Споралы өсімдіктер. Жер бетінде тіршілік ететін ағзаларды үлкен екі
топқа: тұқымды және споралы деп бөледі. Споралы өсімдіктерге мыналар
жатады: мүктер, қырықбуындар, плаундар және қырықжапырақтар. Көбінесе
қырықбуындар, плаундар және қырықжапырақтарды
қырықжапырақтәрізділер тобына біріктіреді. Споралы өсімдіктердің ең
маңызды белгісі – спора түзуі. Споралар – көбеюге қабілетті, қолайсыз
жағдайлардан қорғайтын қалың қабықшамен қапталған, мамандандырылған
жасуша. Көптеген өсімдіктердің споралары ұзақ уақыт құрғақшылық пен
суыққа төзе алады. Олар ондаған және мыңдаған жылдар бойы тіршілік
қабілетін жоғалтпайды. Споралы өсімдіктер денесі әртүрлі ұлпалар мен
мүшелерден тұратын, алғаш рет жер бетінде тіршілік етуге бейімделген
жоғары сатыдағы өсімдіктер болып табылады. Құрлықта тіршілік етуге
бейімделген споралы өсімдіктер – көпжасушалы жасыл балдырлардың
тікелей ұрпағы.
1.
Өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ
A.
Спорофит
B.
Гаметофит
C.
Митоз
D.
Хромосома
E.
Ген
2.
Өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жынысты ұрпақ
A.
Спорофит
B.
Гаметофит
C.
Митоз
D.
Хромосома
E.
Ген
3.
Мүкте тамыр қызметін атқарады
A.
Өскінше
B.
Жіпше
C.
Ризоид
D.
Тамыр
E.
жапырақ
4.
Көбеюге қабілетті, қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қалың
қабықшамен қапталған, мамандандырылған жасуша
A.
Спора
B.
Ген
C.
Мейоз
D.
Гамета
E.
Хромосома
Тұқымды өсімдіктер. Тұқымды өсімдіктер ашықтұқымдылар
(қылқанжапырақтылар) және жабықтұқымдылар (гүлді өсімдіктер) деп екі
үлкен топқа бөлінеді. Тұқымды өсімдіктердің споралы өсімдіктерден
айырмашылығы – спора түзбейді, олардың көбею мүшелері көпжасушалы
тұқым болып табылады. Тұқымды өсімдіктерде гаметофит және спорофит
кезеңдері болмайды. Яғни қырықжапырақтәрізділердегі сияқты жеке өсетін
өскін кезеңі және мүктерден қоректік заттарды соратын «паразитті
қауашағы» болмайды. Себебі, споралар мен гаметофиттердің гаплоидты
кезеңдері бүрлердің немесе гүлдің ішінде бірнеше жасуша көлеміне дейін
кішірейген. Барлық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінде спорофиттің
диплоидты кезеңі басым болады. Қылқанжапырақтылар да, гүлді өсімдіктер
де – спорофиттер: аталық пен аналықтың ұрықтануынан түзілген
жасушаларындағы хромосомалары жұп күйінде болады. Ал мейоздың
нәтижесінде түзілген гаплоидты кезеңдері көбею мүшелерінде бірнеше
жасушаларға кемиді.
5.
Қосарлы ұрықтану тән
A.
Ашықтұқымдылар
B.
Жабықтұқымдылар
C.
Балдырлар
D.
Мүктер
E.
Саңырауқұлақтар
6.
Жабықтұқымдылардың эндосперм жасушаларындағы хромосома
саны қандай?
A.
Гаплоидты
B.
Диплоидты
C.
Триплоидты
D.
Тетраплоидты
E.
Полиплоидты
7.
Жабықтұқымдылардың аналық гаметофиті
A.
Ұрыққапшығы
B.
Тозаң
C.
Микроспора
D.
Микроспорангий
E.
Ұрық
8.
Жабықтұқымдылардың аталық гаметофиті
A.
Ұрыққапшығы
B.
Макроспора
C.
Ұрық
D.
Макроспорангий
E.
Тозаң бидайы
28 – нұсқа