Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Рухы биік, арманы асқақ – Мәңгілік ел! Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел»



Дата08.07.2018
өлшемі133,46 Kb.
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Рухы биік, арманы асқақ – Мәңгілік ел!

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Барша қазақстандықтардың мақсаты,мүддесі,тағдыры бір екендігін ұғындыру.Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.

Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі: Әнұран, Елтаңба, Көкбайрақ, суреттер, ұран сөздер, слаидтар

Ашық тәрбие сағатының өтілу әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрініс

Ашық тәрбие сағатының түрі: дәстүрлі сабақ

Ашық тәрбие сағатының барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

Құрметті, оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Рухы биік, арманы асқақ – Мәңгілік ел! өтпек, әрі ерекше сабақ, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр, өз білімімізді, өнерімізді көрсетейік!

Ашық тәрбие сағатыН Тәуелсізідігіміздің 25 жылдығына байланысты Әнұранмен бастағым келеді.



ҚР әнұраны.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі 2Ә сыныбында өтетін «Рухы биік, арманы асқақ – Мәңгілік ел атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. «Отан оттан да ыстық» дейді халқымыз. Егер сол Отанымыз бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.

2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылған Қазақстанның әрбір Отансүйгіш азаматының кеудесінде осындай сенімнің өшпес оты тұтанған.

1-жүргізуші: Менің туған өлкем – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын, шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.

2-жүргізуші:

Отаным – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Ержеткен кезде есімде.

1-жүргізуші:

Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері.

Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі батыр, бірі сері.

2-жүргізуші: Қазақ халқы өз тарихын көптеген қиын да азапты бел – белестерді басынан кеше отырып, сол кезеңді желбегейдене желпіп тастап, түнерген түнді жара шығыстан жарқырап атқан таңдай болып, Тәуелсіздіктің дәмін тата, алдыға нық баса адымдауда.

1-жүргізуші: Ата – бабаларымыз өткен жолға біраз шолу жасап қарасақ. «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да, батыл ел менің елім» деп көңілің көтеріледі.

2-жүргізуші:   Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи күн -1991 жылдың  16 желтоқсанынан бастап алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол  бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз.

1-жүргізуші:  Жылдар-жылдар- тарихтың мол бекеті,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды

Халқымыздың өткені мен бүгіні.

Тура келіп тарихи бір орайға,

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Жолында оның «Шұбырынды Ақтабан»

Болған қазақ елміз біз, соны ойла!

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.

Тәуелсіздік-ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі.



Көрініс. Жәнібек ханның өсиеті

Жәнібек хан: Балам, анау тұрған жебені алып берші. (баласы алып береді)

- Мә балам, сындыр. (Бір жебені береді, оны баласы сындырады. Содан соң екеуін береді, оны да сындырады,.... 5 жебені береді, бала сындыра алмайды.)



Жәнібек хан: Не ұқтың?

Баласы: Әке бір жебе жалғыз, оны сындыру оңай болады, екі жебені сындыру қиындау болды. Ал 5 жебені сындыра алмадым. Ол «бірігіп өмір сүріңдер» дегеніңіз шығар?

Жәнібек хан: Иә, балам, дұрыс айттың. Бірлік түбі береке, береке түбі - мереке. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен Ел болуды ойлаңдар!

Диас: Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта атышулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Абылайханның арқасында қазақ даласы жоңғарларды жеңді.

Ерасыл: 1925-1933 жылдарда елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады. 1928-1933 жылдарда ұйымдастыру салдарынан болған адам айтқысыз, нанғысыз ашаршылықта халықтың 2 миллион халық опат болды. Миллион адам Қазақстаннан босып кетті.

К.Мирас: Қазақ әдебиетінің жайқалып келе жатқан теректерінің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Сәкен, Ілияс,  т.б. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.

Ермек: 1937-1938 жылдардағы репрессия тұсында бетке ұстар азаматтар «Халық жауы» ,«Ұлтшыл» деген жаламен атылды. 105 мыңдай адам абақтыға жабылып, итжеккенге айдалды. 27 мыңнан астамы мерт болды, атылды.

Т.Нурболат: 

Қырылмаса аштықтан батырлардың

Жазықсыз құрбан қылып шыбын жанын,

Қазақ деген қандай ел болар едік,

Көркейткен байлығымен әлем сәнін.

1941-1945 жылдардағы ССРО-Германия соғысы да оңай болмады.



Расул: 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

Жүргізуші:  Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.Тәуелсіздік- кешегі батыр бабалар өсиет еткендей Қазақстанды қасық қаны  қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.

Оқушы: Тәуелсіздік дегеніміз -жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Жүргізуші: Бүгін біздің еліміз-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет.

- Тәуелсіз ел - қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)



Видеоролик

Жүргізуші:  Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Қандай  да бір мемлекет болмасын оның алғашқы өз туы, Елтаңбасы,Гимнынан басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.

Оқушы:  Мемлекттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан  жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар  тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жағындағы бес бұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес. Мемлекеттік  Елтаңба туға, мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы екендігін айқындайтын төлқұжаттарға да салынады.



Елтаңба Амина:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл-таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.

Қара шаңырақ –ел күші,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы-елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Оқушы: Тудың авторы-Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков-белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз-көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн-тыныштық пен байлықтың белгісі .Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Біздің ту Динара:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Көк аспанда- алтын күн,

Көк аспанда-жас қыран.

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз.

Жүргізуші: Гимннің сөзін жазған-Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған-Шәмші Қалдаяқов



Жүргізуші: Астананың атауына байланысты Елбасы былай дейді:»Шынын айтқанда астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде бір жолы дәлірек айтсам түнгі сағат екіде ойыма «Астана» деген атау сап етіп, көкейіме қона кеткен-ді. Астана қазақша әдемі естіледі. Сарыарқа төсіндегі тәуелсіз қазақ елімнің бүгінгі астанасы Астана қаласына көз салсаң, айтар сөзің жоқ! Таңдай қағып қаласың!»

Жарқырашы Қазақстан!

Жайна сен де Астанам

Әрқашан да гүлдене бер

Тәуелсіз ел Қазақстан!

Оқушы: Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Мирас.А

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.



Астана. Оқушылар тақпақтары

Экспо 2017  Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатынХалықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.

Жүргізуші: Елбасы Жолдауын халық қашанда асығып күтеді. Себебі ол еліміздің болашаққа бағдарын айқындап беретін құжат. «Қазақстан жаңа  жаһандық нақты  ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты биылғы Жолдау да сол үдеден шығып, салмақты ой, нақты қадам, жасалатын жүйелі жұмыстар айтылды.

21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған 25 тақырыптық күн өтуде.
     Бүгін 15-желтоқсан "Мәңгілік Елдің" мәңгілік құндылықтары" атты тақырыппен өтеді.
      Күннің іс-шаралары "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарына арналады.

Өткен жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халыққа Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Бұл идеяны жұрт қызу қуаттап әкетті.

Мәңгілік ел болу бабаларыңның бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларының балалары ардақ тұтатындай мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының бақыты баянды болатын ел құру болды. 
Халқымыз Нұрсұлтан Назарбаевты әу бастан-ақ ел бағына туған президент деп сенген, екі тізгін, бір шылбырды қолына берген, адастырмас азаматым деп соңынан ерген, сөйтіп бүгінгі биігіне келген. Алда да солай бола береді. Қазақтың басына бақыт құсы қона береді. 
Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. 
Біз армандарды ақиқатты айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. 
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. 
Қазақстан Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. 
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел!
Мен Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – 
«Қазақстан 2050» Стратегиясының түп қазығы. 
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. 
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. 
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. 
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. 
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз де біреу – ол қасиетті қазақ даласы. 
Бұл дүниедее біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. 
Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылу.

Зухра: Қазақстан 2050  жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс

Егер біз күшті болсақ бізбен санасатын болады.Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол-қасиетті қазақ даласы.

Азат: Бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар:ол-Тәуелсіз Қазақстан!

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық.



Тәуелсіз елді өз қолымен құрған аға буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың, біздің лайықты жалғастыратынымызға кәміл сендіреміз.

Жүргізуші: Болашақ қазақстанды біз  қалай  елестетеміз?

А.Мирас: үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдар қоғамы боламыз.

Амина: біздер-әлемнің азаматтарымыз,саяхаттап жүреміз;

Динара: біздер жаңа білім меңгеруге құштармыз.

Расул: біздер еңбексүйгішпіз.

Темирлан: біздер-өз еліміздің патриоттарымыз

Ерасыл: 2050 жылғы Қазақстан-жалпыға Ортақ еңбек қоғамы

К.Мирас: ол-барлығы да адам игілігі үшін жасалатын экономикасы мықты мемлекет.оқушы: білім беру, денсаулық сақтау саласы да үздік.

Е.Нурболат: Бейбітшілік пен тынышытық салтанат құрған.

Диас: Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.

Т.Нурболат: 21 ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенеміз.

Сунгат: бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Бірге: Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Ән: «Мен қазақтың баласымын!»

Бойларыңда от бар екенін байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Сіздерге де , қонақтарға да РАХМЕТ!

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек  деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған  « Рухы биік, арманы асқақ – Мәңгілік ел!» атты ашық сабағымызды   қорытындылау  сөзі  мектебіміздің директоры Сүйесінова Сәрсенкүл Төлеуханқызына беріледі.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу