Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Өндірістік және пәнаралық мазмұны бар тапсырмалар



бет33/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Өндірістік және пәнаралық мазмұны бар тапсырмалар
Бейметалдар

  1. Кремнийді өнеркәсіпте доғалы электрлік пештерде кремнеземді кокспен тотықсыздандыру арқылы алады:

t
Si2O+2C= Si+2CO↑
Массасы 80 кг кокс арқылы тотықсыздандыру үшін қанша масса кремзем алуға болады, егер кокстағы көміртегінің массалық үлесі 92% болса. Жауабы: 184 кг.

  1. Ақ фосфорды аппатит және фосфорит құрамында бар, кальций фосфатын кокспен тотықсыздандыру арқылы электрлік пештерде ауа қатысынсыз алады:

t
2Ca(PO4)2+10C+6 SiO2= 6CaSiO3+10 CO↑+P4
Фосфор буын су астында конденсирлейді. 248 кг. фосфор алу үшін құрамында көміртегінің массалық үлесі 90% болатын қанша масса кокс қажет? Бұл жағдайда өлшенген қ.ж. қанша көлем көміртегі (ІІ) оксиді бөлінеді? Жауабы: 266,7 кг.; 448 м3



  1. Фосфор қышқылы теориялық әдіс арқылы алу мынамен қорытындыланады, алынған табиғи фосфаттардан фосфорды жағады, түзілген фосфор (V) оксидін сумен әрекеттестірген кезде H3PO4 береді, суммарлық реакция теңдеуі:

4P+5O2+6Н2O=4 H3PO4
400 кг. фосфор қышқылын алу үшін қанша масса фосфор қажет, егер фосфор қышқылының шығымының массалық үлесі 80 % болса. Жауабы: 158,2 кг.

  1. Фосфор қышқылын алуының экстракционды әдіс негізінде табиғи фосфатты күкірт қышқылымен өңдеуді жатқызамыз:

t
Ca3(PO4)2+3Н2SO4 = 3CaSO4+2 Н3PO4
Түзілген қышқылды кальций сульфатынан фильтрлейді және буландырумен концентрлейді: құрамында 60 % Ca3(PO4)2 бар, 200 кг фосфариттен қанша массафосфор қышқылын алуға болады? Шығымның массалық үлесі 80%. Жауабы: 60,7 кг.

  1. Күкірт қышқылын көп уақыт бойы тек нитроздық әдіспен алды, оның негізі күкірт (ІV) оксидін азот (ІV) оксидімен су қатысында тотықтыру арқылы алумен қорытындыланады:

SO2+NO2+ Н2O= Н2 SO4+ NO↑
Осы әдіспен алынатын қышқылдың концентрациясы 75-76%, ондағы азот (ІV) оксиді бар болғандықтан оны қолдануды шектейді. Массалық үлесі 74 % (қыс.1,66 кг\л) болатын 100 л. күкірт қышқылы алынса, қанша масса күкірт (ІV) оксидін және суды әсер етті. Жауабы: 80,2 кг.; 22,6 кг.

  1. Жолжелкеннің кептірілмеген жапырағында фосфордың массалық үлесі 0,38%, ал кептірілген жапырағында- 2,51 % құрайды. Жолжелкеннің жапырағын кептірген кезде суды жою нәтижесінде қанша пайыз массасын жоғалтады? Жауабы: 84%, 86%.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет