Армандастар көшесі
Бұрынғы атауы – Молодежный. «Интернациональный» тұрғын алабы. Армандастар көшесі Қарағанды-Астана трассасынан басталып, Мереке көшесінде аяқталады. Нұрлыжол көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 745,5 м.
Армандастар – көкейіндегі ізгі ниеті, болашақтан күтер үміті, алға қойған мақсаты бір, ортақ адамдар. Осыған байланысты «Армандастар» деген ән атауы бар.
Арна көшесі
Бұрынғы атауы – №36-15 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Арна көшесі Сұлутөр көшесімен қиылысып, Жылыой көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 376,9 м.
Арна – өзен аңғарының су ағатын бөлігі. Оқтын-оқтын немесе қысқа мерзімге құрғап қалатын өзен аңғарын «арна» деп атайды.
Арнасай көшесі
Бұрынғы атауы – Комсомольский көшесі. «Пригородный» тұрғын алабы. Арнасай көшесі Айнабұлақ көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Сарытоғай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,6 м.
Арнасай – елді мекеннің, өзеннің атауы. Екі сөздің бірігуінен құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |