Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


V тақырып. Металдардың жалпы қасиеттері. І-ІІІ топтағы негізгі топшадағы металдар



бет20/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
V тақырып. Металдардың жалпы қасиеттері. І-ІІІ топтағы негізгі топшадағы металдар.
Жұмыс 1. Металдарды алу әдістері
І нұсқа

  1. Мыс (І) оксиді мен мыс (ІІ) оксидінен мысты көмірмен тотықсыздандырудың реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер

  2. Алюминді-термиялық әдіспен, 5% қоспасы бар, 90 г. марганец (ІV) оксидін тотықсыздандырған кезде қанша масса марганец алуға болады?

ІІ нұсқа

  1. Алюминдітеримиялық әдіспен хром (ІІІ) оксидінен хромды алу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  2. Егер шығымның массалық үлесі 90% болса, 960 г. темір (ІІІ) оксидін көмір (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру кезінде қанша масса темір алуға болады?

ІІІ нұсқа

  1. Көміртегі (ІІ) оксидімен тотықсыздану реакция теңдеулерін жазыңдар: А) қорғасынды оның жоғарғы оксидінен; Б) мысты оның мыс (ІІ) оксидінен Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер

  2. Алюминдітеримиялық әдіспен 52 г. хромды алу үшін, 10% қоспасы бар, хром (ІІІ) оксидінің қанша массасы қажет?

ІVнұсқа

  1. Молибденді оның жоғарғы оксидінен сутегімен тотықсыздандыру жолымен алудың реакция теңдеулерін құраңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  2. Егер мыстың шығымының массалық үлесі 85% құрайтын болса, 160 г. мыс (ІІ) оксидін көмірментотықсыздандыру кезінде қанша масса мыс алуға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет