Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар



бет8/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#4644
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5 Карточка. Жаңа прическа

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

- Неге әкесі сендіре алмады?

Әкесінің тапсырмасы басынан қиын болды, өйткені ұлы үшін сыртқы келбетіне байланысты жолдастарының пікірлері бірінші орында болды (бұл сұрақта олардың пікірлері жоғары).

Бұл жағдайды әкесі ұрыстан бастап, қарым-қатынастың араларын ажыратып жіберді.

Басқаша айтқанда, 8-11 ережелерін бұзды. Баласын мазақтағаннан кейін, жағымсыз әңгімелесуші болуға бір қадам жасады.

Нәтижесінде, әкесі ұлымен ешқандай шешімге келмей, ұрысты. Сонымен қатар, басқа да сұрақтар бойынша әсер ету мүмкіндігін төмендетті.

Қорытынды:Иландырудың сәтсіздікке ұшыруы 14 ережені бұзумен байланысты болады.

Керісінше: осы ережелерді дұрыс қолданған кезде, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.



9-тақырып: Ымдау және қимыл қарым-қатынастың вербальды емес құралы.
Жан дүниенің әрбір қимылы дауысында,

ымында және қимылында табиғи ретінде көрініс береді.

Цицерон
Сабақтың басында кішігірім көріністі өткізу керек.

Оқушы көйлегін шкафтан алады, айна алдында оны киіп көреді, үстелдің үстіне қояды, үтікті қосады, үтіктейді, ойламаған жерден саусағын күйдіріп алады, үтікті көйлектің үстіне лақтырады, саусағын үрлейді, көйлек күйіп қалады. Қыз бала үтікті алады, басқа жерге қояды, көйлегін алып, жылап жібереді.

- Балалар, бұл көріністен сендер не түсіндіңдер? Сендер бұл қыздың не істегенін қалай білдіңдер? Қыз бір сөз де айтқан жоқ қой? Ым мен қимыл арқылы көптеген әрекетті көрсетуге болады екен.
Сабақтың тақырыбын барлау.

- Тақырыптың қандай сөзі тақырыпта сізге түсініксіз?

- Ым және қимыл, мимика дегеніміз не?

Ым - ішкі жан дүниені көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылдары.

Қимыл – қолдың немесе басқа дене мүшесінің қимылы.

Сонымен, ым және қимыл сөзбен тығыз байланысты. Қимыл және ым жалпы сөзді ауыстырады. Цицерон айтқандай, біздің ішкі дүниеміздің қимылын білдіреді. Сондықтан, біздің сабағымыздың мақсаты осындай:



  1. Біздің өміріміздегі вербальды емес құралдарға түсінік беру.

  2. Әр түрлі жағдайлардың көмегімен вербальды емес құралдарды көрсету.


Ым және қимыл тілінің тарихы.

  1. Көптеген ымдар өзінің тарихи және олардың ұлттық ерекшеліктерімен байланысты. Сіздерге саусақтарды көтеру немесе түсіру ымы таныс. Саусақты көтеру бағытын император гладиаторға өмір сүру шешімін көрсеткенде қолданған.

  2. Біз амандасу кезінде қолымызды қысамыз. Бұл ым бәріне белгілі. Бірақ, мысалы, қытайлықтар ерте кезде өз қолдарын бір-біріне қысқан. Біздің кезде шешендер тындаушыларымен осылай амандасады.

  3. Тибет елінде кездескен кезде бас киімдерін оң қолдарымен шешіп, сол қолдарын құлақтың артына жібереді, сонымен қатар өздерінің тілдерін шығарады. «Саған қарсы ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Сабыр бол» дегенді білдіреді. Бұл ымдарды тек Тибет елінде ғана қолданыңыз.

  4. Эскимостар бір-бірімен амандасқанда жұдырықпен бастан және иықтан жеңіл ұрады.

  5. Лапландтар мұрындарымен жұғысады.

Тарихтағы ымдар туралы айта берсек, олар өте көп. Ал егер, біреу қатты қызықса керекті мәліметтерді кітапханада таба алады.

- Біз ым және қимыл тілдерімен тағы қайда кездесе аламыз? (спортта, құрылыста, теңіз қызметінде;естімейтін және сөйлей алайтындардың әліппесі бар; ал мектепте болса – сабақта көмектесу.)


Жағдайлы тапсырмалардың шешімдері.

Ым және қимылдардың көмегімен келесі жағдайлардағы қатысушылардың әрекеттерін көрсетіңдер (жұмыс жұппен немесе топпен жүргізіледі).

а. «Далада». Жолаушы сізден кинотеатрға өту жолын сұрайды. Ал, кинотеатр өте жақын, қарама-қарсы тұр. Жолаушыға жауап берген кезде сіз қандай ым қолданасыз? (ым көрсету: саусақпен емес бүкіл қолымен)

ә. «Мектепке келе жатқан жолда». Келе жатқан жолда (2 ауысым) сіз мұз айданына бара жатқан достарыңызды көресіз. Олар да сізді көріп қалып, бірге шақырады. Сіздің достарыңыздың ымы мен өзіңіздің ымыңы қандай болады? (шақыру-ымы және бас тарту-ымы)

б. «Сабақта». Мұғалім тақтада жазып тұрған оқушыға қатесін үндеме көрсетеді. Оқушы тез арада есіне түсіреді. Оқушы мен мұғалім қандай ымдарды қолданады? (көрсету-ымы және ескертүсу-ымы)

в. Сабақта сіз есеп шығару жолын қатты ойланып қалдыңыз? Сіз бұл жерде қандай ымды қолданасыз?

г. Сіз сабақтан үйге келгенде, жақсы көңіл-күйіңізбен үндемей «бес» алғанынызды көрсетесіз. Қандай ымды қолданасыз?

д. Кешкі аста әжеңіз сізге ботқаны ұсынады, бірақ ал сіз үнсіз келіспейсіз. Қандай ым мен мимикааны қолданасыз? Ал әжені ренжітіп алмас үшін, қандай сөз айтасыз? (ым келіспеу)

е. «Саяхатта». Сіз саяхатта оттың қасында отырасыз. Бір ұл бала өзеннен су алуға кетеді. Бір кезде, ол қобылжып, өзенде көргеннен қорыққанын айтады. Ол қандай ым мен мимиканы қолданады (орынға көрсету-ымы).

ж. «Балық аулауда». Балық қармаққа енді ілінген кезде, сіздің қасынызға досыңыз келеді. Сол кезде сіз оның тыныш болуын қалай ескертесіз?



Қорытынды: Кейбір кездерде вербалды емес құралдармен, сөзсіз де ойынды жеткізуге болады. Мәскеуде пантомима театры бар. Көбінесе сіз бір де бір дыбыс естімейсіз. Бірақ, залы көрермендерге толы.

Ым және қимыл әлемі өте бай. Мысалға, мына ымдар не білдіреді?

Тіл көрсету - мазақтау-ымы.

Маңдайдан соғу - еске түсіру-ымы.

Жұдырықпен қорыту – қорқыту ымы.

Қабағын көтеру - таңғалу-ымы.

Басты екі қолмен ұстау - қорқу-ымы.

Ымдар және жағдайлардың жазылуын лингваәлемтану сөздігінде таба аласыздар. «Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр» А.А. Акишинованың, Х.Кано, Т.Е.Акишининованың редакциясынан (М. 1991ж.).


Коммуникативті-жағдайлы тапсырманы шешу.

- Ал қазір біз сізбен сөйлесеміз... Не туралы? Сіз өлеңді оқып жауабын таба аласыз.

- Қайырлы таң! Қал қалай? -

Қырық қолды бердім.

Барлық қолды қысқанша,

Кеште келіп қалып ең.

Э.Гольдман

Қарсы алу мен қоштасу қимылдары туралы әңгіме жүреді. Қимылдың да тәртібі бар екен. Орыстың жазушысы А.И. Куприн айтқандай: «Қолды беру кезінде, адамның саған деген қарым-қатынасын ғана емес, сонымен қатар оның мінезін білуге болады. Мысалы: екі саусақ беру – тәқаппар мінезді адам; қолың қайық түрінде беру - адамның ұялуы; қолды ұзақ ұстау - достық және сенің тегіне деген қызығушылық. Бірақ, есте болсың: тәрбиелі және сыпайы адам-ымда да ұстамды болады.

Қазір біз, кездесу және қоштасу көріністерін көрсетеміз.

Тапсырма:мен жағдайды айтамын, сіздер керекті ыммен оны тауып алыңыздар.

1-інші жағдай. Екі таныс алам кезедеседі. Олар қалай бір-бірімен амандасады?

2-інші жағдай. Боз бала таныс қызымен кездеседі. Кім бірінші болып қолын созады?

3-іншi жағдай. Бала жасы ұлкен адамды кездестіреді. Кім бірінші қолын созады?

- Сіз адамның қарым-қатынасындағы күлімсіреудің орны қандай екенін білесіз бе?

«Кішкентай енот» мультфильмін еске түсіріңіз. Кішкентай енот кімнен қорықты және ақылды анасы қандай кеңес берді.

В.Солоухиннің керемет сөздерін естеріңізге түсіргім келеді: «Адамдардың бойларында күлімдеу бар. Қараңызшы, адамның бойындығы барлығы өзіне тән: көз-көру, аяқ-жүру, ауыз-тағамды жұту - барлығы күлімдеуден басқа өзіне керек. Күлімдеу өзіне керек емес. Егер айна болмаса, сіз оны ешқашан көрмес едіңіз. Күлімдеу басқа адамдарға арналған, өйткені басқа адамдардың сізбен жылы қарым-қатынаста болу үшін қажет. Егер он күннің ішінде сізге немесе сіз екшімге күлімдемесңіз, жан дүниеңіз мұздап, тасқа айналғандай сезінесіз».

Бұл жағдай туындамас үшін, бір-біріңізге қарап, күлімдеңіз.


Сабақтың қорытындысы:

Біздің ымымыз, қимылымыз, сөйлеуіміз, тәртібіміз қалаған кезде ойдан шығатындай болмайды. Әлі көп нәрсемен жұмыс істеу керек. Егер, бүгінгі сабақтан бірдеңе үйренсеңіз, мен өте қуаныштымын. Келесі сабақтарда ымды тәжірибеде қолдану туралы сөйлесеміз.




10-тақырып: Дене тұрысы және қимыл тілі
Көптеген біздің түсінігіміздің әлсіздігінен түсініксіз емес,

ол біздің түсінігіміздің ортасында ондай заттар көрмейтіндіктен.

Қимыл, ым, интонация - қарым-қатынастың ең басты бөлігі. Сөздің көмегімен 7% ақпарат, дыбыс құралдары арқылы - 38% ым, қимыл арқылы - 55% ақпарат берілетіні арнайы зерттеулермен дәлелденген.

Ал басқа зерттеулер әңгіме кезінде ақпараттың 1/3 бөлігі беріледі, ақпараттың 2/3 бөлігі берілетінін көрсеткен.

Көптеген зерттеулер бір-бірімен сәйкес келеді. Вербалды емес дабылдар бір-бірінің арасындағы қатынастар кезінде қолданылады.

Мысалы, адам аузын ашпай-ақ, көзімен қатал қарап,өзінің оған деген қатынасын білдіреді.

Бір жағынан, ресми кездесулерде, әңгімелер мен келісімдері кезінде өзіңнің ымдарын мен қимылдарынды бақылау керек, ал басқа жағынан серіктестің қимылдарын дұрыс түсіне білу керек.

Қарым-қатынастың вербальды емес құрамдар танысу бірінші сәттерінде өте маңызды. Олар болатын әңгімеге қызығушылықтарын және конструктивті серіктестікке дайындығын, ұсыныстарда, жаңа ойлар мен жаңалықтарға ашықтығын көрсету керек.

Ал қазір біз, белгілі ым және қимылдардың мағынасын қаншалықты білетініңізді тексереміз.


Жұппен жұмыс істеу.

Тапсырма: Келесі қимылдар нені білдіреді?

1- қимылдар анықтамасы.

1. Алақанды жоғарыға қаратып ашу.

Бұл - тез арада жасалатын қимыл. Әңгіме кезінде бір немесе екі қолдың алақаны бір мезетке жоғары жаққа ашылуы адамның шынайлығын, ашықтықтығын білдіреді.



2. Қолды тығу.

Қолың қалтасына тыққан адам өзінің күнәсін сезеді немесе жатқан жағдайда өзің бос ұстамауын көрсетеді. Кішкентай балаға қолынды шығар деп ұрсқан кездер есіңізде ме? Мысалы, баланы ұрысқанда «қолыңды қалтадан шығар!» деп жиі ескерте есіңізге түсіріңізші.



3. Сізбен бірге отырған кезде пиджактың түймелері шешулі немесе сіздің көзінше пиджакты шешу

Сізге деген ашықтықты және достық қатынасты көрсетеді.



4. Қолдардың білектері кеудеге айқастырылуы.

Бұл - қолдану, сақтану. Соңғы екі қимылды қосқанда біріншісі – жан дүниесі ашық, екіншісі - жан дүниесі жабық.



5. Білектің еркін ұсталуы.

Адамның сабырлығын, салмақтығын білдіреді.



6. Қолмен жұдырықтын көрсету (немесе буындардың ағаратынындай саусақ пен бір нәрсені қатты ұстау).

Бұл – қамқорлықты, сақтауды білдіреді.



Қорытынды:сіз 1, 2, 5, 6 қимылдары қолдың біліктері ақпараттандырылғаны жөнінде ескердіңіз бе? Сондықтан кездесу, келісімдер кезінде қолды үстелдің үстінде ұстап отыру керек.

Бұл серіктеспен қарым-қатынастық сыйластықты білдіріп, өзің жайлы ақпарат беруге көмектеседі.



7. Әңгімелесуші орындықтың шетінде, алдына үңіліп, басы кішкене артына қарай шалқайған және қолына сүйеніп отыр.

Бұл сөйлеушінің қызыққанын білдіреді. Адам өзінің серіктесіне тартылып отырғандай.



8. Жағымен қолына сүйкену.

Негізі ойланып кеткенде.



9. Алақанға иекпен сүйеніп, көрсету саусағы жоғары, басқа саусақтар төмен қараған.

Сынауды, жаман бағаны білдіреді.



10. Басы кішкене иыққа бұрылған.

Мұқият тыңдау кезінде бас өз бетімен қисаяды. Бұл адамдарға,иттерге және құстарға тән мінез, қимыл.



11. Иекті қасу (көз сығаррайтумен бірге жиі болады).

12. Алақанмен иекті ұстау, еріннің астынғы жағын ұстау.

Бұл шешім қабылдауды білдіреді, бұл қимылды былай түсіндіруге болады. Иекте нерв жүйесі орналасқан. Мидағы қанайналымын реттейтін және сонымен байланысты билогиялық белсенді нүктелері бар (бұл жерге перген жұмырдық есінен тандырады).

Биологиялық белсенді нүктелерге қол тигізгенде, біз мидың қанайналымын жүзеге асырып, мидың жұмысын жақсы жүргіземіз.

13. Көзілдірікті ақырын шешіп, оның шынысын тазалап сүрту.

Дұрыс шешіміді қабылдау үшін, уақытты созу.



14. Көзілдіріктің ұшын және т.б. заттарды ерінмен ұстау немесе тістеу.

Заттарды тістеп отыру қосымша ақпаратты талап етуді білдіреді.



15. Жүре беру.

Қиын шешім қабылдау кезінде, адам бөлмеде жүре береді.



16. Тұмсықты шымшу.

Терең ойлануды білдіреді. Тұмсықта ми қанайналымының тағы бір орталығы бар. Билогиялық белсенді нүктелерге қол тигізгенде, біз мидың қан айналыуын жүзеге асырамыз.



17. Сөйлеген кездеқолмен ауызды жаба беру.

18. Сізге қарамауға тырысады.

Адам өтірік айтады. Көбінесе, бұл қимылдар балаларда кездеседі. Егер оны тыңдаушы істесе, онда айтылғанға күмәнмен қарағанды білдіреді.



19. Басқа жаққа қарау.

Күмәндайдануді, сенімсіздікті білдіреді. Шығыста сөйлескенде көзін басқа жаққа қаратып, тек кей кезде ғана көзіне қарауға болады. Ал американдықтар, керісінше, әңгімелесішінің тура көзіне қарауға үйреніп алған.



20. Аяғы немесе барлық денесі шығу есігіне қарай орналасқан.

Кету ойын білдереді.



21. Мұрының сәл ғана тиісіп немесе сипап қояды. Бұл қимыл көбінесе дененің айналуымен жүзеге асырылады.

22. Құлақтың артын немесе алдын сипалайды, көзін сипалайды.

Егер тыңдап жатса-күмәнданады, ал сөйлеп жатса-өтірік айтады.



23. Амандасқан кезде қолы үстінде болуға тырысып отырады.

Өз-өзіне сену.



24. Амандасқан кезде қолы астында болуға тырысады.

Қарамағында болу.



25. Кабинет иесі әңгіме кезінде үстелдегі қағаздарын жинай бастауы.

Әңгіменің біткенін көрсетеді.



26. Қолы пиджактың қалтасына салынған, ал үлкен саусағы шығарылып тұрады.

Өз-өзіне сену ымы.



27. Сөйлеуші жұдырығымен қимыл жасайды.

Биліктің немесе қауіпті көрқытудың көрінісі.



28. Пиджактың барлық түймелері киіліп тұр.

Ресмилігін көрсету, шектен шықпауын көрсетеді.



29. Көздері үлкен болу.

Қызығушылығын көрсетеді. Бұл сөйлеушіге өте ұнайды, өйткені әрқайсысы біреуге қызық болуды ұнатады.



30. Көздері кішірейді.

Адамның тұйық екендігін көрсетеді: адам «көзінен» жасырып тұрғанын оқып қоятынынан қорқады.

Осыны болдырмау үшін арнайы құралдар «өтірік айту детекторы» жасалған. Жауап кезінде көздің өлшемін анықтайды. Кішірейсе - бір нәрсені жасырып тұруы.

Ескерту. Кейбір әрекеттер температураның жағдайларынан туындауы мүмкін: пиджак шешілсе, ыстық екендігін білдіреді, ал барлық түймелерге жабылып тұрса, суық екенін білдіреді.

Дәл осындай себептен өзің кеудесіне екі қолмен ұстауы мүмкін.




11-тақырып: Мақтау өнері
- Пікірлесетін адамды өзіне қарау үшін қандай шара қолдану керек? (жақсы мақтау айту).

- Мақтау дегеніміз не? (Мақтау дегеніміз пікірлес адамнің өзінің бойынан көргісі келетін қабілетін көтермелеу)

- Жеңіл немесе қиын болса да, бір-бірін мақтандар. Неге?

- Көбінесе кімге мақтау айтуға болады?

Негізі мақтағанды барлығы жақсы көреді, бірақ еркек адамдар оған басқаша қарайды.

- Мақтаудың әлсіздігі нені түсіндіреді? (Мақтау негізге психологиялық қажеттілігін дұрыс сезім тудырады).

- Пікірлесуші кім болады? (Ұнататын пікіресуші)

- Бұл бізге керек пе? (міндетті түрде)

- Өтіріктен қандай айырмашылығы бар? (Өтірік-қабілетін қатты көтемелейді.

- Екі фразаны тыңдап, анықтаңыздар. Өзініздің пікірлерінізді түсіндіріңіз.

- Саған бұл түс жарасады. (Мақтау)

- Сен ең әдемісің?

- Өтірік көбінесе бетін қайтарып тастайды. Яғни, ол кейбір адамдарға ұнамайды.

- Мақтау және асырту-бұл бір нәрселер.

- Сонымен бірге әркімге намды заттар бар. Бұлар нелер? (Барлығы әдімі көрінгісі келеді,табысқа жеткісі келеді, сыйлы болғысы келеді, сүйіктісі болғысы келеді, толық отбасы,білімді және денсаулығы сау балаларды армандайды).

Мысалы, аналар айтады: «Сіздің балаңыз қандай әдемі!». Әрине, бұл мақтау анаға ұнайды, өйткені бала жақсы киінген, жақсы күтілген немесе оның ата-анасы әдемі болғандықтан бала сүйкімді болады.

Мақтауды кез-келген адамға айтуға болады. Бірақ, бұл адам туралы нақты бір ақпарат болу қажет.

Кейбір кезде адамның алдында қиын тапсырмалар тұрады. Өйткені мақтайтын адамы өте нашар адам. Бұл адамға мақтау айтып көріңіз.

- Неден бастаймыз? Бұл кезде мақтауға қарсы мақтау керек. Егер, адам сараң болса, онда оған ұқсатымды, пысық, есепкер деп айтуға болады. Кейбір кезде көпке белгілі мақтаудың керісінше түрі бар. Оны тек қана керек адамдарға ғана айтады. Бұл жағдайдан қалай жол табуға болады? Немесе сұраққа басқа жағынан қарау?

- Мақтауды жиі айту керек пе?(жиі-жиі айту керек. Кез келген адам жақсы сөзге құқылы).

Тек қана тәжірибе кезінде жеңіл мақтаудың керектілігі табиғи түрде көрінеді. Мақтауды айтуды жеке жерде үйрену керек. Әйтпесе, басқа адамдардың қатысу сізі ұялтып жібереді.



- Мақтаудан кейін кімге жақсы болады?

Ал енді, мақтау істеп көреміз және өтірікті айтамыз.


Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болцы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп, жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебінің білдіретін сөздер бар. Мысалы: құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін, жолы болсын, ештеңн етпес, бір реніштің бір қуанышы бар, ұзағынан жазсын, т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Ұлттық тілімізде жасы үлкен адамдарды атымен атамай, аға, апай, әпке, ата, әже деу, қатарластарды құрдас, құрбы, замандас, жолдас деу де – ізеттілік. Нұрланды, Нұржанды – Нұреке, Арғынды - Әреке, Бауыржанды – Бәке деп құрметтеу де – салт-дәстүріміздің бағалы тұсы.

Мереке, мейрам, қуанышты күнмен, мерей тоймен құттықтай білу де – тәрбиелік. Құттықтау тілінің өзіне тән сөз орамдары мен сөз тіркестері бар. Құттықтау тілінде мақтау, мадақтау, көңіл көтеру (комплимент) сөздері өолданылады.

Ммақтау-мадақтау айтушының жүзіне тура қарап, шын ниеттен айтса, ол дауыс мәнерінен де байқалып тұрады әрі таза көңілден шыққаны сенімді болады. Көңіл көтеру лебізі - әңгімлесушынің мәнезі, адамдармен қарым-қатынас мәнері, сыртқы түрі, білімі туралы шынайы ықыласпен берілген баға.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын жеңіл имесі анық. Ендеше қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу, егер әнгімелемуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгерту – тәрбие мен әдеп белгісі. әңгіме, сұхбатаувны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгімелесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.

Құттықтау сөз көбіне-көп үлкен дастарқан басында айтылады. Дастарқан басында айтылатын жақсы сөздің де өз ережесі, шарттары бар. Жиналған қауым тамақ ішу үшін емес, қуанышты шын ниетпен қабылдап, игі тілекпен келеді. Бұл жерде әркім өзін мазалаған ойын, жеке шеше алмай жүрген ісін немесе біреулерге деген өкпе-ренішін айтпайды. Жақсылыққа келген жұрт барлығына ортақ қуанышты, көңілді кезде еске алады. Ұнатпаған, бұрыннан ренішті адамдармен жолыға қалса, ішкі сырын сыртқа шығаруга, я болмаса ұнатпағанын білдіріп сөйлеу мәдениетсіздік болады. Бұрын көрмеген адамдармен танысып, ортақ тақырып тауып әңгімелесуге тырысқан жөн.



Тәжірибелік тапсырмалар
1-жаттығу. Мәнерлеп оқыңдар.

Бесікті аластау Бұлт шақыру

Алас, алас, баладан алас, Ат басындай ақ бұлт,

Иесі келді, пәлесі көш! Қой басындай көк бұлт,

Алас, алас, баладан алас, Қоғалы көлдер құрыды,

Көзі жаманның көзінен алас, Құба жондар шөледі,

Тілі жаманның тілінен алас! Қолдан қара жауын бер!

Қырық қабырғасынан алас, Жандай досым, ақ бұлт,

Отыз омыртқасынан алас. Омыраудан соқ бұлт!

Алас, алас, аласы, Ескек желді сұр бұлт,

Келді, міне, баласы. Еріктірмей жете көр!

Қош, қош, пәлесі, Тасқындасаң тас жаудыр,

Келді, міне, егесі. Қаһарлансаң қар жаудыр,

Аталарың ақырса, одан қорықпа, Буырқансаң мұз жаудыр,

Аналарың, ағаларың шақырса, Мұздай темір құрсандыр!

одан қорықпа. Кел, бұлт, кел, бұлт,

Сылдыраған бұлақтан қорықпа. Екі енеге тел бұлт!


Арбау жыры

Кер, кер, кер жылан,

Кереге басты мер жылан.

Бір жылан бар – сұм жылан,

Бір жылан бар – сұр жылан.

Бір жылан бар – жеті жылғы ту жылан,

Құралай таудың басынан

Қуып келген қу жылан.

Пайғамбарлар демінен

Дегелек келді, шық жық жылан7


Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Үш мәтінге ортақ ерекшелік не?

  2. Бесікті неге тілден, көзден аластайды?

  3. Ұшықтау туралы не білесіндер? Ұшықтаудың аластаумен байланысы бар ма?

  4. Бұлттың қандай түрлері айтылған?

  5. Аластау, шақыру, арбау жырларының басқа қандай түрлерін білесіндер?


2-жаттығу.

Мына өлеңді орфоэпиялық нормамен оқыңдар, сөз бен сөз аралығындағы дыбыстық алмасуларға көңіл бөліңдер? Бұлай оқудың сөз мағынасына әсері қандай, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.


Қазақ жері - қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі - қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шердің елі.


Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.


Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері - өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі - текті, киелі, қасиетті.


Қорлаған жау - басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер - ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,

Қорғап қалды ел бағын, алыптарым!


3-жаттығу.

Сөйлемдерді топ-топқа бөліңдер.

1) тыйым сөздер

2) тілек сөздер

3) бата


4) болжау, жол ашу сөздері

5) қошемет, сүйсіну сөздері

1. Бүйіріңді таянба! 2. Қайырлы, құтты болсын! 3. Басқа амандық, денге саулық берсін! 4. Алды ашық екен. 5. Көсегең көгерсін! 6. Азамат бопты деген осы! 7. Екі бүйірінен қысып бара ма, қалай?! 8. Тізеңді құшақтама! 9. Көкті жұлма! 10. Бағың жансын! 11. Тілеген қабыл болсын! 12. Жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын! 13. Маңдайы жарқырап тұр-ақ екен! 14. Қуатым-ау, тіл-көзден сақтасын, адам болғаннынан айналдым. 15. Бауы берік болсын, өмір жазы ұзақ болсын! 16. Шаңырағы биік, босағасы берік болсын! 17. Киімді желбегей жамылма! 18. Малды басқа ұрма! 19. Иә, оңдай көр, жол түсіп тұр ғой. 20. Саусағыңды шошайтпа!
4-жаттығу.

Тыйым сөздерді төмендегі үлгі бойынша топтап жазыңдар.
Үлгі: Таным түсінікті білдіретін тайым сөздер: Түнде суға барма.

Салт-дәстүрге қатысты тайым сөздер: Үлкеннің алдын кеспе.

1. Үлкеннің алдын кеспе. 2. Жағыңды таянба. 3. Суға түкірме. 4. Тізеңді құшақтама. 5. Бүйіріңді таянба. 6. Түнде суға барма. 7. Малды басқа ұрма. 8. Қу таяқ таянба. 9. Шашыңды жайма. 10. Сырт киімді желбегей жамылма. 11. Босағаны керме. 12. Саусағыңды шошайтпа. 13. Күлді баспа. 14. Таңдайыңды қақпа. 15. Табалдырықты баспа. 16. Ошақтағы отты өшірме. 17. Кір суды баспа. 18. аяқ киімді төрге шығарма. 19. Бас киімді жерге тастама. 20. Беи-аузыңды қисаңдатпа. 21. Тіліңді шығарма. 22. Ерніңді шығарма. 23. Үлкеннің сөзін бөлме. 24. Көкті жұлма. 25. Көкті баспа. 26. Айға қолыңды шошайтпа. 27. Асты аттама. 28. Нанды баспа. 29. Басыңды шайқама. 30. Киімді теріс киме. 31. Отқа түкірме. 32. Кісіні аттама.
5-жаттығу. Ауыздағымен алысқан тор төбел де ыршып кетті. Дала сырына қанық қу бала Еркебұланмен қатарласа беріп:

- Қасқыр шоқаққа салыңыз... Сонда ат дүбірі естілмейтін болады, - деді.

Бұлар жолдан бір шақырым алыстамай-ақ қуғыншылар қала жолымен ағып өтіп кетті. Содан кейін қуғыншылар да, қашқындар да бірінен-бірі адасып қалды.

Ана белдің астында деген қыстауды Қайсар әлі таба алмай келеді. Улыкөл де жоқ, Қисық там да жоқ. Түн қараңғылығы қоюлана түсті. Қалай кетіп барады, бет алыстары қай жақ, оны екеуі де біле алмай келеді. Қайсар адасқанын сезінген сайын қысылып, қысылған сайын тақымын да қысынқырап қоятын сияқты. Меңіреу дала бір жұлдыз жылт етпей қойды.



  • Аға, мен адастым.

  • Ештеңе етпес. Таң атқанша бір елге кездесерміз. Енді қасқыр шоқағынды қойып, сары аяңмен отырайық. Әйтпесе, жапан түзге шығып кетерміз... Мына торы ат сол жағына қарай ығыса береді. Осының еркіне жіберсек, бір ауылға апармас па екен?

Қосарлана шапқан ат дүбірі қақ жолға түскен соң тіпті айқындалып келеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет