Ы.Дүкенұлы көшесі
Бұрынғы атауы – Дружба көшесі. Ы.Дүкенұлы көшесі Бейбітшілік көшесінен басталып, И.Панфилов көшесінде аяқталады. М.Әуезов, Республика даңғылын, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1683,2 м.
Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – күйші-қобызшы, композитор. Ол толғаған «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «Ықылас», «Жезкиік», «Аққу», «Бестөре» – азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеуметтік мәні бар күйлер. Оның Сүгір, Ашай, Әйкен деген шәкірттері болған.
Ынталы көшесі
Бұрынғы атауы – Магнитогорский көшесі. Ынталы көшесі Ақшағыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 250,7 м.
Ынталы – «ықылас-ынтасы зор, талапты» деген мағынаны білдіреді. Қазақстандағы көптеген елді мекендердің атауы.
Ынтымақ көшесі
Бұрынғы атауы – Паровозный көшесі. Ынтымақ көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 447,7 м.
Ынтымақ – «береке-бірлік, ұйымшылдық, татулық» деген мағынаны береді. Елімізде Ынтымақ атты елді мекендер көп кездеседі.
Ырғыз көшесі
Бұрынғы атауы – №18 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ырғыз көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 595,3 м.
Ырғыз – Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысындағы аудан.
Достарыңызбен бөлісу: |