Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасы
Астана қаласы №48 мектеп-лицей
АҚПАРАТ ХАТ
Қадірлі әріптестер!
2017 жылдың 8-9 желтоқсанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының өтетінін хабарлайды
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімінің мәселелері
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ әдебиетінің мәселелері
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақстан тарихы
Ахмет Байтұрсынұлы және түркітану мәселелері
Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық педагогика, оқыту әдістемесі
Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.
Мақала 2016 жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге. Есеп шоты: 4402 5735 3977 7708 (халық банк). ИИН 670504300018
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылады. Мақаланың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, ағылшынша, орыс және басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.
Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:
E:mail: baytursynov17@mail.ru
Астана қаласы, Қажымұқан, 11.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасы (ОЗҒ 201).
Жауапты қабылдаушылар: Бекжан Әбдуәлиұлы 8 771 253 59 59
Шоқабаева Салтанат 8 777 161 29 66
Ұйымдастыру комитеті
Достарыңызбен бөлісу: |