Астана қаласы білім департаменті №61 орта мектеп 4 «Ә» сынып оқушысы



бет1/3
Дата12.03.2018
өлшемі232,59 Kb.
#39027
  1   2   3
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

61 ОРТА МЕКТЕП




4 «Ә» сынып оқушысы:
Махтаева Арайлым Қанатқызы.

«Логикалық ойды дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы»

Секция: Математика


Жетекшісі: №61 орта мектебінің педагог-психолог және бастауыш сынып мұғалімі

Садыкова Нұрқия Тоқжанқызы

Астана – 2009


МАЗМҰНЫ

Аннотация............................................................................................................3-4



КІРІСПЕ................................................................................................................5-6
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1-бөлім:

Логикалық ойлау дегеніміз не?.......................................................................7

Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығу жұмыстары............................................................................................................8-9
2-бөлім:

Балаларға арналған қызықты тапсырмалар, ойындар..............................................................................................................10-11


3-бөлім:

Бас қатырғы есептер жиынтығы.................................................................12-13


Қорытынды..........................................................................................................14
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................1 5

Аннотация
Бұл ғылыми жұмыста балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған түрлі есептер мен тапсырмалар жиынтығы көрсетілген

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға арналған түрлі жаттығу жұмыстарын құрастыру.

Болжамы.

Осындай жаттығулармен тапсырмаларды оқушыларға ұсынсақ оларды өмірде немесе сабақ барысында қолдансақ баланың логикалық ойлауының тез жетіліп дамуын бақылауға болады

Болжамдар жасалды:

- Баланың логикалық ойлауы тез жетіледі;

- Қызыға жұмысқа кіріседі;

- Бала бойында өзіне деген сенімділік пайда болады..



Жұмыстың кезеңдері.

1. Тақырыпқа қатысты ақпараттар жинақталып, жүйеленді.

2. Жинақталған есептер іріктелді, жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып, жоспар құрылды.

3. Жұмыс жазылып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды.



Әдістері

Жұмыста зерттеу, талдау, салыстыру және жинақтау, белгісіз фигураны табу, құрастыру, сандардың ретін табу, оқушылар арасында сауалнамалар, сұхбаттар алынды түрлі қызықты ойын әдістері қолданылады.



Жаңалығы

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға арналған түрлі жаттығу жұмыстарын құрастыру.



Нәтиже

- Баланың зейіні тұрақтанады;

- Қызығып , өз бетімен жұмыс жүргізеді;

- Баланың белсенділігі артады;

- Өз ойын еркін жеткізіп, өз еркімен шешім қабылдай алады.

Қорытынды:

- Баланың ойлау қасиеті арта түседі

- Әр түрлі амалдарды және жаттығуларды орындау арқылы оқушының бойында төзімділік, табандылық қасиеттері оянып қызығушылығы артады

- Қазақша логикалық жаттығулар жиынтығын құрастыру.

Қолданылуы:


  • 12 –жылдық оқу бағдарламасы бойынша шығарылатын танымдық оқулықтарына осындай жаттығу түрлерін енгізсе баланың танымдылығы артады.

  • Зерттеу барысында табылған мағлұматтарды құрастыра отырып, «Ойнайықта, ойлайық » атты жинақ жазылып шықты.


КІРІСПЕ

Оқу тәрбие яғни сабақ барысында мұғалім бізге түрлі логикалық есптермен жаттығу жұмыстарын көрсетіп және оны бірлесіп шешеуге көптеген тапсырмалар береді.

Бірақ біз өздігімізден дүкеннен немесе басқада кітапханалардан оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіруге арналған жұмыстарды таба алмаймыз. Себебі бұндай тапсырмалардың көбі жоқтың қасы. Кездескенмен олар орыс тілінде болады. Оны оқып, үйрену үшін сен орысшадан қазақ тіліне аударып , есептердің жауабын табуға болады. Осындай қиындықтардан кейін мен өзім балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған қазақша жаттығу жұмыстарын жинастырып, оны құрастыруға тырыстым.

Ғылыми жоба өзектілігі.

Қарапайым жаттығу жұмыстарымен оқушылардың логикалық ойын дамытуға болатынын дәлелдеу. Оқушыларға қызықты болу үшін ең тиімді жағын ұсынудамын. Зерттеу жұмысымда берілген өрнектерді қарапайымнан күрделіге деген түсінікпен шығару жолын ұсынудамын. Жұмыста берілген тапсырмаларым бойынша баланың логикасы артуда.

* «Жасырлыған үй жануарлары» атты ойыннан оқушы өзінің назарын аудара мұқият қарап, он үй жануарын тауып оқу керек.

* «Перамиданың төбесіне түсетін ең жеңіл жол» Оқушы осы тапсырманы орындауда жоғарыдан төменге түсетін кезде сандардың реті қайталанбайтын жолды тауып түсу керек

* «Көрсетілген пирамиданың төбесінен қарағанда қай түрі сәйкес келеді?Егерде тапсаң салынған дөңгелекшелерді әдемілеп бояп шық.

Көк түс қызылмен сарының ортасында. Сары- жасылмен көктің ортасында.Қызыл қоңырмен көктің ортасында.»



* Мына фигура көрсетілген жерден бүктелсе ,төмендегі фигуралардың қайсысы пайда болған

* «Шеңбердің ішіндегі сандарды сағат тілімен қосу арқылы

келесі тор көздің санын табуға болады.»

* «Торкөздің ішінде қай тұсқа көрсетілген бағыт түсіп қалған?»



* Біртаңбалы сандарды 1,2,3,4,5,6 сандарын үш бұрышты жұлдызшалардың ішіне орналастыр. Әр бұрышының қосындысы 12 шығу керек.
Менің ғылыми жобамда Оқушының логикалық ойлауын дамытуға арналған түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы назарына ұсыну. Жоғарыда аталған жұмыс түрлері, орындалу ерекшеліктері ғылыми жобамыздың өзектілігі болып табылады.
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Лоикалық ойды дамыту көп аспектілі, мазмұны кең, көп салалы жұмыс. Бұл тақырыпты зерттеу ертеден қолға алынғаны белгілі. Осындай тақырыптар математика, алгебра т.б. көптеген ғылымдар тұрғысынан қарастыру жұмыстары алға қойылған. Әртүрлі ғылымдар жүйесінде есептердің орындау ережелері туралы көптеген қызықты және терең мағлұматтар жинақталды. Сондай еңбектердің нәтижесінде қазір оқырмандар мен мамандардың қолдарында жаттығулардың

қызықты және тиімді тәсілмен орындалудың қомақты қоры бар. Бұл математика сабағына деген зерттеушілердің ынтасын арттыратын жақсы негіз болып отыр.

Ендігі зерттеу бағыты мағлұматтарды жинақтау және сұрыптаудан гөрі, жаттығуларды кешенді түрде талдаумен байланысты болады

«логикалық ойды дамыту» тақырыбы бойынша бірнеше қызықты мысалдар келтірудеміз. Ал осы мәселе

біртұтас зерттелген жоқ. Бұл – зерттеушілердің көздерінен таса қалған

тақырып.



Біздің зерттеу мақсатымыз: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға арналған түрлі жаттығу жұмыстарын құрастыру.

Мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

* Оқушы қызықтап қарайды.

* Логикалық ойы дамиды

* Баланың белсенділігі артады

* Қазақ тілді тапсырмалар көбейеді

Зерттеу бөлімі:

Логикалық ойлау дегеніміз не?

Кейбір деректерге сүйеніп, бала бойындағы логикалық ойлау дегеніміз баланың бойындағы таным процестерін жетілдіру, дамыту болып табылады. Таным процестеріне жататындар: Ойлауы, зейіні танымдылығы, қиялын дамыту дегенді білдіреді.

Бала бойындағы таным процестерін дамтықанда , немесе олар жұмыс істегенде ғана баланың толыққанды ойы дамып , ол жетілу дәрежесіне жетеді деп ойлаймын



Болашақта логикалық ойы дамыған оқушыны көз алдыма осындай тұрғыда елестетемін.[1]













Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығу жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет