Көктөбе қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №4 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Көктөбе қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 433,1 м.
Көктөбе – төбе аты. Көк сөзі «заңғар биік» немесе «аспан» мағынасына сай келеді. Кейде Көктөбе деп төбенің түсіне де қарап айта берген. «Көк майсалы төбе» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елімізде бірнеше елді мекендер бар.
Көкшетау орамы
Көкшетау орамы Ақбидай көшесінен басталып, А.Матросов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 211,4 м.
Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан орманды, көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Сондай-ақ Көкшетау қаласы бар.
Күлтегін орамы
Бұрынғы атауы – Сенной қысқа көшесі. Күлтегін орамы И.Панфилов көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. М.Лермонтов, Сырдария, Ә.Әлімжанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 947 м.
Күлтегін (684-731) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, Құтлұғ қағанның кенже баласы. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты.
Күлтөбе орамы
Бұрынғы атауы – Районный қысқа көшесі. Күлтөбе орамы Абай даңғылынан басталып, Л.Толстой көшесінде аяқталады. Ж.Омаров, С.Сейфуллин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 619,1 м.
Күлтөбе – ортағасырлық бекініс орны. Қазақстанда Күлтөбе атты төбелер көп кездеседі Кейбірінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген.
Күршім орамы
Күршім орамы «Көктал» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 717,9 м.
Күршім – Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облысында Күршім атты аудан бар.
Қайрақты орамы
Бұрынғы атауы – Карьерный қысқа көшесі. Қайрақты орамы Арқарлы көшесінен басталып, Аққайың орамында аяқталады. Ұзындығы – 103,2 м.
Қайрақты – Есіл алабындағы өзен. Ақмола облысының Атбасар, Жақсы аудандары жерімен ағып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |