А.Чехов қысқа көшесі
А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 85,2 м.
Антон Павлович Чехов (1860-1904) – орыс жазушысы. Шығармашылық жұмысын фельетон және әзіл-оспақ, қысқа әңгімелер ретінде бастады.
Абай қысқа көшесі
Абай қысқа көшесі С.Кубрин көшесінен басталып, С.Сейфуллин көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 402,5 м.
Абыралы орамы
Бұрынғы атауы – С.Лазо қысқа көшесі. Абыралы орамы Л.Толстой көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 327,1 м.
Абыралы – Сарыарқаның шығыс бөлігінде, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы аумағында орналасқан тау жоталары. Бұрынғы атом полигоны осы атыраптың Дегелең сілемінде орын тепкен.
Айдын орамы
Бұрынғы атауы – Депутатский қысқа көшесі. Айдын орамы Ақан сері көшесінен басталып, Сүмбе орамында аяқталады. Қарталы, Рауан көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 687,1 м.
Айдын – жайылып жатқан су алабы.
Ақбастау орамы
Бұрынғы атауы – Братский қысқа көшесі. Ақбастау орамы Алқатерек орамынан басталып, Қоянды орамында аяқталады. Ұзындығы – 117,6 м.
Ақбастау сынтастары – қола дәуірінің ғұрыптық мақсатта пайдаланылған тас ескерткіштері. Қарағанды облысы, Ақбастау өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Ақберен орамы
Бұрынғы атауы - №21 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақберен орамы Қарқабат көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 165,5 м.
Ақберен – мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін ежелгі атауы. «Берен» сөзі тілімізде «асыл, болат» деген мағынаны білдіреді.
Ақкент орамы
Бұрынғы атауы – В.Жуковский қысқа көшесі. Ақкент орамы А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,6 м.
Ақкент – Алматы облысы, Панфилов ауданындағы ауыл.
Ақкөл орамы
Бұрынғы атауы - №11 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақкөл орамы Таскескен көшесінен басталып, Құмкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 202,4 м.
Республикамыздағы бірнеше елді мекендердің атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |