Ашу және жазуға үйретудің


Сабақтағы өзіндік жұмысқа берілетін уақыт мөлшерінің нормалары



бет98/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Сабақтағы өзіндік жұмысқа берілетін уақыт мөлшерінің нормалары





Сыныбы

1 жарты жылдық, мин.

2 жарты жылдық, мин.

1

5-10

10-15

2

6-12

12-17

3

8-15

14-18

4

15-20

19-25

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда нұсқауларға маңызды роль жүктеледі: сілтемелер, алгоритмдер, кестелер, дайын үлгілер, жаттығуды орындау тәсілдері т.б. Бұларды үлестірмелі материалдарға жатқызады. Мысалы, есепті шешу алгоритімін келтірейік:

      1. Есеп шартын оқы.

      2. Түсінбесең, тағы оқы.

      3. Есеп шартын және есеп сұрағын қайтала.

      4. Есеп шартынан не белгілі, нені табу керек?

      5. Басында нені табу керек? 6.Содан кейін нені табу керек?

  1. Есепті шешу жоспарын құрастыр.

  2. Есепті шығар.

  3. Шешімін тап.

  4. Шешу жолын және жауабын тексер.

Өзіндік жұмысты орындауға баланың қызығушылығы тапсырма тез, қатесіз орындалса, арта түседі, ол мұғалім нұсқауларының сапасымен тікелей байланысты. Сондықтан да, әр өзіндік тапсырмаға мұғалім үлестірмелі материалдарды алдын-ала дайындап қоюы қажет.

Ұсынылып отырған өзіндік жұмыс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне бағытталған. Оқушының өз бетімен әрекет етуіне, ойлануына, дұрыс сөйлем құрауына, сауатты жазуына, грамматикалық білім дағдыларын жетілдіруге . шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Өзіндік жұмыстар мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес, баланың ойына, қабілетіне әсер ететіндей, жас ерекшеліктеріне бейімделіп құрастырылған.

Ондағы жұмбақты шеш, сөз құрастыр, мақалды жалғастыр сияқты тапсырмалар, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеуге, мазмұндама, көркем шығарма жазып үйренуіне көмектеседі. Ана тілінде таза, сауатты, көркем сөйлеуге қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет