Ашық сабақ Оқу тобы: Қ-08 Пән аты: Экономикалық теория негіздері Тақырыбы



бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі292,96 Kb.
#18596
түріСабақ
  1   2
Қызылорда облысының Білім басқармасы

Қызылорда «Қызмет» колледжі

«Бекітемін»

колледж директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

________Мырзағалиева Р.Б.


АШЫҚ САБАҚ
Оқу тобы: Қ-08
Пән аты: Экономикалық теория негіздері
Тақырыбы: Шығындар түрлері. Тұрақты, өзгермелі және орташа

шығындар динамикасы
Экономика пәндер
бірлестігінің оқытушысы: Жалғасова Орынкүл Асанқызы

Қызылорда, 2009 ж


Ашық сабақ жоспары
Күні: 25.12.2009

Оқу тобы: Қ-08

Қатысқан оқушылар саны:

Пәні: Экономикалық теория негіздері

Сабақтың тақырыбы: Шығындар түрлері. Тұрақты, өзгермелі және орташа шығындар динамикасы

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: шығындер ұғымы және олардың түрлері, жіктелуі жөніндегі оқушылардың экономикалық білімін қалыптастыру

Дамытушылығы: ойлау қабілеттері мен білімдерін тереңірек дамыту

Тәрбиелілігі: Алған білімдерін сабақ барысында меңгерту, оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, қаржы және несие, математика, бухгалтерлік есеп теориясы т.б.

Көрнекіліктері: сөзжұмбақ,таратпалар, тест тапсырмалары, есептер шығару, буклеттер, слайд, интерактивтік тақтамен жұмыс

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу, аудиторияның дайындығын тексеру. Оқушылар назарын сабаққа аудару, психологиялық даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

Жаңа сабақ

Шығын ұғымы. Шығындар түрлері.

Өзгермелі шығындар. Тұрақты шығындар.

Орташа шығындар.

Шығындар туралы түсінік. Олардың түрлері, жіктелуі
Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.

Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономикадағы шығындар:


  • айқын (бухгалтерлік)

  • жүктеме (арттыру)

  • қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.

Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауарларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.

Қандай да бір өндіріс факторларын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады.

Қайтпайтын шығындарға орны қайта толмайтын шығындар жатады.

Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.



Тұрақты шығындар - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар. Мысалы, кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақысы, үй-жай жалдауға жұмсалатын шығындар.

Өзгермелі шығындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Бұған: жұмысшылардың еңбекақы төлемдері, материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы; энергия, отын, басқа да жұмсалған шығындар жатады.

Тұрақты (ҒС) және өзгермелі шығындардың (VC) сомасы жалпы немесе барлық шығындарды көрсетеді және ол былайша белгіленеді:



ТС=FC+VC

Өнім өндіруде өнімді бір өлшемге арттыруға байланысты, қосымша шығындар шекті шығындар деп аталады.



Мс=

Q - өнім өндірудің арту көлемі.



Орташа шығындар - өндірілген бір өнім өлшеміне кеткен шығындар. Оның үш түрі бар.

  • Жалпы орташа;

  • Орташа тұрақты;

  • Орташа өзгермелі.

Жалпы орташа шығындар өзіне шығарылған өнім көлеміндегі жалпы шығындардың жекелеген бөліктерін сипаттайды:



Орташа тұрақты шығындар (АҒС):



Орташа өзгермелі шығындар (AVC):


Өндірістің барлық шығындары өнімнің жеке түрлерінің немесе біртектес өнімдер топтарының өзіндік құнына жатқызу тәсілдеріне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей шығындар деп - өндірістік өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кіре алатын, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы) шығындарда айтады.

Жанама шығындар деп өнімнің өзіндік құнына бөлінген соң кіретін, өнімнің бірнеше түрлерінің өндірісімен байланысты шығындарды (жабдықтарды дайындау және пайдалану шығындары, цехтық шығындар) айтады.

Кәсіпорын шығындары өнімді дайындау үрдісіне қатысу сипатына байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық үрдісінің жүруімен тікелей байланысты. Оларға өнім дайындайтын шикізат пен материалдар шығындары, технологиялық үрдісте қолданылатын отын және энергия (ғимараттарды жылыту, жарықтандыру шығындары емес) шығындары , негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы, жабдықтарды күту, ұстау, пайдалану шығындары кіреді.

Қосымша шығындар - өнім өндірумен емес, өндірісті ұйымдастыру, басқару және пайдаланумен тікелей байланысты. Оларға әкімшілік басқару персоналының жалақы шығындары, үй-жай ғимараттарды жылыту мен жарық беру шығындары және олардың амортизациясы жатады.



Шығындар өндіріс көлеміне байланысты өзгермелі және шартты тұрақты болып бөлінеді.

Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне байланысты пропорционалды түрде өсіп немесе кеміп отырады. Бұған шикізат пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның құны, өндірістік жұмысшылардың кесімді жалақысы жатады. Егер қандай да бір себеппен өнім шығару уақытша тоқтап қалса, онда осы уақытта өзгермелі шығындар да болмайды.

Шартты-тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда өндіріс көлемінен тіпті тәуелсіз. Бұл- басқару шығындары, ғимараттар мен үй жайды жылыту мен жарықтандыруға байланысты шығындар, жалға беру ақысы. Шартты-тұрақты шығындар өнім өндіру тоқтап қалса да, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырап және оның ресми жабылуы жарияланғанға дейін орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет