Шымбұлақ қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №3 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Шымбұлақ қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 257,3 м.
Шымбұлақ – Алматыдан 25 шақырым жерде, Кіші Алматы шатқалының көркем жерлерінің бірінде орналасқан спорт кешені.
Шымкент қысқа көшесі
Шымкент қысқа көшесі Абай даңғылынан басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ә.Әлімжанов, Т.Бигелдинов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 350,8 м.
Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қалалардың бірі. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Шымкент (түркіше «шым» - алқап, қойнау және иранша «кент» - елді мекен) – «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді.
Шыңтас орамы
Бұрынғы атауы – Ф.Кривогуз қысқа көшесі. Шыңтас орамы Ф.Кривогуз көшесінен басталып, Қарасай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 936,2 м.
Шыңтас – Алматы облысындағы жер атауы.
Шырайлы орамы
Бұрынғы атауы - №15 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Шырайлы орамы Таскескен көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 201,2 м.
Шырайлы – «көрікті, келбетті, реңді» деген мағынаны білдіреді.
Шыршық орамы
Бұрынғы атауы – Тепловозный қысқа көшесі. Шыршық орамы Сүмбе орамынан басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Қашаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 241,9 м.
Шыршық каналы – Өзбекстан мен Қазақстан мемлекетаралық жер суару жүйесіне жатады.
Шідерті орамы
Бұрынғы атауы – Г.Димитров қысқа көшесі. Шідерті орамы Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, С.Разин көшесінде аяқталады. Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 332,3 м.
Шідерті – Қарағанды облысындағы өзен.
Достарыңызбен бөлісу: |