Пән: Физика
Топ: Э9-19-8
Күні: 4.03.2020 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Параллелепипед және олардың
қасиеттері».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпжақтардың анықтамаларын беру ( параллелепипед), олардың қасиеттерімен, түрлерімен, формулалармен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық, мәдени, математикалық тілінде байланыстыра отырып, оларды ұқыпты жазуға, жаттығуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оларды көпжақтардың қасиеттерін пайдалана отырып, есептер шығаруға, белгілі бір мақсатты анықтауға және олардың шығармашылық қабілеттіліктерін, ақыл – ой өрістерін дамытуға үйрету.
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар.
Жаңа технология түрі: деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. 5 мин.
А) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Б) Алтын Орданың 750 жылдығы туралы оқушыларға мәлімет беру.
ІІ. Оқушыларды екі топқа бөлу. 2 мин.
Геометриялық денелерді таңдата отырып, екі топқа бөлінеді.
III. Өткен тақырыпты қайталау. 5 мин.
1. Көпжақтылар қайсылар?
2. Көпжақ дегеніміз не?
3. Көпжақты бұрыштар дегеніміз не?
4. Көпжақ пен көпжақты бұрыштардың айырмашылығы неде?
5. Призма дегеніміз не?
6. Призманың табаны қандай фигура болады?
7. Призманың бүйір жақтары қандай фигура?
8. Призманың бүйір бет ауданы неге тең және формуласы қандай?
9. Призманың толық бет ауданы неге тең және формуласы қандай:
10. Призманың қандай қасиеттері бар?
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10 мин.
Параллелепипед деп- табаны параллелограмм болатын призманы айтады.
Параллелепипедтің түрлері:
Тікбұрышты параллелепипед
Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері
Параллелепипедтің бүйір бетінің ауданы –оның табанының периметри мен бүйір қыры ұзындығының көбейтіндісіне тең.
Sbb=P*l
P-периметр
l-бүйір қыры
Параллелепипедтің толық бетінің апуданы - оның бүйір бетінің ауданы мен табан аудандарының қосындысына тең.
SТ.б=Sб.б + 2S таб
Параллелепипедтің көлемі – оның үш өлшем көбейтіндісіне тең.
V=a*b*c
Параллелепипедтің диоганалының квадраты- оның үш өлшем квадраттары қосындысына тең.
d2=a2+b2+c2
V. Білімді бекіту. 15 мин.
Деңгейлік тапсырмалар.
А) деңгей
1-есеп: Егер тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері:
1) 2;3;6; 2)1;2;2 болса, оның диоганалдары қандай?
2-есеп: Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері 3см, 4 см және 12 см болса көлемі неге тең?
Б) деңгей.
Параллелепипедтің табанының қабырғалары 3 см және 5 см, биіктігі 6 см болса, бүйір бет ауданы толық бет ауданы және көлемін табу.
С) деңгей.
Параллелепипед тәрізді қазандықтың өлшемдері бойынша қазандыққа қанша литр су кетеді. а=20см,б=40 см, с=60 см
VI. Рефлекция.3 мин.
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін айту.
VII. Бағалау. 3 мин.
VIIІ. Үй тапсырмасын беру. 2 мин.
А) Анықтамаларды жаттау.
Б) Параллелепипедтің өлшемдері: 2,3,4 болса, диоганалының және көлемін табу.
Достарыңызбен бөлісу: |