Қасымова Ә.Ә.,Оспанов Е. А. оқытушылар $$$umkd year$2013



бет9/12
Дата31.12.2019
өлшемі1,62 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


1-тапсырма. Көп нүктенің орнына туынды сын есімді қойыңыз.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет ..... немесе .....тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі ..... мөрлік тақша. Процессор микросхема ретінде ұсынылған .... жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына .... есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның .....жиілігімен анықталады. Пәрмендерді пайдаланатын .... және .... үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді.


Туынды сөздер
Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:

  1. шы, - ші: бағдарламашы, күзетші

  2. шылық, -шілік: адамшылық, малшылдық

  3. лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас, бауырлас

  4. лақ, -лек, -дық, -дік, -тық, -тік: орындық, түндік

  5. хана: асхана, дәріхана


Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

  1. -м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім.

  2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе.

  3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы.

  4. -с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс.

  5. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік.

  6. -ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.

  7. -н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін.

  8. -у: сабау, жамау, көсеу.

  9. -ынды, -інді: шайынды, үйінді.

10.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.

  1. -уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш.

  2. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұңқыр.


Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

  1. лы, -лі, -ды, -ді: таулы, күшті

  2. дай, дей, -тай, -тей: қыздай, сүттей

  3. лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: компьютерлік, инженерлік

  4. сыз, -сіз: сусыз, бұлтсыз

  5. қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы, қысқы


2-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш,

-шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз.

Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз, сату, бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста.


3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Физикалық құрылғылар, сызбалық бейімдеуіш, сандық ақпарат, арифметикалық амалдар, орталық пошта, электрондық пошта, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, стратегиялық шешім, жүйелік қорап, аналық тақшаға, оперативті жады, ақпараттық технологиялар, жергілікті өнімдер, білікті мамандар, өмірлік тәжірибе, бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар, құрамдас бөліктер.


4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютер и человек. Компьютеры очень быстро совершенствуются. Но и самый мощный компьютер – всего лишь устройство, которое помогает человеку. Как в своё время помогал абак. А главный вопрос – что делать в жизни – человек решает сам, своим умом, своим сердцем.

* * *

Назар аудараңыз.

1876 жылы Александр Грейам Белл телефон ойлап тапты.



Алғашқы телевизиялық картиналарды 1924 жылы Джон Лоджи Бэйрд құрған, дегенмен тиімдірек электрондық жүйе Би-би-Сидің 1960 жылы алғаш рет телевизияның шығуы үшін қолданылды.


1940 жылы Иоганн Гутенборг сөздерді қағазға түсіру үшін ыңғайластыра орналастырылған әріптерді қолдана отырып, қағаз беттеріне із қалдыратын бұрандалы пресс ойлап тапты. Баспа пайда болғаннан бастап, кітаптар арзандатылды. Сонымен қатар дұрыс жазу мен тыныс белгілерінің стандарттары шықты.
&&&

$$$003-013-002$3.3.13.2 №13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Аналық тақша дегеніміз не?

2. Компьютердің құрамдас бөліктерін атаңыз?

3. Оперативті жадының көлемі немен өлшенеді?

4. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы немен байланысты ?

&&&


$$$003-014-000$3.3.14 Практикалық сабақ №14

Компьютер дискілері. Жалғаулардың түрлері.

&&&

$$$003-014-001$3.3.14.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14



Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.



Әдістемелік нұсқау

Компьютер дискілері
Оперативті жады ішкі жады болып саналады да, сыртқы жадыға мысал бола алатын тұрғылықты диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер өшірілгеннен кейін де ақпарат сыртқы жадыда сақталады.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады. Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ сұр түсті кабель немесе «желек» (шлейф) және қоректену кабелі (жіңішкерек болады). Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады. Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы (1.7-сурет).

Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады. Компьютерді сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы жолдарында (оперативті жады көлемі және процессордың жылдамдығымен қатар) келтірілгенін көресіздер. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады. Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды (1.8-сурет). Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді. CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді (1.9-сурет). CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыяды. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады.

Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4Гбайтқа дейін ақпарат сыяды. 




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

құрамдас тұрғылықты дискілер – составные жесткие диски

алмалы дискілер – гибкие диски

мәліметтер кабелі – кабели данных

қоректену кабелі – питательный кабель

ауыспалы тасымалдаушылар – сменные носители




физикалық құрылғылар – физические устройства

ықшам дискілер – компакт диски

оперативті жады көлемі – объем оперативной памяти

процессордың жылдамдығы – скорость процессора

арнайы құрылғылар – специальные устройства




1-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Жалғаулардың түрлері (тәуелдік, көптік, жіктік, септік)
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б.

Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.


Жекеше түрі

Көпше түрі

І жақ -м, -ым, -ім

ІІ жақ -ң, -ың, -ің

ІІ жақ -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і



І жақ -мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ -тарың, -терің,-дарың, -дерің, -ларың, -лерің

ІІ жақ -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і


Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып екіге бөлінеді.

Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.

Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі.

Мысалы:



Оңаша тәуелдену:

Ортақ тәуелдену:

Менің компьютер-ім, телефон-ым.

Сенің компьютер-ің. телефон -ың.

Сіздің компьютер-іңіз, телефон-ыңыз.

Оның компьютер, телефон -ы.



Біздің компьютер-іміз, телефон -ымыз.

Сендердің компьютер-лерің, телефон -дарың.

Сіздердің компьютер-леріңіз, телефон -дарыңыз.

Олардың компьютер-і, телефон -ы.


Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады.

Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.

Мысалы:


Есім сөздің жіктелуі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен кәсіпкермін

Біз кәсіпкерміз

ІІ

ІІ


Сен кәсіпкерсің

Сіз кәсіпкерсіз



Сендер кәсіпкерсіңдер

Сіздер кәсіпкерсіздер



ІІІ

Ол кәсіпкер

Олар кәсіпкерлер

Етістіктің жіктелуі:




Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен сөндіремін

Біз сөндіреміз

ІІ

Сен сөндіресің

Сіз сөндіресіз



Сендер сөндіресіңдер

Сіздер сөндіресіздер



ІІІ

Ол сөндіреді

Олар сөндіреді

Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:

Атау. Кім? Не?

Ілік. Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс. Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, -қа, -ке, -ге, -на, -не

Табыс. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

Жатыс. Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, та, -те, -нда, -нде

Шығыс. Кімнен? Неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен

Көмектес. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.
Мысалы:

Жай септелу

Тәуелді септелу

А. Компьютер

І. Компьютер-дің

Б. Компьютер-ге

Т. Компьютер-ді

Ж. Компьютер-де

Ш. Компьютер-ден

К. Компьютер-мен


А. Компьютер-ім

І. Компьютер-ім-нің

Б. Компьютер-ім-е

Т. Компьютер-ім-ді

Ж. Компьютер-ім-де

Ш. Компьютер-ім-нен

К. Компьютер-ім-мен



2-тапсырма. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғап сөйлем құраңыз.

Бастық, компьютер, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбекақы, уақыт.



3-тапсырма. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Менің жұмысымның ....

Сіздің уақытыңыз.....

Сіздің көмекшілеріңіз....

Біздің Республикамызда....

Сендердің мамандықтарың...

Сіздердің компьютерлеріңіз...

Олардың табыстары.....


4-тапсырма. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар.

Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... . Біз сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... . Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым.... . Сіздер саясаткер..... Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... .


5-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.


Есте сақтаңыз.

В казахском языке суффиксы -тағы, -тегі, -дағы, -дегі присоединяются к именам существительным, образуя имена прилагательные находящихся в местном падеже, и переводятся как «тот, который находится», «тот, который принадлежит»: компьютердегі файлдар (файлы, которые на компьютерах), менің папкамдағы фаилдар (файлы, которые на мойх папках), компьютер үстеліндегі флешка (флешка, которая лежит на компьютерном столе) и т.д.


6-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Студент, который сидит за тобой, знает все устройства компьютера. Почта, которая находится на улице Богенбая батыра, сегодня не работает. Цветы, которые стоят на окне, очень красивые. Малчики, которые сидят возле дома, рассказывают об устройстве компьютерной сети. Компьютерный клуб, который находится напротив гостиницы, не очень большой. Пункт обмена валюты, находящийся возле базара, сейчас закрыт.Техника, которая продается в магазине «Планета электроники» очень дорогие.



7-тапсырма. -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтарымен келетін сөз тіркестерін құрыңыз.

&&&


$$$003-014-002$3.3.14.2 №14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Диск жетектері дегеніміз не?

  2. Ішкі диск жетектеріне қандай кабельдер жалғанады ?

  3. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы қандай болады ?

&&&

$$$003-015-000$3.3.15 Практикалық сабақ №15

Дыбыстық тақша. Шылау. Септеулік шылау. Демеулік шылау. Жалғаулық шылау. Көмекші есімдер.

&&&

$$$003-015-001$3.3.15.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15



Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



Әдістемелік нұсқау

Дыбыстық тақша

Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады. Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді (1.10-сурет).




Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі. Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар (1.11-сурет). «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді. Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді (1.12-сурет). Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар; ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

бейне және дыбыстық ақпарат – видео и звуковая информация

жұмыс істеуге қабілетті – способный работать

компьютерлер желісі – сеть компьютеров

қосуға мүмкіндік беретін – возможно соеденить

құрамдас құрылғылар – составные устройства

қосымша құрылғылар – дополнительные устройства

жоғары сапалы дыбыс тудыруға – образование высококачественных звуков

кеңейтілген мүмкіндіктері – расширенные возможности


компьютерлік ойындар – компьютерные игры

қазіргі заманғы бағдарламалар – современные программы

бейнетақша – видеоплата

кескіндерді сақтау үшін – чтобы сохранить фигуры

меншікті оперативті жады – собственная оперативная память

бейнежады – видеопамять

компьютер кескіндері –компьютерные фигуры

бейнероликтер – видеоролики

бейнелейді – изображает

сымсыз желілер – безпроводные сети






Шылау. Септеулік шылау. Демеулік шылау. Жалғаулық шылау. Көмекші есімдер.
Шылау – сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы. Шылаулардың үш түрі бар. Олар: септеулік шылау, демеулік шылау, жалғаулық шылау.

Септеулік шылау – белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра байланыстырады. Септеулік шылауларға мыналар жатады: туралы, сияқты, үшін, сайын, дейін, қарай, тарта, жуық, кейін, соң, әрі, гөрі, бері, бірге, қабат, қатар, т.б.

Демеулік шылау – сөздерді байланыстырмайды. Тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. Демеулік шылаулардың төмендегідей түрлері бар:

Сұраулық: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.

Күшейткіш: -ақ, -ау, -ай, да, де, та,те.

Белгісіздік: -ау, -мыс, -міс, кейде.

Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ.

Шектік: ғана, тек, кейде, -ақ.

Нақтылау: -ды, -ді, -ты, -ті, ғой.

Жалғаулық шылау – сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылау төмендегідей бөлінеді:

Ыңғайластық: және, әрі, да, де, ма, ме, т.б.

Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, т.б.

Себеп-салдар: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, т.б.

Талғаулықты: не, немесе, я, я (не) болмаса, яки, т.б.

Кезектес: кейде, бірде, біресе.

Шартты: егер, егер де.

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір зат есім сөздің легінде қолданылатын зат есімдер көмекші есімдер деп аталады. Масалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны терең сай)

Әдетте көмекші есімдер тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

1-тапсырма. Көмекші сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрастырыңыз.

2-тапсырма. Төменгі сөйлемдерден шылауларды анықтаңыз.

Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін бірнеше құрылғылар бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады. Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.


3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден жалғаулық шылауларды анықтаңыз.

  1. Салтанат «Әсем тұрмыс» үйіне барды да компьютерін жөндетіп әкелді. 2. Мен саған интернеттен хат жаздым, бірақ сен маған жауап қайтармадың. 3. Марат компьютерде отырып біресе мәтін тереді, біресе агенттегі достарының сұрақтарына жауап береді. 4. Ксения компьютерде мәтінді баяу тереді, себебі ол қазақша әріптерді енді үйреніп жүр. Егер компьютер бағдарламаларын жақсы білсем, болашақта бағдарламашы боламын.


4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден шылау түрлерін анықтаңыз.

  1. Мынау менің ұялы телефоным ғой. 2. Менің досым жапондық көліктерді жақсы көреді, әсіресе Toyota, Lexus маркілерін. 3. Сендер бүгін «Электроника әлемі» дүкеніне барасыңдар ма? 4. Информатика сабағында Блез Паскаль туралы көп білдім. 5. С.А. Лебедев өмірінің соңына дейін ғылыми кадрлар даярлап, жеке үлгісімен жастарды тәрбиелейді. 6. Билла Гейтстің басқаруымен, Microsoft ақпараттық технологиялар мен өнімдер шығару бойынша үнемі даму үстінде келеді. 7. «Файлдың аты» жолын басқаннан соң, атыңызды жазыңыз. 8.Екі жүз жылдан кейін 1820 жылы француз Шарль Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын арифмометр ойлап шығарған. 9.Оның  уақытының  маңызды  бөлігі  клиенттермен  кездесуге және электрондық пошта арқылы бүкіләлемдік Microsoft әріптестерімен пікір алмасуға арналған. 10.  бас әріптер режімін бекіту үшін қолданылады. 11. Енді Әлия компьютерден басқа байланыс жасай алмайды. 12. Компьютер сатып алмастан бұрын, не үшін пайдаланатыныңызды шешіп алыңыз.

* * *


Азамат

Бірде жиренше серіктерімен алыс жолдан келе жатады. Ауылына жақындағанда жолдастарының бірі:

- Жиренше, үйіңде ұлың бар ма? – дегенде,

- Е, болғанда қандай! Жігіт болған азаматым бар, - дейді.

Осы кезде төрт жасар бала кісілердің алдынан жүгіріп шығады.

Мұны көрген жолдастары:

- Е, немерең де бар екен ғой, - деседі. Сонда Жиренше тұрып:

- Үлкені де осы, кішісі де осы, - депті. Мұнысына жолдастары:

- Әй, Жиренше-ай, осыны да азаматым бар деп, әлдеқандай етіп айтасың-ау, - деді көңілдері толмай.

Сол сәтте Жиренше қолындағы қамшысын тастай салып, ұлына алып бер депті. Ұлы еңкейіп қамшыны әкесіне алып береді. Сонда шешен жанындағыларына қарап:

- Міне, азамат деген осы емес пе? Егер бұл балам болмаса, қамшымды кім алып берер еді?

&&&


$$$003-015-002$3.3.15.2 №15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін қандай құрылғылар бар ?

  2. Дыбыстық тақшаның қызметі қандай ?

  3. Желілік тақшалардың қандай түрлері бар ?

&&&

$$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі

Бақылау жұмысының мақсаты студенттердің оқу материалдарын өздігінен алған білімдерін тексеру мен бекіту, сонымен қатар тәжірибеде қолдана алу дағдысын айқандау болып табылады.

Студент 1 бақылау жұмысын жазу керек. Ол бақылау жұмысы 2 теориялық сұрақ пен 6 тәжірибелік тапсырмадан тұрады. Бақылау жұмысы 10 нұсқадан құралған. Нұсқа сынақ кітапшасының соңғы нөмірінен алынады.

Бақылау жұмысыны орындау кезінде мынадай талаптарды негізге алу керек:



  1. Барлық тапсырмалар толық орындалмаған бақылау жұмыстары саналмайды.

  2. Титулдық бетте оқу орнының атауы, кафедраның атауы, пән аты, фамилия, аты, әкесінің аты, нұсқа нөмірі, топ нөмірі көрсетілуі міндетті.

  3. 3-7 тапсырмалар көмпьютерде орындалып, А4 бетіне толықтай сипаттамасымен басылған күйде болу керек.

  4. Бақылау жұмысы А4 бетінде орындалу керек немесе дәптерде орындалса, онда теориялық сұрақ қолмен жазылып, ал 3-7 тапсырмалар компьютерде орындалуы керек.

Бұл талаптарға сәйкес келмеген бақылау жұмысы қайтарылып беріледі.

&&&


$$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма

Тапсырма 1.

Порттар

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар. Оларға әдетте кабель арқылы әртүрлі құрылғылар қосылады (1.13-сурет). Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.



Көптеген пернелердің бетінде екі-төрт таңба бейнеленген. Пернені қажетті нышанды енгізуге қолдану үшін басқару пернелері пайдаланылады. , , пернелері әдетте қандай да бір әрекетті орындамайды, олар басқа пернелердің міндетін өзгертуге арналған немесе өзге пернелермен бірге қолданылады. Мысалы, пернесі бас әріптерді жазу үшін, ал <сол жақ Alt> және > немесе және пернелерін тіркесімі – пернетақта тілін өзгерту үшін пайдаланылады.  бас әріптер режімін бекіту үшін қолданылады ( пернесін пайдалану қажет емес). пернесін қайталап басып, бас әріптер енгізу режімін болдырмай тастауға болады.



(енгізу) – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады. (болдырмау) – әрекетті немесе амалды болдырмау, сұхбат терезесін немесе мәтінмәндік терезені жабу үшін қолданылады.

Бос орын пернесі – пернетақтаның төменгі жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады. Түзету пернелері – , , – Enter пернесінің үстінде орналасқан бағдаршалы перне. Ол жүгіргінің сол жағында тұрған нышаны жояды. – жүгіргінің үстінде немесе оның оң жағында тұрған нышаны жояды. – нышандарды енгізу режімдерін ауыстыруға арналған («қою» және «алмастыру» режімдері, үнсіз келісім бойынша «қою» режімі жұмыс істейді). Жүгіргіні басқару пернелері <←>, <→ >, <↓ >, <↑ > жүгіргіні бейне бет бойымен өзіне сәйкес бағытта жылжытады. Жүгіргіні басқару пернелеріне, сондай-ақ



Оспанов ербол амангазович
Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Сөзжасам (словообразование)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет