Домбыралы көшесі
Бұрынғы атауы – Г.Димитров көшесі. Домбыралы көшесі С.Разин №1 қысқа көшесінен басталып, Ә.Ділманов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 506,4 м.
Домбыра – қазақ халқының екі шекті музыкалық аспабы. Домбыралы «домбырасы бар» деген мағынаны білдіреді.
Достық көшесі
Бұрынғы атауы – №2 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Достық көшесі Орынбор көшесінен басталып, Тұран даңғылында аяқталады. Қабанбай батыр даңғылын және Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2299,5 м.
Достық – дос адамға тән жақындастық, тілеулестік, ниеттестік, жора-жолдастық қарым-қатынас.
Бұл көшеде «Бәйтерек», ҚР Қорғаныс министрлігі, «Нұр-Астана» орталық мешіті орналасқан.
Дулыға көшесі
Бұрынғы атауы – Металлистер көшесі. Дулыға көшесі Нагорный көшесінен басталып, Ноғайлы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 931,7 м.
Дулыға – сарбаздардың ұрысқа кірерде бастарына киетін темір қалпағы. Түркі жауынгерлері дулығасының екі жағы мен артқы етегіне темір тор тағынатын болған.
ДЭУ-3 көшесі
ДЭУ-3 көшесі С.Қожанұлы көшесінен басталып, Лесной көшесінде аяқталады. Тұран даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 526,6 м.
Достарыңызбен бөлісу: |