Алматы қаласындағы
№12 мектеп- гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы Канидолла Ақжанның
қазақ тілінен сын жұмысына арнаған дәптері
Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2- сыныптарда кіші жол дәптерлеріне, ал 3- сыныптың ІІ жарты жылдығынан және 4-сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3- сыныптың І тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн.
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
Жазуы ұқыпты;
1, 2 және 3- сыныптың І жарты жылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады;
3- сыныптың ІІ жарты жылдығынан және 4- сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
Күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.
Сынып жұмысы. Сынып жұмысы.
Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
3- сыныптың ІІІ тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады, реті жазылады. Мысалы: 15- жаттығу;
Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала бақа барыс
Сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
Мәтін азат жолдан басталады;
Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
Талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
Ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;
Достарыңызбен бөлісу: |