

(3)

мұнда:


і - пайыздардың жылдық мөлшерлемесі;

Р - қарыздың (салымның) алғашқы сомасы;

I - қарыздың (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;

n - қарыздың (салымның) ай мерзімдеріндегі (ай үлестеріндегі) ұзақтығы.



Егер несиелеу мерзімі бойынша қарыздық берешектің бөлігі ұзартылған қарыз есебіне жатқызылса, онда ұзартылған қарыздық берешекке есептелген пайыз сомасын анықтау үшін төмендегідей формула қолданылады:

(4)

мұнда:


Ig - ұзартылған берешек бойынша есептелген пайыздар

сомасы;


Q- ұзартылған берешек сомасы;

i, - ұзартылған берешек бойынша пайыздық мөлшер-

леме (айып-пұлдық);



t, - несиелеудің басталуынан ұзартылған берешек бойынша пайыз есептелген күнге дейінгі уақыт кезеңі;

t2 - несиелеу басталған күннен ұзартылған қарыздың

пайда болған күніне дейінгі уақыт кезеңі.

Пайыздарды есептеген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн, ал жылдағы күндер саны - 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн есепке алынбайды, ал ақпанда соңғы санға дейінгі қалдық 30 күнге қанша жетпесе, сонша қайталанады.

Күрделі пайыздарды есептеу қажеттілігі түрлі себептерден болуы мүмкін. Ұлттық банк үшін әр түрлі мерзімдерге бір пайыздық мөлшерлеме бойынша берілетін аукциондық несиелерді қайта қаржыландыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі тиімді табыс алуын болғызбаудың маңызы зор. Бүл үшін Ұлттық банк тәжірибеге күрделі пайыз әдісі бойынша пайыздар

Несиенің мәні.. 115

есептеуді енгізгенге дейін 1, 3 және 9 айлық несиелер бойынша бірнеше әр түрлі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін белгілеуге мәжбүр болды. Күрделі пайызға өтумен байланысты қайта қаржыландырудың бірегей мөлшерлеме белгіленетін болды.

Нарықтық қатынастарды құрудың қазіргі уақыттағы сатысының өзгешелігі банктердің типіне және көлеміне, орналасқан жеріне, клиентурасына және шын мәніндегі өзіндік табиғаты бар басқа да міндеттемелеріне байланысты.

Екіншх жағынан, банктік мекемелер жүргізетін пайыздық саясаттық ерекшеліктері сол және басқа да банктен тәуелсіз сипаты бар бірқатар жалпы факторлардың индивидуальдық көрінісінің салдары болып табылады. Жалпы жағдайда несие үшін пайыздық мөлшерлеменің қалыптасуының бастапқы негізі тартылған ресурстар үшін төлемнің орташа деңгейі болады. Нарық жағдайында орташа ресурстар үшін төлем мөлшерлемесінің екі шектік мәні бар: ең төменгі және ең жоғарғы. Бұл мәніне төмен және жоғары кезде ресурстарды сатып алу-сату мәмілесі жасалмауы мүмкін, өйткені оның шарттары тараптардың біреуін қанағаттандырмайды. Факторлар өз шекарасын қоса алғандағы, көрсетілген шектеулі мәндердің шеңберлерінде әрекет етеді.

Қарыз пайыздық мөлшерлемесі мазмұнының жалпы сызбасы келесі түрде көрсетілуі мүмкін. Жалпы жағдайда банк берген несие үшін пайыздық мөлшерлеме тартылған ресурстар үшін төлем мөлшерлемесі мен пайыздық маржаның қосындысынан тұрады. Соңғысы, өз кезегінде, бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін: қалыпты маржадан, яғни банктің қызмет етуімен байланысты шығындарды жабуы және банктің қалыпты пайда алуын қамтамасыз ететін маржадан. Қалыпты маржа сенімділігі жоғары дәрежелі несиелерге; неғұрлым жоғары болған сайын банктік қарыздың қайтарылатынына сенімділігі төмен болатын тәуекел үшін үстемелерге; нарықтың жағдайларына (сұраныс-ұсыныс), үстемелер (кемітулер) мен ондағы сатушының жағдайына қарай (монополия-бәсекелестік) бағдар ұстайды.

Үстемелер (кеміту) шамасына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатуы мүмкін: клиенттің төлем қабілеттілігі, жобаның тәуелділік дәрежесі, клиенттің сипаттамасы, салық салу мөлшерлемесінің мөлшері, несиеге сұраныс жағдайы,

116 Ақша, несие, банктер

қарызды ұсыну мерзімі, қосымша несиелік ресурстарға деген қол жетушілік, инфляция деңгейі.

Пайыздық мөлшерлеменің қолдану сферасына және оның деңгейін реттеу тәсіліне байланысты ресми пайыздық (есептік) мөлшерлеме; банкаралық және базалық болып ажыратылады.

Ресми пайыздық мөлшерлемені басқа да банктерге, бірінші кезекте коммерциялық банктерге берілетін несиелер бойынша орталық банктер белгілейді. Бұл операциялар ұзақ уақыт бойы коммерциялық вексельдерді қайта есептеу түрінде жүзеге асырылды, айтылған мөлшерлеменің екінші атауы осымен түсіндіріледі. Оның деңгейін өзгерте отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің тиімділігіне, олардың несиелік мүмкіндіктерін жоғарылата немесе төмендете отырып әсер етеді. Есептік саясат нарықгық қатынастары дамыған елдерде экономиканы ақша-несиелік жағынан реттеудің дәстүрлі әдістерінің қатарына жатқызады. Оның келесі міндеті несиені қымбаттату жолымен елде инфляцияның күшеюіне кедергі жасау болып табылады. Мұндағы есеп айырысу қарапайым: коммерциялық банктер ресми мөлшерлеменің өсуі жағдайында клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады, осылайша, ақшаға деген сұраныс төмендейді.

Қазіргі уақытта банкаралық мәліметтердің дамуына байланысты коммерциялық банктер қажет болған жағдайда несиені эммиссиялық институттан емес, банк-корреспонденттен ала алады, қарыз алушы үшін мұндай мәміле арзан да болады. Бұл ресми пайыздық мөлшерлеме деңгейінің банкаралық пайыздық мөлшерлеме деңгейінен жоғары болуына әкеліп соғады.

Банкаралық пайыздық мөлшерлеменің, мысал ретінде ЛИБОР - лондондық банкаралық мөлшерлемені айтуға болады, ол евровалюталық нарықта депозиттік, несиелік операцияларда және еврооблигациялық займдарда, сонымен қатар ПИБОР - париждік банкаралық мөлшерлеме кең түрде қолданылады. ПИБОР сегіз ірі париждік банктердің мөлшерлемелері мәндерінің арифметикалық ортасы ретінде анықталады. Бұдан көрі анағұрлым белгілі ЛИБОР банкаралық мөлшерлеме жекелеген халықаралық несиелік мәмілелердің құнын есептеу барысында базалық ретінде қолданылады. Бұл жағдайда ЛИБОР базалық мөлшерлемеге, әдетте, мәміле түріне, қарыз алушының қарыздық жағдайына қарай ақша нарығындағы конъюктураға байланысты маржа қосылады.



Несиенің мәні… 117

Ақша нарығында несиелер бойынша базалық мөлшерлеме АҚШ-та қолданылатындай бірініші класты қарыз алушыларға "ПРАЙМ РЕЙТ" жүйесі бойынша ресми немесе банкаралық мөлшерлемеге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде, бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемеге қарағанда біршама төмен деңгейде бөлінеді. Қарыз пайыздың нормасын белгілеген кезде негізгі анықтаушы жағдай - қарыз алушының сенімділігі, оның қаржылық жағдайы. Қарыз алушы сенімді болған сайын базалық мөлшерлемеге қосылатын қосылым да төмен болады және бұған керісінше. Несиелік операциялар бойынша базалық мөшерлеме әр түрлі анықтамаларда қандай да бір деңгейде көрсетілгенімен іс жүзінде әрбір банк өз мөлшерлемесін белгілей алады, яғни қазіргі уақытта несиелік салыстырмалы түрде тәуелсіз пайыздық саясат жүргізеді, бірақ базалық мөлшерлеме олар үшін белгілі бағыт ретінде болады. Банк-клиент қатынасында пайыздық мөлшерлеме тек қарыздар бойынша ғана емес, депозиттік операциялар бойынша да қолданылады. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге сұраныстың оны ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы болып табылады.

Қазақстан Республикасында несие жетімсіздігі құбылысының дамуы, әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын байқалды, бұған белгілі бір дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады. Бірақ, депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар, (төлем шамасы, ұсыныстың болуы) клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар, үлескерлер, сала кәсіпорындары, т.б.) оның сенімділігі, салық саясаты және инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Орталық банктің саяеаты да осындай факторлардың бірі ретінде болады, бірақ пайыздық мөлшерлемелердің динамикасында көбіне тікелей емес, несиелік нарықтың жағдайлары арқылы көрінеді, сондықтан оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде болуы мүмкін.

Ақыр соңында, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер (МҚМ) бойынша пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекеттік

118 Ақша, несие, банктер

қазыналық міндеттемелерді сатып алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті -Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары табылады. Сондықтан МҚМ бойынша жылдық табыстылықты келесі формула бойынша анықтауға болады:

Т = (НК*ДБ/ДБ)*(365* 100/Т), (5)

мұнда:


Т - жылдық табыстылық, %;

НҚ - МҚМ-нің номиналдық құны;

ДБ - МҚМ-нің дисконтталған бағасы;

Т- МҚМ-нің айналыс кезеңі, күндері.

 


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет