АҚША, несие, банктер


Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер



бет7/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.



Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақгы пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.

Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында

122 Ақша, несие, банктер

талап етілетш депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді.



3-сызба

Корпорациялардың, фирмалардың және басқа да коммерциялық ұйымдардың депозиттері

 

Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп көрсететін формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала хабарлап).

Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:

1) депозиттің мерзімі, 2) сальшшылардың категориясы. Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеқе тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үқіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық



Несиенің мәні... 123

мекемелердің, шетелдік салымшылардың шоттары (2, 3, 4 сызбалар).



4-сызба

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет