47
16 Әр түрлі бағыттағы арпа сапасын талдау
Арпа сорттарымен танысу. Әр түрлі бағыттағы арпа сапасын талдау.
Жұмыс мақсаты:
арпа фракцияларын оқу және берілген топтың ластануын
анықтау.
Әдебиет
МЕСТ 13586.2, МЕСТ 5060, МЕСТ 6378, МЕСТ 16470, МЕСТ 28672.
Құрал жабдықтар:
Бөлгіш, ПОЗ-1 аспабы, литрлік пурка, таға тәрізді магнит,
техникалық таразы, талдау тақтасы, d 1,5 мм және d 2,2х20 мм елеуіш.
Жұмыс тәртібі
Арпаны талдау кезінде міндетті түрде сапаның барлық көрсеткіштерімен бүкіл
партияның натурасын анықтайды. Одан басқа, әртүрлі бағыттағы табиғаттың міндетті
көрсеткіштерін анықтайды. Олар: сыра өндіру саласындағы – сыра дайындау кезінде ұсақ
дәндер мөлшерін, ірілігі мен өміршеңдігін; арпаның сыра өндіру өнеркәсібінде – ұсақ
дәндер мөлшерін, ірілігін, 5-ші күнгі өскін қабілетін анықтау.
Қосымша көрсеткіш ретінде, арпаның
сіріңділігін
анықтайды.
1.
Оргонолептикалық талдау.
2.
Зиянкестермен залалдануын анықтау.
3.
Металл қоспасын анықтау.
4.
Ластануды анықтау.
5.
Натуралық салмағын анықтау
1,2,3,5 пунктарындағы жұмыстар жоғарыда қарастырылып өткен лабораториялық
жұмыстар.
Ластануды анықтау
Орташа үлгіден 50 г арпа шөкімін алып,
1,5 мм елеуіште елейді. Елеуіште
қалғанды астық және шөпшар қоспасына қолмен бөледі. Барлық фракцияларды өлшейді
және пайызбен қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: