К.Циолковский қысқа көшесі
К.Циолковский қысқа көшесі Минский қысқа көшесінен басталып, Севастополь қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 763 м.
Константин Эдуардович Циолковский (1857-1935) – осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған кеңес ғалымы.
Кәусар орамы
Бұрынғы атауы - №23 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Кәусар орамы Балбырауын көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,1 м.
Кәусар (араб. «көп», «мол», «үлкен», «көлемді») – «таза, тәтті, мөлдір» ұғымдарын білдіретін бейнелі сөз. Діни мағынасында – жаннаттағы қасиетті су. Құранда 3 аяттан тұратын Кәусар сүресі бар.
Келес орамы
Бұрынғы атауы - №31 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Келес орамы Қалба көшесінен басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 323,5 м.
Келес – Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара аудандары арқылы ағып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |